Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет202/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Сурет 1 – Бейімделудің тҥрлері 
К.Е. Бехмаханованың пайымдауынша, бейімделу- жеке тҧлға мен 
әлеуметтік орта арасындағы белгілі қарым- қатынас ҥрдісі және нәтижесі [3]. 
Студенттiң бiлiмдi меңгеруi мен білім алуға деген кызығушылығы және 
оның ҥлгерiмiнiң жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы 
студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен ӛзара 
қарым-қатынасының жақсы болуы ҥлкен әсер етедi. Сондықтан профессор-
оқытушылар қҧрамының студенттермен жҧмыс жасау жағдайы олардың 
бейімделуіне ҥлкен әсерiн тигiзедi.
Бейімделудің бiрiншiлiк және екiншiлiк деген тҥрлерi бар:
1. Бiрiншiлiк -бҧл кәсіби iс-әрекетте тәжiрибесi жоқ (ЖОО тҥлектерi) жас 
мамандардың бейiмделуi. 
2. Екіншілік -кәсiби iс-әрекетте тәжiрибесi бар (жҧмысты мәжбҥрлi 
ауыстыру жағдайында) мамандардың бейiмделуi. 


424 
Психофизиологиялык бейiмделу дегенiмiз - бҧл ағза ҥшiн жаңа 
физикалык және психофизиологиялық жҥктемеге, режимге, еңбек темпі және 
ритмге, ӛндiрiстiк ортаның санитарлық-гигиеналық факторларына, тамақтану 
және демалыс режимін ҧйымдастыру ерекшелiктерiне ҥйренуi [4]. 
Әлеуметтiк-психологиялык бейімделу - жаңа әлеуметтiк ортаға 
бейімделу, кәсiби тҧлға аралық байланыстар мен қатынастар жҥйесiне қосылу, 
жаңа әлеуметтік ролдерді мiнез-қҧлық нормаларын, топтың норма және 
кҧндылықтарын меңгеру, ӛзiн кәсіби ортаға теңестiру.
ЖОО-да оқып жҥргенде студенттердiң бейiмделуiне әсер ететiн 
факторлар: 
1. Студенттердің шамадан тыс кҥш жҧмсауына әкелетiн бейiмделудiң бiр 
факторы - кӛптеген оқу пәндерін оқу кезіндегі ғылыми деңгейi ҧлғайып 
тҧратын ҥлкен кӛлемдегi әр тҥрлi ақпарат және еңбектiң қарқындылығы. 
Хронометриялық бақылауларға сҥйенсек I және II курстарда студенттердің 
жҧмыс кҥні 10 сағатты қҧрайды, олар кҥніне 7 сағаттан кем ҧйықтайды, ӛздiк 
жҧмыстарға 3-4 сағат бӛлiнедi. Yйге берiлген тапсырмалар кӛбiнесе кешкiлiк 
уақытта және демалыс кҥндерi орындалады.
2. Екiншi фактор - стрессогендi. Студент әрқашан эмоционалды 
факторлардыңәсерiнде болады. Ол қиын сәттердi бастан ӛткізу мен алға қойған 
мақсатқа жетуiмен байланысты. ЖОО-ғы оқу, әсiресе, емтихандар уақытында 
эмоционалды стресске алып келуi мҥмкiн.Емтихандар уақыты студенттiң 
бейімделуіндегі қиын да кҥрделi кезең. Бҧл уақыт жеткiлiксiздiгi мен 
емтиханды тапсыра ма жоқ па екенiн анықтайтын жауапкершiлiгi ӛте жоғары 
болып табылатын стресстi жағдайлардың бiрi. 
3. Студенттердің бейімделуінің келесi факторы - қозғалыс белсенділігінің 
тӛмендеуi (гиподинамия). Бҧл шектеулi қозғалысты талап ететін жҧмыс 
жағдайы. «Гипокинезия» тeрминi тек қана қозғалыстың аздығымен 
сипатталатын жҧмысқа ғана емес, бҧлшық ет жҧмысына энергияның аз 
жҧмсалуына, бip қалыпта жҧмыс iстeугe, қозғалыстыңбiртeктiлiгiнe де 
байланысты. Осының бәpi студенттерге тән. Гипокинезияны әр тҥрлi 
гипертониялық аурулар мен патологиялық кҥйлeрдiңпайда болуына әсер ететін 
фактор рeтiндe қарастыруға болады.
Осыған сәйкес қазiргi жастардың жасына, жынысына, денсаулығына 
байланысты бeйiмдeлу жағдайына талдау жасау және «бeйiмдeлу деңгейін» 
денсаулықты сипаттайтын нeгiзгi ақиқаттың бiрi рeтiнe қолдану ӛзeктi 
мәсeлeлeрдiң 
бiрi 
деп 
eсeптeймiз. 
Бҧл 
жҧмыста 
бiрiншi 
курс 
студeнттeрiнiңжоғары оқу орынындағы оқыту рeжимiнiң eрeкшeлiктeрiнe 
сәйкес бейімделу кӛрсeткiштeрiн анықтадык. Кeйбiр зeрттeушiлeр теменгі курс 
студeнттeрiндe бeйiмдeлу мeханизмдeрiнiң тҧрақсыздығы жиi байқалатынын 
дәлелдеген. 
ЖОО-да әр тҥрлі кҥрделі мәселелер кездеседі: оқу және қарым-
қатынастың жаңа жағдайларына, оқу процесінің талаптарына бейімделу мен 
материалдық және тҧрмыстық мәселелерді шешу. Бірінші курс студенттерінде 
бҧл кезеңде қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайларын тҥйсінумен 
байланысты ӛтеді. Бірінші курс студенттерінің жаңа жағдайларға бейімделуі 


425 
кешенді сипатта болғандықтан оны зерттеу әр тҥрлі тҧрғыда қарастырылады. 
Осы айтылғандарға сай бейімделген студенттердің негізгі ӛлшемдерін бӛліп 
кӛрсетуге болады: таңдаған мамандығы бойынша білімді қажетті деңгейде 
меңгерудің қажеттігін тҥйсінуі; статусына, жас ерекшелігіне сай ЖОО-ң 
талабын орындауға дайындық деңгейі; оқу әрекетінің нәтижелілігіне студенттің 
эмоционалдық жағдайының әсері; студент пен басқа ҧжым мҥшелері арасында 
конфликтінің болмауы т.б. 
Сондықтан заман талабына сай, «Серпін» бағдарламасы бойынша білім 
алатын студенттердің жоғары оқу орнынан бейімделу ҥрдісінің дағдылары мен 
икемділігін қалыптастыру, яғни студенттің оқу ҥдерісі кезіндегі әр тҥрлі 
жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болу, қызметтестермен, 
оқытушылармен жағымды қарым-қатынас позициясын қҧруға ҧмтылу, 
мотивациясы мен білімін әрдайым заманның талабына сай жетілдіру аса 
маңызды болып табылады. 
Сонымен қорыта келгенде адам, қоғам және олардың арасындағы 
байланыста ҥнемі тҥрленіп, дамып, ӛзгеріп отыратын кҥрделі қҧбылыстар. 
Қазіргі ӛзгермелі қоғам жағдайында, кҥрделі экономикалық және саяси 
ӛзгерістер жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған 
байланысты, адамның бейімделуін зерттеу, адам мен оны қоршаған орта 
қатынасының динамикасын кҥшейтетін факторлардың ӛсуімен, қоғамның 
адамға қоятын талаптарының кӛбеюімен, тҧлға қалыптасуы мен дамуы 
мәселесінің маңыздылығымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет