Республиканское государственное учреждение



жүктеу 110.09 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі110.09 Kb.


Қ Р Әділет министрлігінде 2014 жылғы 10-ші қарашада № 9866 тіркелген


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2014 жылғы 24 қыркүйек


Алматы қаласы



№ 179
город Алматы





Екінші деңгейдегі банктердің

кредиттік портфельдерінің сапасын

жақсартуға маманданған ұйымның

қызмет түрлерін жүзеге асыру

қағидаларын, сондай-ақ Иеленетін

(иеленген) күмәнді және үмітсіз

активтерге қойылатын талаптарды

бекіту туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 215 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7865 тіркелген, 2012 жылғы 13 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 603 (27676) жарияланған);

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалауды және иемденуді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Иемденетін (иемденген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 4 шілдедегі № 215 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9102 тіркелген, 2014 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 6 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 45 (28269) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 179 қаулысына



1-қосымша

 

 

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары
Осы Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) Заңның 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) күмәнді және үмітсіз активтер – қарыздар Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптардың 2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда, олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борышы және (немесе) есептелген сыйақысы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша талап ету құқығы;



2) банк – қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борышы және (немесе) есептелген сыйақысы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен асқан мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың несие портфеліндегі (қалыптастырылған резервтерді ескермей есептелген) көлемі 10%-дан асатын екінші деңгейдегі банк;

3) баланстық құны – негізгі борыштың, есептелген сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), сыйлықақының немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) ескере отырып дисконттың жиынтық құны;

4) шарт – мәні банктің күмәнді және үмітсіз активтерін Ұйымның иеленуі болып табылатын Ұйым мен банк арасында жасалатын шарт.

2. Ұйым сатып алатын күмәнді және үмітсіз активтердің құны мынадай тәсілдердің бірімен айқындалады:

1) мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау, сондай-ақ зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және бағалау қызметі нарығында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз бағалау компаниясы (бұдан әрі – тәуелсіз бағалау компаниясы) айқындайтын күмәнді және үмітсіз активтердің құны бойынша;

2) тәуелсіз бағалау компаниясы дисконтты қолдана отырып айқындайтын күмәнді және сенімсіз активтердің құны бойынша;

3) шарт жасау күнгі баланстық құн бойынша;

4) дисконтты қолдана отырып шарт жасау күнгі баланстық құн бойынша.

Ұйым сатып алынатын күмәнді және үмітсіз активтің құнын айқындау тәсілін дербес таңдайды.

3. Сатып алынатын күмәнді және үмітсіз активтерді қамтамасыз ету құрамында өнеркәсіптік мүліктік кешендер кепілі, жабдық және технологиялық желілер, аяқталмаған құрылыс объектілері бар болған жағдайда тәуелсіз бағалау компаниясына және оған қолданылатын бағалау рәсімдеріне түгендеу және/немесе инспекция және/немесе техникалық аудит және/немесе технологиялық сараптама бойынша іс-шараларды қоса алғанда, кепіл заттарын кешенді зерттеу бойынша талаптар ұсынылады.

Күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау үшін тартылатын тәуелсіз бағалау компанияларының тізбесін Ұйым банкпен (банктермен) келісім бойынша, осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасының талаптарын сақтау шартымен айқындайды.

Тәуелсіз бағалау жүргізу шығыстарын қаржыландыру Ұйым мен банктің келісімі бойынша айқындалады.

Банк немесе Ұйым күмәнді және үмітсіз активтерге жүргізілген тәуелсіз бағалаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тәуелсіз бағалау компаниялары қолданатын рәсімдердің және олардың бағалау стандарттарына сәйкес келу аудитін жүргізу үшін аудиторлық компанияны тартуға жол беріледі. Аудиторлық компанияны тарту шығыстары жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелерімен келіспеген тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Егер Ұйым шығыстарының есебінен жүргізілген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Ұйым Ұйымның сатып алуы үшін банк ұсынған күмәнді және үмітсіз активтердің Сатып алынатын күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптардың критерийлеріне сәйкес келмеуін анықтаса, банк осы бағалауды жүргізу бойынша шығыстарды өтейді.

4. Күмәнді және үмітсіз активтің құнына дисконтты Ұйымның күмәнді және сенімсіз активтерді иеленуге, ұстап тұруға және кейіннен өткізуге байланысты тәуекелдері мен шығыстарын есептеуге арналған Ұйымның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген тәртіппен Ұйым дербес айқындайды.

5. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу кезінде, егер күмәнді және үмітсіз активтердің банк ұсынған құны күмәнді және үмітсіз активтердің Ұйым ұсынған құнынан жоғары болса, онда Ұйымның талап етуі бойынша күмәнді және үмітсіз активтердің құнын төмендетуден болуы ықтимал шығыстарды банк, оның акционері (ірі қатысушысы немесе банк холдингі) немесе үшінші тұлға Ұйым үшін шығарылған кепілдікті немесе опционды орындау жолымен өтейді.

Ұйымның талап етуі бойынша кепілдікті немесе опционды орындауды қамтамасыз ету үшін банк не оның акционері (ірі қатысушысы немесе банк холдингі) күмәнді және үмітсіз активтердің құнын төмендетуден болуы ықтимал шығыстардың сомасына өтімді активтерді кепілге ұсынады.

Кепілдікті немесе опционды орындауды қамтамасыз ету қажеттілігі, сондай-ақ кепілге ұсынылатын өтімді активтердің тізбесі күмәнді және үмітсіз активтерді ұсынған банк пен Ұйым арасындағы шарттың талаптарымен айқындалады.

6. Банктерден Ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді басқару мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырады:

1) Ұйым дербес түрде;

2) күмәнді және үмітсіз активтерін Ұйым сатып алған банктер;

3) өзге де қаржы ұйымдар, кәсіби сарапшылар және халықаралық аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар.

7. Тиісінше күмәнді және үмітсіз активтерді беретін және қабылдайтын банк пен Ұйымның арасындағы сенімгерлікпен басқару шартында сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтердің құнын қалпына келтіруден/төмендетуден түскен/болған кірістерді/шығыстарды банк пен Ұйымның арасында бөлу тәртібі қамтылады.

8. Ұйым тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өзінің қызметі туралы ақпаратты (Ұйымның күмәнді және үмітсіз активтерді бағалау, сатып алу және банктермен жұмыс жөніндегі қызметінің ағымдағы жағдайын көрсете отырып) ұсынады.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2014 жылғы 24 қыркүйектегі

№ 179 қаулысына

2-қосымша

Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз

активтерге қойылатын талаптар
Осы Иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі – Ұйым) иеленетін (иеленген) күмәнді және үмітсіз активтеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) банк – несие портфелінде қарыздар бойынша 10%-дан астам қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астан мерзімі өткен берешегімен қарыздардың көлемі бар (қалыптастырылған резервтерді ескерусіз есептелген) екінші деңгейдегі банк;

2) күмәнді және үмітсіз активтер – қарыздар Талаптардың


2-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келу талабымен, олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша талап ету құқығы;

3) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі – Қазақстан Республикасына Standard & Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер;

4) шарт – Ұйым мен банк арасында жасалатын шарт, Ұйым банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуі оның нысаны болып табылады.

2. Ұйым қарыздар бойынша талап ету құқығын осындай қарыздар бір мезгілде мына барлық критерийлерге сәйкес келгенде иеленеді:

1) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астас мерзімі өткен берешегі бар қарыздар;

2) мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғалар-Қазақстан Республикасының резиденттері қарыздар бойынша қарыз алушылар болып табылады;

3) Талаптардың 3-тармағында көрсетілген кепіл түрлерін қоспағанда, кепілмен, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері – эмитенттер шығарған және «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес – эмитенттер шығарған бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген қарыздар;

4) шартты жасау күніндегі негізгі борыш сомасын, есептелген сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоса алғанда, берешектің қалдығы 60 (алпыс) және одан көп миллион теңгені немесе шетел валютасында балама соманы құрайды.

5) қарыз алушының/кепіл беруші қызметінің негізгі түрі:

ауыл, орман және балық шаруашылығына;

білім беруге;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге;

сумен қамтуға, кәріз жүйесіне, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауға;

қаржы және сақтандыру қызметіне;

кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке;

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке;

қызметтің басқа түрлерін ұсынуға;

бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдар қызметіне;

мемлекеттік басқаруға және қорғанысқа, міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға;

үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтары және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді шығаратын қызметке жатпайды.

3. Ұйым:

1) қарыз алушыға (кепіл берушіге) қатысты іріктеу, оңалту немесе банкроттық рәсімдері жүргізілген;

2) Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне сәйкес келетін немесе одан асатын кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік және мүліктік құқық, не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық айналымда шектелген мүлік кепіл мәні болып табылған;

3) қарыз бойынша жалғыз кепіл мәні:

аяқталмаған құрылыс объектісі;

жылжымайтын тұрғын үй;

компьютер жабдығы және техника;

арнайы техника;

айналымдағы тауарлар;

болашақта түсетін мүлік;

жиһаз;

жер қойнауын пайдалану құқығы;



авторлық құқық;

лицензиялар;

патенттер;

талап ету құқығы;

жерді пайдалану құқығы;

жалдау құқығы;

тауар белгісіне арналған құқық;

үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктері болған жағдайларды қоспағанда, банктерден қарыздар бойынша талап ету құқығын иеленеді.



4. Қамтамасыз етудің жалпы кепілдік құнындағы кепілдің жекелеген мәні құнының үлесіне қойылатын талаптарды белгілейтін тәртіп Ұйымның ішкі нормативтік құқықтық құжаттарында көзделеді.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет