Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет30/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

сынып бойынша:


  • жоспар құру (әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін);

  • мінездеме, өмірбаян, құттықтауды (жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазу);

  • графиктік мәтін құрастыру;

  • эссе жазу (жазу барысында абзацты жүйелі құрастыру);

  • «келісу, келіспеу» эссесін жазу,

  • жинақы мәтін жазу (мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау).

Оқу мақсаттары:


6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, өмірбаян, құттықтау құрастырып жазу;
6.3.3.1 ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі);
6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;
6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.
Жинақы мәтін – оқырманның түсінуіне ыңғайлы етіп құрылған бастапқы мәтіннің ықшамдалған түрі. Бастапқы мәтіннің негізгі мазмұны сақталған, екінші рет өңделген нұсқасы.
Жинақы мәтіннің мақсаты мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және оқырманның түпнұсқа мәтінді оқуға кететін уақытын үнемдеу.
Жинақы мәтін формалары:
Аннотация Презентация Конспект
Кесте Схема
Тезистік жоспар Ықшамдалған мәтін
Жинақы мәтінді құрастыру жолдары:

  1. мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау, қосымша ақпараттарды сызып тастау.

  2. негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

  3. автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Қарапайым жоспар басты бөліктердің бөлінуі мен атауын көрсетеді.
Қарапайым жоспар құрудың талаптары:

  1. мәтінді мұқият оқу;

  2. мәтінді бөлікке бөліп, олардың әрқайсысындағы негізгі ойды анықтау;

  3. жоспар тармақтарындағы мәтіннің негізгі ойы келесі тармағымен байланысты екенін тексеру;

  4. жоспарды жазу.

Кіріспе бөлімде – өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыру.
Негізгі бөлім – өз көзқарасын негіздеу.
Қорытынды бөлім – сөйленген сөз әсерін бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет