Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Саттыбаева Диана Аскаровна



Pdf көрінісі
бет12/31
Дата17.02.2023
өлшемі0.93 Mb.
#469703
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
12-1091 журн Сборн

Саттыбаева Диана Аскаровна
Астана қаласы әкімдігінің 
№ 6 «Көктем» балабақшасы МКҚМ
тәрбиеші

 
 
Балабақшадағы ойын балалардың дамуына пайдасы 
 
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады, 
ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А Сухомлинский. Жаңа қоғамға лайықты 
тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере 
отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың 
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа 
технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды 
әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі 
балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып 
олардың ой− өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін 
дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін 
қалыптастыру қажет. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі 
көрсеткіштердің бірі - ақпараттану болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық 
әрекетінің нәтижесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді 
тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызықты өткізуге тырысамын. Инновациялық 
технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
23 
меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша 
дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды 
мынадай жетістіктерге қол жеткіздім. Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр 
баланың жеке қабілеті анықталды; бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай алады, 
қорытынды жасай алады. Білім саласындағы өзгерістерді нәтижелі шешу үшін, оқыту 
үрдісінде инновациялық технологияларын, соның ішінде шет елдік тәжірибелерді,
З. А Михайлова, Мария Монтессори мектебінің элементтерін біз пайдаланып келеміз. Себебі, 
осы авторлардың педагогикасының негізі әдіс тәсілі дамытушы ортадағы балалардың еркін 
іс-қимылы, ойыны мен қызығушылығын дамытады. Ойынның барлық кезеңдерінде баланың 
қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды; өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, 
бала одан әрі нәтижелі дамиды. Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге 
тәрбиелейді, тез әрі тереңнен ойлау қабілетін дамытады. Еліміздің өсіп –өркендеуіне сай, 
заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық 
өмірге икемделген, білім мен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы 
алдындағы жауапкершілікті сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде, таңдаған 
өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу білім беру ұйымдарына жүктеледі. 
Балалар ойын арқылы қоршаған әлеммен өзара әрекеттеседі. Ерте балалық шақтағы 
еркін ойында зерттеу, эксперимент, жаңалық ашу және оқытуға зор үлесі бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның 
ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ 
халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға 
деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық 
қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын 
түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл,танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, 
дербес) арқылы ұйымдастыратын 
іс-әрекет жүктеліп отыр.Осы алғашқы оқу жылынан бастап балалармен 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы мен жалпы бала қабылдауынан бастап тек ойын 
түрінде өткізілу мақсатталды. 
Ойынның бала даумына пайдасы зор. Бала балабақшаға келгенен бастып тәрбиешінің 
дайындығы өте жоғарғы дәрежеде болы керек. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
24 
Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға 
байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-
рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар
театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ 
тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт- бағдармен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-
анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз. Мен өз тәжірибемде 
оқу іс әрекетерді ойын түрінде өткізгенді жөн көрем. Себебі, ойын арқылы бала материалды 
тез ұғынады. Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін,зейін 
тұрақтандыруға, аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған ойындар топтамасын ұсынып 
отырамын. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, 
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн 
бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір 
өнердің бастауы деп білеміз. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын 
кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсерді 
ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың 
шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің 
өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Ойын арқылы бала болашаққа жол табады 
деген сеніммен айта аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет