Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет64/210
Дата09.11.2023
өлшемі5.34 Mb.
#482770
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   210
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЖАҢАРУЫ МЕН ЖАҢҒЫРТУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ 31 01 2019

Ҽдебиеттер 
1. Мҧғалімге арналған нҧсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. ―Назарбаев Зияткерлік 
мектептері‖ ДББҦ 2012 ж. 
2. Педагогикалық диалог №2 (4), 2013 ж; №2 (8) 2014 ж. 
3. «Білім берудегі жоғары сапа және кӛшбасшылық -2013», ―Назарбаев Зияткерлік 
мектептері‖ ДББҦ халықаралық конференция жинағы, 2013 ж. 
4. А.Гин. Приемы педагогической техники. Москва, 2011 
 
ТҼРТІБІ ҚИЫН ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТҼРБИЕЛЕУ 
 
Қара Ә.Б. 
Аға оқытушы, магистр, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық 
 
Тәжібай Ф. 
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 4-курс студенті 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан, Арқалық 
Аннотация. В данной статье рассмотрены содержания понятий «нравственность», 
«нравственное воспитание», «трудный ребенок». Проанализированы научные исследования 
ученых о воспитании трудных детей. Определены некоторые пути нравственного воспитания 
трудных детей. 
Ключевые слова: нравственность, нравственное воспитание, поведение, трудный 
ребенок 
Summary. In this article maintenances of concepts are considered "morality", "moral 
education", "difficult child". Scientificresearches of scientists are analysed about education 
ofdifficult children. Some ways of moral education of difficultchildren are certain. 
Key words: morality, moral education, behavior, difficult child 
Тәрбиедегі адамгершілік идеясын жҥзеге асыру, мектепте оқытудың 
педагогикалық жағдайын жасауға бағдарлау, тәрбиеленушінің жеке даму 
субъектісі ретінде ӛз бетінше жҥру жолын таңдауы тәрбиелеу мен оқыту 
ҥрдісін ҧйымдастырудың негізі болып табылады.
Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда 
әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде кҥн тәртібінен тҥспей отырғаны 
мәлім. Мҧның ӛзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға ӛсіп отыруымен 
байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» кӛбінесе 
жасӛспірімдер жатқызылса, бҥгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының 
арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын 
оқушыларды» ерте жастан – бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, 
олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мҥмкіндік жасалуы қажет. 
«Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жҥйесінде адамгершілік тәрбиесі аса 
маңызды орынға ие болады.


145 
Тәртіп – қоғамда қалыптасқан қҧқық, мораль нормаларына немесе қандай 
да болсын ҧйымнын жарлық талаптарына адамдардың мінез-қҧлқының 
сәйкестігін бейнелейтін қандай да болсын қауымдастықта, адамдардың тіршілік 
әрекеті сферасында реттіліктің ҧйымшылдықтың сапалық сипаттамасы. 
Оқушылардың тәртібі – оқу орынында белгіленген тәртіпті қатаң және дәл 
сақтау, ӛз міндеттерін, мҧғалімдер мен оқушылар ҧжымының талаптарын 
мҥлтіксіз орындау, ӛз борышына саналы қарау [1]. 
Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам 
кӛзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиесінің 
жеке тҧлғаны қалыптастырудағы ролі ӛте зор. 
Адамгершілік қатынастар, адамгершілік тәрбиесі туралы бірқатар 
ғалымдардың К.О.Тюменова, В.М.Коратов, И.С.Марьенко, И.Ф.Харламова, 
И.М.Бодырев, И.В.Иващенко, Л.П.Иллорионова, Г.Х.Махмудова, Л.И.Романова., 
А.Меңжанова және т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. 
Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманда болмасын ойшылдардың, 
ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі. 
Классикалық педагогиканың ӛкілдері Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, 
Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренконың еңбектерінің негізгі ӛзегі 
адамгершілігі мол саналы азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ 
ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Қҧнанбаев, М.Жҧмабаев, 
А.Байтҧрсынов т.б. ӛздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде 
балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлер айтып, ғылыми 
қҧндылығы жоғары мҧралар қалдырған. 
Адамгершiлiк – (орысша нравственность) қоғамдық ӛмiрдiң объективтiк 
заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып 
табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ҧғым [2]. 
Адамгершілік – адам ӛмірінің рухани негіздерін қҧрайды, ойластырады, 
болжайды және адамзат қҧндылығын қалыптастырады.
Адамның адамгершiлiгi – оның жоғары қасиетi. Оның негiзгi белгiлерiнiң 
бiрi – адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ҧмтылу, 
соған дайын болу.
Адамгершілік тәрбиесі – белгілі мақсатқа негізделген кӛзқарасты, сенімді 
парасатты, мінез-қҧлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастырудағы және 
адамгершілік сезімді, ҧлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуда, жалпы 
адамзаттық қҧндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық 
тәрбиенің қҧрамдас бір бӛлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бҥкіл жҥйесі 
гуманистік мазмҧнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақты дамып 
жетілуіне бағытталған [3].
Халықта: «Ҧяда не кӛрсең, ҧшқанда соны iлерсiң» деген мақал бар. 
Тәлiм-тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де 
қалыптаспайды. 
Егер біз ертеректегі ғҧламалардың еңбектеріне жҥгінсек, осы пікіріміздің 
дҧрыстығына кӛз жеткіземіз. Оған әл-Фарабидің: «... Адамға ең бірінші білім 
емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас 
жауы, ол келешекте оның барлық ӛміріне апат әкеледі» деген сӛзі дәлел. 


146 
Қазіргі таңда тәлім-тәрбие, әлеуметтік педагогика және психологияға 
арналған баспасӛз беттеріне ҥңілсек мектептегі қиын оқушыларддың қылмыс 
жасау фактілері, темекі шегу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, нашақорлық 
сияқты жағымсыз әдеттердің белең алғаны аңғарылады. Оқушылар мҧндай 
әрекеттерге ересектердің (ҧстаздар мен ата-аналар) кҥнделікті бақылауынан тыс 
қалғанда бой ҧратыны белгілі. 
Мінез-қҧлықтағы қиындық және қиын балалар ҧғымын зерттеу және 
бақылау 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында 
емес, кҥнделікті ӛмірде қолданылып жҥрді. Біраз уақыт қолданылған ғылым 
ҧмтылып, 1950-1960 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазір де 
бҧл терминдер ғылыми сӛздіктерде нақты орын алып отыр. Мінез-қҧлық 
мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г.Баженов, 
Р.А.Дебагян, А.Жҧмабаев, К.А.Жҥкенова, А.М.Қарабаева, Л.К.Кермиов, 
В.П.Кривошеев, Л.В.Лысенко, М.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифонов, 
В.П.Шевченко, Э.И.Шнибекова, Г.А.Уманов және А.Байсымақ жҧмыс жасады. 
Бҧл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің 
қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. 
Қиын балаларды педагогикалық тҧрғыдан айқындауда А.С.Белкин мен 
А.Н.Кочетов 
баланың 
денсаулық 
жағдайына, 
физиологиялық 
және 
психологиялық ерекшеліктеріне баса кӛңіл бӛлді. Ал психолог әрі педагог 
ғалымдар А.Жҧмабаев, Л.М.Зообин, И.А.Невский, Г.А.Уманов, В.В.Трифонов, 
т.б. қиын балалардың мінез-қҧлық ӛзгешеліктері туралы, дҥниетанымдары мен 
ӛмірге деген қҧлшыныстары, ҧстанған бағыттары жайлы статистикалық 
мағлҧматтар жинап, сол арқылы олардың жҥріс-тҧрысындағы қоғамға жат 
қҧндылықтарын осы тҧрғыдан жіктеп кӛрсетіп, осы бағытта танып-білуді 
дҧрыс деп есептеді. Г.А.Уманов «қиын» балалар мәселесін зерттегенде, оның 
себептерінің бірі – әке-шешесінің маскҥнемдігі, әкесіз, бақылаусыздық, 
орынсыз 
қаталдық, 
ҧрып-соғу 
екендігін 
анықтаған. 
В.В.Трифонов 
зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы – бҧл кҥнделікті педагогикалық әсерге 
кӛне бермейтін, ӛзіне ҥнемі қосымша уақыт бӛліп қарауды, мҧғалімнің ерік-
жігерін, кҥшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесімен айналысқан қазақстандық белгілі 
ғалым Л.Керімов әлеуметтану мен заң ғылымдарында, психологиялық және 
педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, кәмелетке жасы толмаған 
қҧқық тәртібін бҧзушылар, педагогикалық тәртібі нашар оқушылар, «қиын» 
балалар сияқты терминдік ҧғымдарды анықтайды. Біріншісіне кәмелетке жасы 
толмаған қҧқық тәртібін бҧзатындар небір жағымсыз жағдайларға байланысты 
дау-жанжал шығаратын, арақ-шарап ішіп, жеке меншік пен қоғамдық 
мҥліктерге қол сҧғатындарды жатқызады. Олардың мінез-қҧлықтарында, жҥріс-
тҧрыстарында жалқаулық, қатыгездік, бастаған ісін аяғына дейін атқармау, 
әртҥрлі ҧрлықтар жасау, т.б. қылықтар кездесіп отырады. 
Педагогикалық тәртібі нашар балаларға айналасымен қарым-қатынастарда 
жағымсыз қылықтар мен әдет-дағдылар кӛрсеткенімен, мҧндай ерекшеліктер 
мінез-қҧлықтарында тиянақты қалыптаспағандар жатады. «Қиын» балалар 
қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, ӛзін 
тӛмен санайтын, мінез-қҧлқында психопатиялық формалар кездесетін, дәрі-
дәрмек беру арқылы қозу кҥйін тежейтін балаларды жатқызады. 


147 
Сонымен 
қатар 
Л.Керімов 
қиын 
оқушылардың 
адамгершілік 
сапаларының тӛмендеуіне отбасы тәрбиесінде кеткен қателіктермен қатар, 
мҧғалім мен олардың арасындағы қарым-қатынастар жҥйесіндегі кемшіліктерді 
де бӛліп кӛрсетеді: 
1. Мораль белгілері мен заң ережелерін ҧстамауға бейімділігі бар 
оқушыларды алдын-ала айқындай алмау. Мҧғалімдердің кейбіреулері 
оқушының дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбиесі нормасынан ауытқу 
себептеріне кӛңіл аудармаған. Мектеп ҧжымы тәрбие жҧмыстарын жоспарлы 
қадағаламаған. 
2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмай, яғни жеке психологиялық 
ықпалдар жасай алмаудан барып, этикаға жатпайтын тәсілдерді: ҧрысу, әрбір 
«қылықтарын» талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай да бір жӛнсіз 
«әрекеттер» болсын оны сол балаға жабу, кемсіту т.б қолданған. Дҧрыс 
қолданылмаған шара оқушының ыза-кегін туғызып, қарсылық кӛрсетеді. 
3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің тӛмен болуы және 
психологиялық тҧрғыдан балалармен жҧмыс жҥргізуге дайындығының 
жеткіліксіздігі, ӛз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жҧмыстарын ӛткізу 
мен ҧйымдастыруда әдістемелік шеберліктерінің тӛмен болуы себеп болған. 
Олар қиын балалардың денсаулық жағдайынан хабардар болмаған. Себебі, 
кӛптеген педагогтар жҧқпалы аурулардың тҥрлерін, олардың барысын 
білмейтіндігі анықталды. 
Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде 
«қиын» оқушыны анықтауды, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын 
білуден бастауды ҧсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны 
ерекше екенін тҥсіндіре келіп, оқушыны қиын атануға алып келетін ата-
аналардың балалармен, мҧғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы 
бірнеше кемшіліктерді кӛрсетіп берген. Бҧл қиындықты шешудің негізгі 
бірден-бір жолы – отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату [4]. 
Қиын 
бала дегеніміз педагог-ғалымдардың 
ғылыми 
тҧрғыдан 
дәлелдеуінше, табиғатында дҧрыс жаратылған дені сау, қабілетті бала. Оның 
ӛзгелерден айырмашылығы отбасында және мектепте ойдағыдай жеке-дара 
педагогикалық тәрбиеге зәрулігінде ғана. 
Қиын оқушылардың жасаған бҧзақылықтары бірнеше топқа бӛліп 
қарастырылады: 
- Мектептегі бҧзақылық; 
- Қоғамдағы бҧзақылық; 
- Денсаулығына байланысты жасаған бҧзақылық; 
Бірінші топқа кҥнделікті мектеп режимін бҧзатын, оқығысы келмейтін, 
мектептен алшақтап жҥретін, кішігірім ҧрлық жасап, анда-санда темекі тартып, 
арақ ішетін оқушылар жатса, екінші топқа осындай ерекшеліктерімен қатар 
қоғамдық орындарда бҧзақылық жасап, қоғам мҥліктерін тонайтын балаларды 
жатқызуға болады, ал ҥшінші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы ӛз жасына 
қарай дамымаған, жҥйке жҥйесі әр тҥрлі ауруларға (неврастения, невроз, 
эпилепсия, психопат, т.б.) ҧшыраған жасӛспірімдер жатады. Осылардың 
барлығы «қиын» оқушылар қатарын қҧрайды.


148 
Біріншіден, бҧған қоғамдық жағдай мен ӛмірдегі тҧрмыс жағдайы 
себепші болады.
Екіншіден, балалардың мінез-қҧлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен 
психикасының ӛзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы. 
Ҥшіншіден, педагогикалық тәрбиесінің дҧрыс болмауы. 
Әлеуметтік жағдай:
- бақылаусыздық;
- назардан тыс қалуы;
- бос уақыттың ҧйымдастырылмауы;
- отбасының толық болмауы. 
Психологиялық жағдай:
- балалардың дер кезіндегі педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы; 
- оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;
- балаға балдырған кезден қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқаны 
орындалмауы;
- балаға жасынан толық еркіндік беру.
Бҧдан 
басқа 
ата-аналардың 
отбасындағы 
келіспеушілігі, 
ӛз 
жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспауы, сенім білдірмеуі, 
мінез-қҧлық ерекшелігін ескермеуі, ҧлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер 
де баланың бҧзылуына әсер етеді. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана 
арасындағы байланыстың әлсіздігі, мектепте сынып жетекшінің баланың 
педагогикалық, психологиялық даму заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне 
қарай зерттемеуі, қҧрғақ уағыз айту, баламен санаспау, сенімсіздік тудыру 
сияқты себептер де ӛзіндік ықпалын тигізеді. 
Сол себепті, «қиын» деген оқушының ӛзі бҧзылған бала емес екенін 
ескеру керек. Сондықтан «қиын» бала тәрбиесінде мына жайттарды ерекше 
есте сақтаған жӛн: 
1. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып рухани дҥниесін терең зерттеп 
білу, жҥрекпен сезініп, оған қайырымды болу керек. 
2. Баланың ішкі дҥниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін және мінезін 
тҥсіну ҥшін оның дамуына не қажет екенін білу керек. 
3. Мейірім мен сҥйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін 
ҧғыну керек. 
4. Психологиялық тҥзету кезеңінде тек қана тӛзімділік керек. 
5. Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқынқанды, ҧстамды 
болу қажет. 
6. Баланың саналы тҥсінігіне сенім кӛрсетіп, әділетті болу керек. 
7. Қҧр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін ҥнемі бетіне 
баспау керек. 
8. Орынсыз жазаламау керек. 
9. Жан жылуын зәруліктен қҧтқару, бала қҧқығымен санасу қажет. 
10. Жеке тҧлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет[5]. 
Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып тәрбиеленуі қиындардың 
әрқайсысына әр тҥрлі қатынас жасау, оларды жеке-жеке бақылап, әрқайсысына 
арнап жасалған жҥйелі тәрбие жҧмысын жҥргізу қажет. Тәрбиесі «қиын» 


149 
балалрды тәрбиелеу – білгірлігі мол факторлы қҧбылыс, оны іс жҥзіне асыруда 
ата-анаға кӛмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтар мен 
психологтарға, заң қызметкерлеріне жҥктеледі. Ӛйткені, «қиын» бала тәрбиені 
ҧйымдастыруға икемі жоқ отбасылардан шығады. 
Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бҧзуға ең бірінші тҥрткі болған 
оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ҧшыратады да, ол 
қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Тәртіп бҧзу осыдан шығады. 
Тәртіп бҧзушылықтың салдарының негізі – сабаққа ҥлгере алмаушылық. Кейбір 
оқушылар тәртіп бҧзуын ӛзінше батырлық деп санайды. Мҧны ӛзгелердің 
кӛзінше кӛрсеткісі келеді. Бҧл мінез кӛбіне бала мінезінің дҧрыс 
тәрбиеленбеуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті 
баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан 
іздестіруге болмайды. Ӛйткені, тәртіп бҧзу баланың тек ӛзіне байланысты емес, 
оның ҥй ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата-ана бірлігінің жоқтығына, 
баласына қойған талаптың әртҥрлі болып келуіне байланысты. Бала ҥнемі 
жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, ӛсуі қажет. 
Қиын баламен жҧмыс істеудің тәсілі мен жолдарын бірқатар мҧғалімдер, 
әсіресе жас мамандар жете біле бермейді, ал кейбіреулері балаға шын ниетімен 
жаны ашып, жҥрегі ауырып қарамайды. Кҥнделікті сабақ оқыту ҥрдісінде, 
сыныптан тыс тәрбие жҧмыстарында елеулі педагогикалық қателіктер жіберіп 
алады. «Мына бала қандай еді?», «Қалай ӛзгеріп кетті?», «Жаман әдеттерді 
қайдан ҥйренеді?», «Неге озбырлық жасауға бейім тҧрады?» т.с.с. сҧрақтар 
әрбір ҧстазды ойландырады. Ата-анасын, жҥрген ортасын қосқанда, оның 
тәрбиесіне бірнеше адамның қатысы бары рас. «Қиын» деп жҥрген баланың 
мінез-қҧлқына, тҧрмыс жағдайына зерттеу жҥргізбей-ақ ҧрысып, тҥрлі шаралар 
қолдану, оң нәтиже бермейді. 
Ҧрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын кӛкейкесті 
мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамды алаңдатып 
отырған маңызды мәселе – тәрбиесі қиын оқушылар санының артуы. Қиын 
оқушылар ӛмір тәжірибесінің аздығынан, кӛбінесе ерік-кҥшінің жетіспеуінен, 
берік қалыптаспауынан кездескен қиындықты жеңе алмай қиналады. Тәртібі 
қиын оқушылардың сенімсіздігін жою ҥшін сыныпта және сыныптан тыс 
уақытта ӛз бетінше орындай алатын тапсырмаларды беру қажет. Оқушыға ӛз іс-
әрекетінің жетістігін кӛру ӛзіне деген сенімін арттырып, адамгершiлiк мiнез-
қҧлық нормаларын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   210




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет