Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәні 5-сынып бойынша жазылым:
мәтін (бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құру);
хат, хабарлама, жарнаманы (жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес жазу);
әңгіме жазу (сюжетті суреттер негізінде);
эссе жазу (эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін).
Оқу мақсаттары:
5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама, хат, хабарландыру құрастырып жазу;
5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;
5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;
5.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;
5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау;
Мәтін - сабақтастық пен тұтастықтан, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі.
Мәтін түрлері:
Әңгімелеу мәтінінде белгілі бір зат пен құбылыстың өзара байланысы, бір-біріне қатыстылығы сөз болады. Не істеді? Не болды? сұрақтарына жауап береді. Оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу мәтінінің баяндауышы көбінесе жедел өткен шақта болады.
Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды. Сипаттауда зат пен құбылыстың негізгі мәнді белгілері айтылады. Қандай? Қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді. Пайымдауда белгілі бір зат пен құбылыстың салдары мен себептері көрсетіледі. Не үшін? Неге? Не себепті деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда ойдың тезисі, дәлелі, қорытындысы жасалады. Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені, себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар жиі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |