Республикасы



бет6/60
Дата10.06.2022
өлшемі2.91 Mb.
#459133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
tutorial 498

Өртқауіпсіздігінқамтамасызету: Нормативтік-құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын, сондай-ақ өртке қарсы шараларды қабылдау және сақтау.

Жалын: Жану аумағының көрінетін бөлігі.

Өрт: Адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлға, қоғам мен мемлекет мүддеciне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жану.

Ғимараттың өрт қаупі: Өрттің болу ықтималдығымен және күтілетін залалдың мөлшерімен сипатталатын нысанның жағдайы.

Нысанның өрт қаупі: Өрттің қауіпті факторлары, соның ішінде олардың қайталама көріністері арқылы зиян келтіру мүмкіндігі.

Өрттің алдын алу: Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрттің алдын алуға, оның таралуын шектеуге, сондай-ақ өртті сөндірудің сәтті өтуіне жағдай жасауға
бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені.

Өрт қауіпсіздік ережелері: Нысанды салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен стандарттарын сақтау тәртібін белгілейтін ережелер жиынтығы.

Түттінге қарсы қорғаныш: Адамдарды түтінге, температураның жоғарылауына және улы жану өнімдеріне жол бермеуге бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен
техникалық құралдар кешені.

Өртке қарсы режим: Азаматтар үшін белгіленген мінез-құлық ережелері, өндірістік- шаруашылық қызметті ұйымдастыру тәртібі, өрт қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының бұзылуын болғызбауды қамтамасыз ететін құрылым, ғимарат, үй- жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнайы құралдарды ұстау шарттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет