Жүктеме, түйіспе, қыздырма, орама, ағытпа, бүркеме, телеөлшеме( телеметрия), қима, шықпа, жайма, фототіркеме, жазба, ысырма т.б.
-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары арқылы да жасалады. Мысалы : Құрылғы, сүзгі, қондырғы т.б.
Терминдердің жасалуының алғашқы кезеңінде олардың жарыспалы қолданылуы әр тілде де кездесетін құбылыс. Оның жағымсыз жағы – бір мәтіннің ішінде немесе бір оқулықтың ішінде, болмаса бір саланың оқулықтарының әрқайсысында бір терминнің қазақ тілінде әртүрлі болып берілуі оқырманның (студенттің) материалды түсініп қабылдауына кедергі келтіреді. Оларды біртіндеп бір жүйеге салып, біріздендіру – терминология тұрғысынан қадағалауды қажет ететін процесс. Сондықтан біздің міндетіміз – осындай жарыспалы терминдердің терминком бекіткен нұсқасын ұсынып, терминнің біріздендірілуіне атсалысу. Ал терминнің біріздендірілуінің өте ұзаққа созылатындығын ескерсек, бұл алдағы уақытта өз жемісін міндетті түрде береді деп топшылауға болады. Мұндай біріздендірілген термин ретінде қазақ тілінің өз ұлттық қорынан алынған көз, кесте, тінтуір, жоба, жүйе, желі, қазан, қазандық, түйіспесөздерінің қазір кең қолданысқа енгенін атауға болады. Демек, ғылымның көптеген салалары бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулерде, оқулықтар жазу барысында қолданатын термин сөздер мен сөз тіркестерін барынша ойластырып, сұрыптап барып пайдаланған абзал, сонда ғана олар ғылыми айналымға еніп, тұрақты қолданысқа түсуі мүмкін.
Медициналық терминдердің жасалуындағы өнімді тәсілдердің бірі – морфологиялық тәсіл. Осы тәсіл арқылы қосымша және сөз құрамы ерекшеленеді, сонымен бірге ауру атауларының туынды және күрделі атаулары жасалады.
Қазақ тілінде морфологиялық (синтетикалық) сөзжасам тәсілі арқылы жасалған терминдер сан жағынан едәуір. Олар мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:
а) -ық, -ік, -ақ, -ек тұлғасы арқылы жасалған термин: жарық, шешек, сүзек, сынық, сыздауық. ә) -лы, -лі тұлғасы арқылы жасалған термин: ұстамалы, жұқпалы. б) -дық, -дік, -тық, -тік тұлғасы арқылы жасалған термин: маскүнемдік, семіздік, ұйқысыздық, қаназдық.