Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



бет29/86
Дата16.04.2024
өлшемі0.79 Mb.
#498787
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
32 Сыныптар бойынша жазба жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Жарнама тауарға (ұйым, қызмет) сұранысты арттыру мақсатында жазылатын хабарлама. Жарнама теледидар, газет, ғаламтор, көшедегі плакаттар арқылы таратылады.
Жарнама жазудың талаптары:

  • жарнама нысанына айналған заттың ерекшелігі туралы жазу;

  • жарнама ұранын құрастыру;

  • оқырманға әсер қалдыру үшін оқшау сөздерді қолдану.

Әңгіме – көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі бар мәтін түрі.
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме жазуға қойылатын
талаптар:

  1. суреттер желісі бойынша тақырыпты анықтау;

  2. суреттер желісін байланыстыру;

  3. кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер бойынша сюжет желісін құрастыру;

  4. суреттер арасындағы логикалық байланыстан ауытқымау.

Эссе дегеніміз (фр. тіл. еssai –тәжірибе, лат.т. exagium – құрау) – автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Эсседе оқушының негізгі тақырыпты түсінуі, эссе тақырыбына сәйкес талқылау сұрағын шығаруы, тақырыпқа байланысты өз позициясын ұстануы, берілген тақырып бойынша білімі мен түсінігінің болуы маңызды. Сондай-ақ қорытындыда айтылған шешімнің логикалық жүйесі негізгі тақырыпқа сәйкес келу керек.
Кез келген жазба жұмысында, оның ішінде эсседе ой бөліктерін абзацтарға бөлу маңызды. Жаңа ой жаңа абзацқа жазылу керек. Сондай-ақ абзацтарды байланыстырушы сөз оралымдарын орынды қолдану қажет. Олар әдетте шылаулар (бірақ, алайда, дегенмен, сонымен қатар), қыстырма сөздер (менің ойымша, меніңше, біріншіден, екіншіден, қорыта келе, т.б.), т.б. болуы мүмкін.
«Келісу, келіспеу» эссесі – екі немесе одан да көп мәселелердің қарым- қатынастарын тарқатып жазу. Басты мақсаты – көтерілген мәселеге келісу немесе келіспеу себептерін айқын көрсету.
Эссені жазу барысында жауаптың бірін таңдау керек: «келісемін» не болмаса «келіспеймін». Таңдаған жауабына сай ойын дәлелдейді.
Эссе жазуға қойылатын талаптар:

  1. тақырыптан ауытқымау (тек тақырып аясында ой толғау);

  2. ойды жинақы, нақты етіп жазу;

  3. шығармашылық тұрғыда еркіндікке басымдық беру;

  4. эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерді) сақтау;

  5. сипатталып отырған нәрсені барынша бейнелеу, әсерлі етіп жеткізу.

Эссе құрылымы үш бөліктен тұрады:
Кіріспеде бастапқы деректерді баяндайды, зерттеу проблемасын тұжырымдайды.
Негізгі бөлімде мәтіннің мазмұнын ашады, нақтылайды, дәлелдейді, талдайды. Бұл бөлікте тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіруі, өз пікіріне аргументтер келтіруі, келтірілген аргументтерді сараптауы, пікірге қатысты ойын жинақтауы керек.
Қорытындыда негізгі бөлімде айтылған ойлардың қысқаша тұжырымы, қорытындысы жазылады. Қорытындыда «қорыта келе», «қорытындылай келе»,
«тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» секілді қыстырма сөздерді қолдану керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет