Тəуелсіздік – тұғырым
Оқушы: Аманғали Аяулым
Жетекші: Рахимова Газиза Гиндуллаевна
Отан !
Отан!
Бəрінен биік екен
Мен оны мəңгілікке сүйіп өтем.
Мұқағали Мақатаев
Адам шыр етіп дүние есігін ашқанда алғаш көретін адамы ана болса, кіндігінің қаны
тамған жерді туған жер деп атайды. Алғаш денемізден бөлінген бір тамшы қанның
құдіреттілігі шығар туған жердің тауы да, тасы да қымбат. Мен егеменді елімнің, кең-
байтақ жерімнің бақытты, еркін өсіп жатқан ұланымын. Осындайда ойыма ақиық ақын
Мұқағали Мақатаевтың «Отан» атты өлеңі оралады. Өлеңдегі:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жəндігін сүйемін қыбырлаған,
Бəрі маған «Отан!» деп сыбырлаған – деген жолдар туған еліме деген бойымдағы бар
сүйіспеншілік пен махаббатты жайып салып тұрған секілді.
Мен ұшы-қиыры жоқ далада сағымы ойнаған, жері көкпеңбек кілемдей жайнаған,
Балқаштай балығы аттай тулаған, қарт Каспийдей шағаласы шулаған, Астанамда əлемді
жинаған көрмесі бар, жер астында алтын көмбесі бар, жері шұрайлы, табиғаты көркем,
халқы мейірбан Қазақстан деген елде тұрамын. Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға
дейін көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жердің иесі қазақ екенін, өзім екенімді ойлағанда кеудемді
мақтаныш кернейді. Кең байтақ жерімде Асан қайғы, Бұхар жырау бабаларымыздың ат
үстінде белі бүгілмеген, Қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай батырларымыздың
тұлпарының тұяғы дүбірлеген, Сүгір, Төлеген, Дина апаларымыздың үкілі домбырасынан
күй күмбірлеген, Кебек ең сұлу қыз Еңлікке сақина таққан, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу
махаббат отын жаққан, Төлеген Қыз Жібегін тапқан. Алаштың ардақтылары халқы үшін тар
жол, тайғақ кешуден өткен, ел тəуелсіздігі үшін желтоқсанда аға-апаларымыз жас қанын
төккен, егемендіктің арайлы ақ таңы атқан, дархан далада қазақы қаймағын бұзбай, береке-
бірлігі тасып жатқан егеменді елімде тұрамын. Туған елім, кең-байтақ жерім туралы
толғанысымды ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен тəмəмдағым келеді:
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымның жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!
Тəуелсіздігімізді тұғырында мəңгі ұстау, ұшы-қиыры жоқ кең көсіліп жатқан
жерімізді, ананың ақ сүтімен дарыған шұрайлы тілімізді, қасиетті дінімізді, халқымызды
қаншама нəубеттен аман алып келе жатқан береке-бірлігімізді көзіміздің қос
қарашығындай сақтау бабалар алдындағы парызымыз деп ойлаймын. Бабалар салған
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 73 -
сүрлеуден адаспай, ұлттық болмысымызды, қазақы қалпымызды, дəстүр-салтымызды
ұмытпайық, керісінше ұлықтайық, жас достарым! Тəуелсіздігім тұғырлы болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |