Оттегін берудің мынандай тәсілдері болады:
1.оттегі жастығымен – көбінесе үй жағдайында қолданылады, науқасқа оттегін түтік немесе мундшукты арқылы береді;
2.мұрын катетері арқылы – медициналық мекемелерде қолданылады, сығылған оттегі бар баллон немесе палаталарға оттегін орталықтандырып беру пайдаланылады, бұл кезде катетерлер мұрынға құлақ сырғалығы мен мұрын қанаттары аралығына тең болатын тереңдікке енгізіледі;
3.маска арқылы – бетке масканы қойғанда, ауыз бен мұрынды жабады, оның тыныс алатын және тыныс шығаратын каналдары болады. Тыныс алатын каналдың тубусы жұқа резеңкеден жасалған қаппен біріктірілген, онда тыныс шығарғанда оттегі жиналады, ал тыныс алғанда ол өкпеге белсенді тартылады.
4.Гипербариялық оксигенация – арнайы барокамераларда жоғары қысым кезінде оттегімен емдеу.
Оттегін беру жолдары.
1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
Мақсаты: гипоксияны азайту.
Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары.
2) Оттегін жастықша арқылы беру.
Мақсаты: ұлпалардағы оттегі мөлшерін көбейту.
Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары, газбен
улану т.б. жедел жәрдем көрсету үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |