Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
12-1091 журн Сборн

Пайдалынылған әдебиеттер: 
1. В.С. Аванесов. Теория и практика педагогических измерений. ЦТ және МКО УГТУ-
УПИ 2005 ж. 
Қойшыбаева Рысжан Құсайынқызы 
Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған
физика-математика лицей-интернаты 
физика пәнінің мұғалімі
 
 
 
Физика пәнінде жаңа технологияларды қолдану 
 
«Мектептің жаны – мұғалім», деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың нақыл сөзі 
бар. Оқушының бағытын тануға бастауыш сынып жол көсетсе, жоғары сыныпта шәкірт 
шабытының қай тұста топтасқанын анық байқауға болады. Бүгінгі шәкіртіміз, ертеңгі 
студен екенін ескерсек оның сабақ барысындағы қабілетіне қарай отырып, оның 
келешектегі мамндығына мән бере аламыз. Ұстаздық қызмет қызығы мен қиындығы қатар 
жүретін мамандық қатарында. 
Білім ордасында оқушыларға физика пәнінен сабақ жүргіземін. Қашанда озық ой 
көрсетіп, тың тәжірибие жасауға тырысып, шәкірттеріме тапсырмалар беріп отырамын. Әр 
сабақ барысында пәнімнің ерекшелігі мен қызығын, өмірдегі қажет тұстарын айтып отыру. 
Өйткені оның сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технологияларды меңгере 
отырып, білімді қалай санасына сіңіргенін байқамай қалады. Ш.Амонашвили айтқандай 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
21 
«Мұғалімнің ең үлкен қасиеті, оның оқушыға қарап күлімсіреуі». Сонымен оларға жаңа 
технологиялар және ақпараттық технологиялар, түрлі компьютерлік бағдарламалар мен 
көрнекіліктерді көрсету арқылы түрлі мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Мысалы 7-
сыныпта «Физикалық шамалар және өлшемдер» бөліміндегі «7.1.1.1 фи-зикалық құбылыстар, 
физикалық шамалар және өлшем бірліктерге мысалдар келтіру» оқу мақсаты бойынша 
қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін оқушыларға Жер туралы шағын мәтін ұсынамыз. 
Оқушылар мәтінді оқып, ондағы физикалық шамалар, құбылыстар мен ұғымдарды табады. 
Мысал ретінде қалыптастырушы бағалау ұсынамыз. Айталық, Жер – Күн жүйесіндегі Күннен 
әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік 
(собықшалы) орбита бойымен секундына 29,765 км жылдамдықпен 149,6 млн км орташа 
қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оқушылардың 
білу және түсіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, құбылыс, зат, дене, физикалық 
шамалар, өлшем бірліктері бойынша түсініктерін ажырата білуге ұсынған осындай үлгідегі 
тапсырмалар тестік тапсырмаларға қарағанда, игерген білімдерінің жаттанды болмай
қолданбалы сипатта болуына жақсы мүмкіндік береді. Мұның барлығы біздің тәжірибеміздің 
мақсатты үлгісі болып табылады.
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің 
заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау 
салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, 
шешім қабылдауға дағдыланады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда 
сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді 
сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады. 
Әр дәуірдің өзіне тән ерекшелігі мен даму үрдісі бар. Қазір әлем күн санап өзгеріске 
ұшырап жатқаны мәлім. Соған орай барлығы өзгеріске дайын болып, оған жоғары ұмтылу 
қажет. Ал ұстаз оқушыға білім беру үшін өзі де ақпараттық технология мен жаңа 
технологияларды меңгергені абзал. 2020 жылы індет жайлаған тұста өздігімізден үйреніп, 
әрбір бағдарламаны уақытында пайдалана алдық. Яғни адам қажет болған сәте тез меңгеріп, 
оны балаға да игерте алатынын аңғарған болатынбыз. ХХІ ғасыр ақпараттану заманы. 
Ақпараттық технологияларды меңгеру басты мақсат. Ақпараттандырудың бағыты
XXI 
ғасырдың 
талаптарына 
сәйкес 
қоғамды 
дамытудың 
жоғары 
тиімділікті 
технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі білім 
жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргелігінің алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу 
мүмкіндіктері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет