59
Қазіргі педагогикалық білім беруде болашақ мамандардың кәсіпке деген
мотивациясын кҥшейту, олардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру, тҧлғаның
шығармашылық әрекетке дайын болуын қалыптастыру арқылы кәсіби іс-
әрекетте жетістікке қол жеткізу ҥшін жеке мҥмкіншіліктерін анықтау мен
пайдалануды қамтамасыз ету алдыңғы орынға шығарылады.
Осы дәрежеге
жету жас ҧрпақтың дамыған ғылым мен техниканы жете меңгеріп, кәсіптік
шеберліктің шыңына жетуге бағдарлануы жас маманның акмеологиялық
әлеуетінің дамуына мҥмкіндік береді. Бҧл ретте кешенді ғылым ретіндегі
акмеологияның алар орны ерекше [2]. Сонымен қатар акмеология бағытындағы
ғылыми зерттеулер ӛз ҥлесін қосты. Олардың қатарында:
- кәсіби колледж оқытушысының акмеологиялық қҧзыреттілігін дамыту
Н.А. Филонова;
-
студенттердің
ӛмірлік-маңызды
қҧндылықтарын
дамытудың
психологиялық-акмеологиялық ерекшеліктері В.А. Семикова;
- педагогтың кәсібилігін дамытудың психологиялық –акмеологиялық
моделі Л.В. Абдалина;
- басшының кәсіби қҧзыреттілігін дамытудың
акмеологиялық моделі
Т.В. Крюкова;
Бeлгiлi ғaлымдap (А.А.Деркач [3], Б.Г.Ананьевтің [4], Н.В.Кузьмина [5]
т.б.) «акмеология» ҧғымын кемелденген адамның дамуы жӛніндегі ғылым
ретінде еңгізіп және ӛз еңбектерінде акмеологияны тҧлғаның ашылмаған
әлеуетін дамыту apқылы қapacтыpaды.
A.А.Деркач пен Н.В.Кузнецов бойынша «акме»: адам ҥшін, оның белгілі
бір уақыт кезеңіндегі кәсіптік дамуының деңгейін білдіретін психикалық
қалып; ең жоғары ӛнімділік сәті, адам жасаған қҧндылықтардың ең жоғары
мағыналы кезеңі.
Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын,
оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. «Акме» ҧғымы
кәсібиліктің шыңына
шығу сол арқылы ӛмірде табыстарға жету, шығармашылық әлеуеттің дамуы
мен адамның шығармашылық әрекет жағдайында ҧзақ болуымен тҥсіндіріледі
[6].Акмеология – бҧл адамның шығармашылық әлеуетінің шыңына қол
жеткізудің заңдылықтарын, жолдарын,
тәсілдерін, шарттарын және есею
кезеңінде іс-әрекет барысында оның ӛзін-ӛзі жетілдіруінің амалдарын
зерттейтін кіріктірілген ғылым.
Б.А.Тҧрғынбаева бойынша педагог маманның АКМЕ жағдайға жету
сатылары: шеберлік, кәсібилік, қҧзырлылық, акме.Педагогикалық
акмеология
педагог тҧлғасы жетілуінің деңгейлері мен кезеңдерін, сонымен бірге «әлеует»
деңгейін анықтайды.
Әлеует (Потенциал; лат. potentia — кҥш) — қолда бар және белгілі бір
мақсаттарға қол жеткізу, қандайда бір тапсырмаларды орындау ҥшін
жҧмылдырылуы мҥмкін қҧралдар, кӛздер, қорлар.
Достарыңызбен бөлісу: