в) -ба, -бе, па, -пе, -ма, -ме тұлғасы арқылы жасалған термин: баспа, қышыма, сіреспе, бөртпе, демікпе, ентікпе. г) -ғы, -гі, -қы, -кі тұлғасы арқылы жасалған термин: теміреткі, тісжегі. ғ) -шық, -шік тұлғасы арқылы жасалған термин: қояншық. д) -лық, -лік тұлғасы арқылы жасалған термин: соқырлық, сығырлық, қырағылық. ж) -қан, -кен тұлғасы арқылы жасалған термин: бөрткен, шиқан, теріскен. з) -ша, -ше тұлғасы арқылы жасалған термин: қызылша и) – ханатұлғасы арқылы жасалған термин: дәріхана, емхана, аурухана және т.б.
Пайдаланылған әдебиет 1. Айтбаев Ө. Ғылым қазақша сөйлер ме? // Тіл майданы. – Алматы: Арыс, 2000. – Б.114-126.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999, Б.349-364.
4. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002, 784 б.
5. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі: Фил.ғ.д.дис. – Алматы, 1998.
6. Б.Б. Ағатаева. Көпарналы тарату жүйелері: техникасы мен теориясы –Алматы: «Ғылым», 2004. – 160б.
10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5 том. – Алматы: Ғылым, 1980
Р. Сыздықова қазақ тілінде 1990 жылдардағы неологизм қолданыстың пайда болуына себапкер үш жағдайды атап көрсеткен.
Бірінші, өмірдің өзі әкелген жабңалықтарды атау қажеттігі. Осыған оратй көптеген ұғымдарды білдіруде қазақ тілінің өз мүмкіндігі бар екендігі, оған бейімділігі күшті екені айқын болды. Соның нәтижесінде 1970-80 жылдарға дейін орысша қолданып келген устав-жарғы, программа-бағарлама, компенция-төлемақы, дакумент-құжат, информьация-ақпараот, пенсия-зейнетақы, спонсор-демеуші, процьент-пайыз, репатриант-оралым, репрессия- қуғын-сүргін, орган-мүше, ағза т.б. қазақша аталатын болды. 1920-30 жылдары біраз қолданып, кейін ығыстырылған төраға, хатшы, құқық құжат т.б.сөздер қайтадан қлданысқа енді, сусамыр (диабет) т.б. терминдер жасауға пайдаланады.
Екінші, бұрын орысша аталып немесе түсіндірме жолымен беріліп келген ұғымдардың қазақша жатық, мүмкіндігінше дәл баламасын табуға әрекет, іздемі артты. Мысалы: жолсерік, (проводник) жолсапар (командировка), телекөпір (телемост), отбасы (семья), нарық (рынок), мердігерлік (подряд), ұшақ (самалет), тікұшақ (верталет) зерхана (ювелирная м астерская), зертхана (лаборотория), көлікдол (проезжая часть дороги) жаяужол (тротуар), бағдаршам (светафор), өткізілім (реализация), жаһандану (глобализация) т.б. орыс тілінен калькалау арқылы. Қызыл кітап (Красная книга) дөңгелек үстел (круглый стол), қайталама шикізат ( вторичное сырье ), қайтарма (отдена) т.б. сөздер жасалады.
Үшінші, бағалауыштың мәні бар сөздерді жасау қажеттілігі туды. Мыс алы: ғарыш (космос), ғарышкер (косманавт), ғарышнама (космология), атомгер (атомщик), мадақнама (грамота)өмірнама (биография), ғаламшар (планета), ән ұран (гимн), елтаңба (герб), зейнет ақы (пенсия), қала басы (мэр город) т.б. терминдік ресим атаулар алғашында экспрессия , көтеріңкілік сияқты бағалаушылық мәні бар, қосалқы атаулардан пайда болған.
Неологизмдер қазақ тілінде ежелден белгілі сөзжасам тәсілдер арқылы жасалады. Мысалы: жұрнақ жалғану арқылы (-гер, баспагер, тыңгер, — нама; жаднама, дерекнама, — хана, ойынхана, дәмхана, — ғы; құрылғы, бастапқы, — ым; қойылым, басылым; сұраным, — ма; бағдарлама, дәйектеме, т.б.) түбірлерді біріктіру тілашар , қоршаңыз, жолкіре, сөзтізбе т.б. Бұрынғы сөзге жаңа мағына қосу арқылы (сапар, сөзі тек жол жүру дегенді емес, лауазымды адамдарға немесе біреуге барып жолығу мәнінде, жерік «желігу» мағынасынан басқа әскери желік тіркесінде «военный психоз» мәнінде терминдік мәнге ие болған). Неологизмдер жасауда олардың жұртшылыққа қолайлы болу жағы , сөз болудың тіл тәжірибесінде қалыптасқан дағдарысы сияқты факторлар ескерілуге тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда жаңа қолданыстағы сһөздердің бәрі бірдей сәтті шықты деуге болмайды. Мәселен, қазақ тіліне ертеректе еніп, сіңісіп кеткен кірме сөздер аз емес, осылардың баршасына қазақша балама іздеу дұрыс емес. Мысалы, газетт- үйқағаз, телефонды – үнсандық, самолет — өзі ұшар т.б. деп атауды жұртшылық қабылдамайды, тілге кірікпейді. Сол сияқты ғылым, өнер, техниканың әр саласындағы интернационалдық сөздердің терминдік мағынасын білдіретін қазақ сөздерін табу немесе қолдан жасау сәтті бола бермейді.
Жаңа қолданыстағы атауларға байланыста әлі де реттейтін, нақтылайтын жайттар аз емес. Кейбір терминдер атаулар сөздіктерге бірнеше нұсқада беріліп, жарыса қолданылып жүр. Мысалы, мемлекеттік терминологиялық комиссия бекіткен 2004 жылғы Орысша- қазақша – орысша терминдер мен атаулар сөздігінде праязын – ана тілі, төркеін тіл, универсальный – әмбебап, указания – нұсқау, нұсқа, тенденция – үрдіс, процесс- процесс, үрдіс түрінде, ал осы сөздер 2005 ж шыққан (орысша-қазақша сөздіктен) – арғы тіл, ана тіл, универсал , әмбебап, нұсқау, ереже, көшірме, төл құжат, ресмилендіру, ресмилену, жария ету, заңдастыру, нақты ой, мақсат, үрдіс, дамудың беталысы, процесс, баыс түрінде берілген.
Атаулардың әр түрлі саладағы әдебиеттерде жаңа авторлардың шығармаларында түрліше айтылып жүргені де белгілі. 1992 жылы «Жаңа атаулар» сөздігі шықты (оның алдында шағын сөздік түрінде 2 рет басылым көрген). Оғын 1970 – 1992 жж. Аралығындағы пайда болған жаңа тұлғалар мен сөз тіркестері мағынасы жаңғырған 1200 – дей сөз енгізілген. Құрастырушылар ескерткендей бұл сөздік ресми нормативтік сөздік емес және онда сол кезде туған барлық жаңа қолданыстар қамтылған. Сөздікшелердің алдына қойған мақсаты – қазақ тілінде сол кезде жаңадан пайда болған сөздердің еске алып, тіркеу ғана емес, жаңа қолданыстардың өзгеруіндегі даму үрдісімен таныстыру. Сол себептен сөздікке жаңа қолданыстардың «өмірге жолдама» алғандары да, әлі қолданысқа еркін түспегендерде енгізіліп, жұртшылық назарына ұсынылады.
Тілдің сөздік құрамына тән қасиет туынды жаңа сөздермен толығып, үнемі даму күйінде болуы дедік . Әрбір тілдің сөздік құрамының дамуына ең алдымен сол тілдің негізгі сөздік қоры ұйытқы болады. Сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы негізгі сөздік қордағы түбір сөздерден қордағы түбір сөздерден туынды сөздер жасалып, тілдің бүтіндей лексикасы толығып дамып отырады. Сөз тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар: