Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет85/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Ҽдебиеттер 
1. С.Колосова «Агрессия и агрессивность» газета «Школьный психолог». 2000г. 
№26,27,28. 
2. Бютнер К. «Жить с агрессивными детьми.» - М., 1991. - 88 с. 
3. «Возрастная и педагогическая психология». / Под ред. А.В. Перовского. М., 1979.-288 с. 
4. Бекмуратова 
Г.Т. 
Мінез-қҥлқында 
ауытқушылықтары 
бар 
балалардың 
ерекшеліктері 
психологиялық 
тҧрғыда 
зерттеу.Этнопсихология 
және 
этнопедагогика,конференциядағы материалдар тезисі. -А.2005 ж 
LESSON STUDY ҼДІСІН ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
Аубакирова А.А. 
Аға оқытушы, магистр, физика және математика кафедрасы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық
 
Бизакова Г., Нұрғалиева А. 
Студенттер, физика және математика кафедрасы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық
Аннотация. Используя на уроке физики метод Lesson study, обучение проводится с 
применением рациональных методов технологий современного образования. Методика 
обучения 
заключается 
в 
повышении 
творческих 
способностей 
обучающихся, 
самостоятельности, командной работы и систематического обучения. 
Summary.In the lesson of physics, using the methodology of learning lessons, he aims to 
provide the latest technology of modern education using rational methods.The method of learning 
lessons contributes to the development of creative abilities of students, self – help, teamwork, 
systematic learning.
Ключевые слова: Lesson study, физика, новая технология, педагогический подход, 
профессиональное развитие, систематическое образование. 
Keywords: Lesson study, physics, new technology, pedagogical approach, professional 
development, formal education. 
Физика сабағында Lesson study әдісін қолдана отырып оқыту – оқушылардың 
шығармашылық ізденістерін, ӛз бетінше жҧмыс істеу белсенділіктерін арттыру 
барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту 
арқылы теориялық білімдерін тәжірибе жҥзінде дәлелдей білуге ҥйретеді. Осы 
аталған мақсатқа жетудің міндеттеріне тоқтала кетейік: 


193 
1) оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау 
2) оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру 
3) шығармашыл тҧлға қалыптастыру. 
Lesson study әдісін физика сабағында қолданудың тиімділігі оқушылардың 
танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу 
танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті кӛлемдегі білімді игеріп қана 
қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.
Lesson Study - мҧғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге 
бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study - оқушылардың 
білімдерін кӛтеру мақсатында ӛткізіледі. Қазіргі кездегі білім беру жҥйесінің 
міндеті – жастардың білімді ҥйреніп қана қоймай, алған білімін ҥздіксіз дамытып, 
оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. 
Lesson study-дің мәні де оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы 
оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған қҧрал болып табылады. 
Lesson Study әдісі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, 
ӛз бетімен жҧмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жҥйелі білім алуға 
жетелейді. Сонымен бірге ол ӛсіп келе жатқан ҧрпақты жаңа белгісіз жағдайда 
әрекет етуіне, олардың ӛз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, 
қоғам ӛміріне белсене қатысу ҥшін ақпаратты ӛз бетінше табу, талдау, 
қҧрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға тиімді 
жағдай туғызады. Яғни, біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы 
кеңейте аламыз. Топтық жҧмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылап, 
талдау арқылы ӛз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқушылардың 
сҧрақтарға толық жауап беруіне, оқуға деген қызығушылығын арттыра аламыз. 
Және де жҧп болып, топ болып жҧмыс жасап, сыныптастарымен теңесе 
отырып, ортақ іс-әрекетке араласып, ӛзінше ой тҥйе алған оқушы – мҧғалімнің 
ҧйымдастыра білген еңбегінің жемісі болмақ[1]. 
Lesson Study тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру негізінде оқушылардың 
білімін қалыптастырып ынтымақтастықта кәсіби дамытуды кӛздейді. Сонымен 
қатар Lesson Study іс – әрекетті зерттеудегі педагогикалық тәсіл болғандықтан 
мына кезеңдерді қамтиды: 
 Мақсаттарды анықтау 
 Сабақты жоспарлау 
 Сабақты бақылау 
 Сабақты талдау 
 Оқушылармен сҧхбат 
 Рефлекция 
Lesson 
Study 
барысында, 
Мҧғалім 
оқушылармен 
сыныпта 
ынтымақтастықпен бірлесе отырып, топтық жҧмыстар арқылы тапсырмалар 
орнындатып, қызығушылықтарын оятып, физика сабағына деген ынта, 
талпыныстарымен ҥйренуге деген жаңаша кӛзқарастарын қалыптастыра алады. 
Оларға бағыт–бағдар берумен қатар оқушының терең ойлануына, ӛз 
сыныптастарының пікірлерін де тыңдау арқылы ой тҥйіндеуіне, ӛз пікірін 
толыққанды жеткізіп дағдылануға, ізденімпаздыққа шабыттандыру арқылы 
сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Демек, бҧл тәсілдің оқыту мен 
оқуда ілгерілеушілік пен мақсатқа жету жолындағы қадамдарының нәтижесі 


194 
мол екендігіне кӛз жеткізе аламыз. Сонымен, мҧғалім оқушылармен 
ынтымақтастықта бірлесе отырып, кәсіби оқытуды дамытады. Оқушылар 
материалды толыққанды игеріп, ақпаратты ӛз бетінше ҧғады, зерделейді, 
қосымша ізденістер болады [2]. 
Физика сабағында алған білімдерін оқушылар кҥнделікті ӛмірмен 
байланыстыра алуын қамтамасыз ету бірінші міндет болып саналады. Физика 
пәні кҥрделі екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу мҥмкін емес, 
тҥсіну қажет! Міне осындай әр тҥрлі ойлардан кейін бала жҥрегіне жол тауып, 
білімге жетелеу ҥшін мҧғалім әр тҥрлі әдіс –тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа 
форматтағы оқудан кейін сабақ беру стилі кӛптеген ӛзгерістерге толы болады. 
Бҧған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары «Бҥгін физика 
сабағы ҧнады», «Маған ҧнағаны топпен жҧмыс жасап, сабақты 
талқылағанымыз». Оқушылардың белсенділігін арттыру ҥшін топтық, жҧптық 
жҧмыстармен қатар сапалы тапсырмаларды қолдану, есептер шешу арқылы да 
нәтиже мол болмақ. Осыған орай, әр сабақта оқушылар ӛздерінің болжамдары 
мен сҧрақтарын қҧрастырады, бір-біріне кеңес береді, ӛз алдына мақсат қояды, 
алынған нәтижелерді қадағалайды. Есептермен жҧмыс барысында оқушыларды 
әртҥрлі ой әрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге ҥйрете 
алады. Есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық 
мҥмкіншіліктерін кеңейтеді, физикалық білім деңгейінің жоғарылауына, мектеп 
курсын саналы қабылдауына жетелейді. Сонымен қатар ынтымақтастықта 
жасалған әрбір жҧмыс пен орындалған тапсырмалар оқушылардың ӛз 
қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, физиканың заңдылықтары мен 
қҧбылыстарын 
ҥйреніп, 
танып–білу 
дағдыларын, 
тапқырлықты, 
шығармашылықты, 
мҧқияттылықты, 
кеңістікте 
елестету 
қабілеттерін 
дамытумен қатар, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге кең мҥмкіншілік береді. 
Оқушылардың жаңаны білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен 
және ӛз іс - әрекетін бақылап, бағалай білумен қатар: 
-Берілген мәтінмен жҧмыс жасай алады; 
-Сҧрақтарға жауап беріп, қатесін тауып, ӛз бетімен жҧмыс жасауға 
ынталанады; 
-Алған білімдерін қолданып, тірек-сызбалармен жҧмыс жасай алады; 
-Қосымша материалдармен жҧмыс жасап, ӛз бетімен білім алуы ҥшін 
жоспар қҧра алады. 
-Проблемалық сҧрақтарды анықтап, жауап табуда ізденеді, талқылайды. 
Және де берілген ақпарат ҥзінділерімен жҧмыс жасау дағдылары қалыптасады. 
Ӛз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындауда, логикалық 
сызбаларды қҧрастыруда қолданады. 
Қазіргі таңда ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны 
тиімді пайдалана отырып білім сапасын арттыру негізінде жаңа әдіс – 
тәсілдермен, топпен жҧмыс жасаудың да маңызы ӛте зор. Ол ҥшін мҧғалім 
тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, 
оқушылардың топтық жҧмысының нәтижесінде олардың ӛз бетімен тақырыпты 
тҥсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері 
жетелеп отырады. Соңында оқушылар ӛздері қорытындысын шығарып


195 
практикалық жҧмыстармен бекітеді.Жаңа технологияның тиімді әдіс- 
тәсілдерін ҧрпақтың бойына сіңірте білу ҧстаздардың басты міндеті. 
Жаңа технологияның тиімділігі сол. 
Оқушы:
- мақсат қоюға ҥйренеді; 
- есте сақтау қабілеттері дамиды; 
- басқалармен бірігіп жҧмыс жасайды; 
- кітаппен жҧмыс жасауға ҥйренеді; 
- ӛздігінен ізденіп, әрекет жасауға ынталанады; 
- қатарынан қалмауға тырысады; 
- дарынды оқушылар ӛз қабілеттерін одан әрі бекіте тҥседі; 
- оқу - танымдық қызметтегі белсенділігі жоғарылайды; 
- әлсіздер оқуға ниет білдіріп, ӛзіне деген сенімсіздіктен арылады; 
- оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы артады; 
- ӛздігінен жҧмыс істеуге дағдыланады; 
- ӛз іс - әрекетін бақылап, бағалайды; 
Мҧғалім: 
- жҥйелі тапсырма беруге ҧмтылады; 
- оқушыны жан-жақты танып біледі; 
- қарым қатынас орнатады; 
- оқушылардың ӛзара әрекеттесуіне жол ашады; 
- оларға шығармашылық еркіндік беріледі[3]. 
Альберт Эйнштейн айтқандай: «Мен еш уақытта ӛз оқушыларыма еш нәрсе 
ҥйретпеймін – тек қана олардың оқуына жағдай жаратамын» қазіргі уақытта
қолданыстағы жаңа технологиялардың нәтижесінде оқыту мен оқудағы тың 
ӛзгерістер мен жаңалықтардың кӛптігінен, оқыту әдіс – тәсілдерін пайдалану оқу-
тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мҧғалім мен оқушылардың ӛзара 
байланысты іс-әрекетіндегі нәтижелі жҧмыстардың бірі деп айтуымызға болады. 
Бҥгінгі кҥнде білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа 
жетумен алға қойған міндеттерді шешуде оқушылардан шынайы ізденіспен 
талпынысты, қабілет пен қажеттіліктерді ҥздіксіз дамытуды талап етеді. 
Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты оқушыларды ӛзгермелі ӛмірден 
қорықпай, еркін ӛмір сҥруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап 
алатындай дәрежеге, ӛз бетінше жҧмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, 
аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы ӛмірде дара 
тҧлға болып қалыптасуына ықпал ету, бағыт – бағдар беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет