Көлденең қалыпта тыныстың тарылуы
|
1. Пациентпен мәжбүрлі жағдайда болу қажеттілігі туралы әңгіме жүргізу.
2. Науқасқа бас бөлігі көтерілген жағдайына орналасуына көмек көрсетіңіз (Фаулер жағдайы).
3. Бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз.
4. Дәрігердің тағайындауы бойынша оттегі терапиясын жүргізіңіз.
5. Дәрілік заттарды уақытында қабылдауды бақылаңыз.
6. Науқасты динамикалық бақылауды қамтамасыз етіңіз (терінің түсі, тамыр соғысы, қан қысымы, ТАЖ, Дене температурасы)
|
Тұншығу ұстамасында өз-өзіне көмек көрсете алмау
|
Тұншығу ұстамасы кезінде науқасқа өзін-өзі көмек көрсетуге үйретіңіз: пациентті ыңғайлы, қозғалып кетпейтіндей отырғызыңыз; ауаның максималды ағынын қамтамасыз етіңіз
қысып тұрған киімді шешіңіз
(жағасы, белдемшесі,)
|
Кеуде қуысында ентігу мен ауырсынудың күшеюінен қозғалысқа түсуге қорқу
|
Науқасты тыныштандырыңыз. Науқасқа ыңғайлы жағдайға келуге көмектесіңіз. Дәрігер көрсеткендей дәрі-дәрмектерді қабылдауды қамтамасыз етіңіз
|
Жөтел мен ентігу әсерінен ұйқының бұзылуы
|
Жақсы демалуға жағдай жасаңыз (төсек жайлылығы, тазалық, тыныштық, таза ауа, Фаулер жағдайы). Дәрігердің тағайындауы бойынша жөтелге қарсы препараттарды беріңіз
|