Құрғақ жөтел болғанда көмек көрсету


Тыныс алу жүйесі бұзылысында туындайтын мәселелердегі күтім



бет5/6
Дата05.04.2023
өлшемі24.53 Kb.
#471796
1   2   3   4   5   6
№13 Тыныс алу кезіндегі күтім

Тыныс алу жүйесі бұзылысында туындайтын мәселелердегі күтім
І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
Пациенттің нақты мәселелері:
¨ жөтел (құрғақ немесе қақырықты);
¨ экспираторлы ентігу;
¨ кеуде қуысының ауруы;
¨ өкпеден қан кету;
¨ дене қызуының көтерілуі;
¨ кейбір манипуляциялардың алдында қорқыныш сезімінің білінуі (бронхоскопия, бронхография).
Пациентте болуы мүмкін мәселелер:
· қайталамалы ұстамадан қорқуы;
· тұншығудың әсерінен өлімге деген қорқыныш сезімінің пайда болуы;
· жөтелдің әсерінен ұйқының бұзылуы;
· қауіп-қатер асқынулардың дамуы;
· жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі.
ІІ кезең. Мейірбикелік диагноз қою.
Дем алу функциясының бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер.
ІІІ кезең. Күтімді жоспарлау.
Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:
§ тұншығуды басу, өкпе қансырауын тоқтату; жөтелді басу;
§ қақырықтың бөлінуін жақсарту;
Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар;
§ пациент жөтелу, ентігу кезінде өзіне ыңғайлы жағдай жасай алады;
§ пациент жөтелдің ерекшеліктерін біледі;
§ пациент демдік гимнастикасын жасай алады;
§ пациент өзіне пазициялық дренажды өткізе алады.
IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
Мейірбикенің жұмыстары:
¨ тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, зертханалық және құрал- жабдықтар арқылы тексерістерге қатысу;
¨ тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау, жүрек және тамыр соғуын санау, қан қысымын, дене қызуын өлшеу, оттегі мен қамтамасыз ету;
¨ бір – біріне тәуелділік қатынас – науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлілігін бағалау.
V кезең. Күтімінің нәтижесін бағалау
Күтім ерекшеліктерін жоспарлап және алға қойған мақсаттарды салыстыру


Оксигенотерапия дегеніміз оттегін емдеу мақсатында қолдану.
Көрсеткіштері: цианозбен (көгерумен), оттегінің тіндердегі парциальды қысымының төмендеуімен өтетін жедел немесе созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет