Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының


заңды тұлғаның қосымша ғимараты юридического лица



бет2/3
Дата17.06.2016
өлшемі1.12 Mb.
#141820
1   2   3

заңды тұлғаның қосымша ғимараты юридического лица








Су арнасы водоканал



















4.1-сурет. Суды есептеу нүктелерін және АӨЖ құралдарын орналастырудың сызбасы



4.2-сурет. Суды есептеу нүктелерін және АӨЖ құралдарын орналастырудың сызбасы




Қоғамдық, әкімшілік ғимарттар


Өндірістік ғимарат

(фабрика, завод и т.д.)








мобилді қол радиотерминалы

немес стационарлық АӨЖ

или стационарную ИИС










технолог. қажеттіліктерге

на технолог. нужды





















5-сурет. Суды есептеу нүктелерін және АӨЖ құралдарын орналастырудың сызбасы

7. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды коммерциялық есептеулер құралдарына және өлшеулік-ақпараттық жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар
7.1. Жалпы талаптар
7.1.1. Суды есептеу түйіні Қазақстан Республикасының өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ететін Мемлекеттік жүйе тізіліміне енгізілген өлшеу құралдарымен жабдықталады.

Суды есептеу түйіні немесе АӨЖ қолданылатын техникалық құралдардың (радиомодульдің, ретрансляциялау құрылғылары және т.б.) шыққан жерін анықтау қиындық тудырғанда оларға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарымен қолданыстағы Өлшеу құралдарына техникалық құралдардың тиістілігін анықтау ережелеріне сәйкес сараптама жүргізіледі.

7.1.2. Қысқыш құрылғы ретінде РД 50-213-80 сәйкес орындалған канал немесе өзге құрылғы, диафрагма қолданылатын, қысымның ауыспалы ауытқуы әдісі бар су шығынын өлшеудің қағидасын жүзеге асыратын суды өлшеу үшін есепке алу аспабын қолдану кезінде есепке алу торабының шығын өлшегіш құрылғысы Қазақстан Республикасы МемСтандартпен жеке тәртіпте аттестациялануы тиіс.

7.1.3. Суды есептеу түйінінде немесе АӨЖ бір мезетте мәліметтердің радиожелілік арнасы арқылы жеткізуде жүзеге асыратын радиолэлектронды құралдар (әрі қарай - РЭҚ) болып табылатын есептеудің техникалық құралдары немесе есептеу құралдарын қолданылу барысында мыналарды алу қажет:

- олардың жиілік жолақтарын, радиожиіліктерін беру, РЭҚ тіркеу мен пайдалану, оларды шетелден әкелу, РЭҚ электромагниттік сәйкестігін есептеуді жүргізу ережелерінің талаптарына сәйкестігі туралы өкілетті мемлекеттік органның қорытындысын;

- олардың «Радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға және электромагниттік сәулелену көздерімен жұмыс істеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органның қорытындысын.

7.1.4. Суды есептеу құралдарының барлығы аккредиттелген ұйымдар мен зертханаларда Қазақстан Республикасының Мемстандартымен белгіленген тексеру аралыққа сәйкес тексеріледі және тексеру туралы жұмыс істейтін сертификат немесе таңба болуы қажет.

Тексеру мерзімі ескірген есептеу құралдарын пайдалануға рұқсат берілмейді.

Көрсеткіштердің дұрыстығына күмән келтірген Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы суды есептеу құралдарын кезектен тыс тексеруден өткізуді талап ете алады.

7.1.5. Су көздерінен, сумен жабдықтау жүйелерінен, елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі су алуды есептеу түйіндерінде қолданылатын есептеу құралдары мен АӨЖ таңдауды Қызмет көрсетуші өз бетінше жүзеге асырады.

7.1.6. Тұтынушының есептеу түйіндерінде есептеу құралдары мен АӨЖ таңдауды Тұтынушы Қызмет көрсетушімен келісе отырып жүзеге асырады.

7.1.7. Есептеу түйіндерінің құралдары олардың жұмысына рұқсат етілмеген кірісулерден қорғалған болулары керек.

7.1.8. Суды коммерциялық есептеу үшін жұмыс істеуінің автоматты диагностикалы есептеу құралдары мен АӨЖ қолданылады. Олар зақымданған жағдайда оның жұмыс істемей қалған уақыты тіркеліп, құрал таблосына және АӨЖ хабарлама беріледі.

7.1.9. Суды есептеу құралдары мен АӨЖ 10 тәуліктен кем емес кезеңде қолданылған су көлемінің сағаттық мағынасын мұрағаттау мүмкіншілігіне ие болуы керек.

7.1.10. 6.1.3 тармағында көрсетілген жеке және жалпыүйлік су есептеу құралдарын орнату жағдайларында мәліметтерді дистанциялық тұрғыдан берудің минималдық және жеткілікті шарты болып құралда импульстік шығыстың болуы табалады. Қызмет көрсетуші орнату үшін суесептегіштердің импульстік шығыстарын өзіне қоса алатын АӨЖ таңдайды.

7.1.11. АӨЖ қағаз және/немесе электрондық жинақтаушыға тіркелетін құралдарды қосу үшін шыңу тетігіне ие болулары қажет.

7.2. Есептеу құралдарының метрологиялық сипаттарына қойылатын талаптар
7.2.1. Осы Әдістемелік нұсқаулар ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 4-бөліміне және оларды пайдаланудың нақты талаптарына сәйкес сумен жабдықтау жүйелеріндегі есептеу құралдарының метрологиялық сипаттарына қойылатын талаптарды белгілейді.

Өтпелі және максималды шығын арасындағы шығындар саласында жол берілетін оң немесе теріс нақтылық емес мынаны құрайды:

 30 оС температурадағы су үшін 2%;

 30 оС температурадағы су үшін 3%.

Егер температура мәні пайдаланудың шектеулі шарттарында болатын су үшін ең аз шығын және ауыспалы шығын (қоспағанда) арасындағы алынатын оң не теріс максималды рұқсат етілетін ауытқушылық 5%-ды құрайды.

Пайдаланылып отырған суды есептеу құралдарының нақтылық еместігінің максималды деңгейі максималды нақтылық еместігінің екі есе артық деңгейінен асуы мүмкін.

7.2.2. Су көздерінде және тұтынушыда орнатылған есептеу түйінінің коммерциялық құралы Әдістеменің 9 тармағына сәйкес мынаны қамтамасыз етуге тиіс:

- Әдістемелік нұсқаулардың 7.2.1-тармағында және 2-кестеде көрсетілген өлшеу диапазондарында көрсетілген суды есептеу нақты еместігі;

- 0,1% аспайтын салыстырмалы нақтылы емес суды есептеу құралдарының жұмыс істеу уақытын өлшеу;

- 7.2.1-тармақта көрсетілген нақтылық еместігінің максималды деңгейімен судың кері айналымын өлшеу.


2-кесте

Су есептегіштің Ду, мм

ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 сәйкес су шығынының параметрлері, м3/сағ

минималды

Q1



өтпелі

Q2



тұрақты

Q3*



максималды

Q4



жоғары емес

жоғары емес

төмен емес

15

0,016

0,0256

1,6

2,000

20

0,025

0,0400

2,5

3,125

25

0,035

0.0525

3,5

4,375

32

0,060

0,0960

6,3

7,875

40

0,100

0,1600

10,0

12,500

50

0,100

0,250

16,0

20,000

65

0,156

0,250

25,0

31,250

80

0,200

0,320

40,0

50,000

100

0,315

0,504

63,0

78,750

150

0,625

1,000

100,0

125,000

ЕСКЕРТУ: * - ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 5.1.1-тармағында көрсетілген мәндер Q3-тің тұрақты шығынының мәні ішінен.

Тұтынушының (заңды тұлғаның) суесептегішінің шартты өту жолының диаметрін суды тұтыну кезіндегі (тәулік, кезек) судың ортасағаттық шығынын ескере атырып таңдау қажет, және де ол 2-кесте бойынша қабылданатын тұрақты шығыннан аспауы қажет. Сонымен қатар, ең аз шығын көлемі 2-кесте бойынша қабылданатын сәйкес шығындардан аспауы қажет.

7.2.3. Суды коммерциялық емес есептеу құралдары (мысалы, Қызмет көрсетушінің таратушы желілерінде орнатылған, ішкі технологиялық қажеттіліктер және т.б. үшін) Әдістемелік нұсқаулардың 7.2.1-тармағында көрсетілген суды есептеудің жол берілетін нақты еместілігін ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 5.1.2-тармағында белгіленген талаптарының шегінде өлшеудің аздаған диапазондарында қамтамасыз етуі мүмкін.

Осындай талаптар (3-кесте) тұрмыстық тұтынушылардың пәтерлік суесептегіш құралдарында да жол беріледі.


3-кесте


Су есептегіш құралының шартты тесігінің диаметрі, мм

ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 сәйкес су шығынының параметрлері, м3/сағ

минималды

Q1



өтпелі

Q2



тұрақты

Q3*



максималды

Q4



жоғары емес

жоғары емес

төмен емес

15

0,032

0.128

1,6

2

ЕСКЕРТУ: * - ҚР СТ СТБ ИСО 4064-1-2009 5.1.1-тармағында көрсетілген мәндер Q3-тің тұрақты шығынының мәні ішінен.
7.2.4. ҚР СТ СТБ ИСО 4064-2-2009 4.2-тармағына сәйкес суды есептеу құралын өндіруші суесептегіштің істен шығып қалуына немесе берілген метрологиялық сипаттарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырмау үшін есептегіштерді дұрыс таңдау мен монтаждау үшін қажетті ақпаратты жеткілікті етіп беруі қажет. Оның ішінде өндіруші индикацияның нақты болмау мүмкіндігіне әсер ететін факторларды көрсетуі қажет.

Индикация мен өлшеу диапазонының көрсеткіштерінің нақты болмауына әсер етуші факторларға оны монтаждау кезіндегі суесептегішінің орналасу жағдайы жатады: тігінен немесе көлденеңінен.

Әдiстемелiк нұсқаулардың 7.2.2-тармағында ескерiлген жағдайлар үшiн су есептеуiштi таңдауда және бұл ретте монтаждау кезінде су есептеуiш күйінің өлшеу диапазонына ықпалы туралы өңдірушінің ақпараты жоқ болғанда су есептеуіш Әдiстемелiк нұсқаулардың 2-кестесінің диапазонында өлшеу қателiгiн қамтамасыз ету мақсатындапен тік күйінде бекiтiлуi қажет.

Әдiстемелiк нұсқаулардың 7.2.3-тармағында ескерiлген жағдайлар үшiн су есептеуiштi таңдауда және бұл ретте монтаждау кезінде су есептеуiш күйінің өлшеу диапазонына ықпалы туралы өңдірушінің ақпараты жоқ болғанда су есептеуіш Әдiстемелiк нұсқаулардың 3-кестесінің диапазонында өлшеу қателiгiн қамтамасыз ету мақсатындапен тік күйінде бекiтiлуi қажет.

7.2.5. Суды есептеу құралдарының әртүрлі типтерінің анықтамалық сипаттамасы 1-қосымшада берілген.

8. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат беру
8.1. Сумен жабдықтау жүйелеріндегі суды есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат беру Қызмет көрсетушімен және Тұтынушымен есептеу түйінінің құжаттары мен монтажын жүзеге асырған қызмет көрсету компаниясының өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

8.2. Суды есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат беру үшін қызмет көрсету компаниясының өкілі мыналарды көрсетеді:

- құрылғының құбырларының принципиалдық сызбалары;

- қызмет көрсетушімен келісілген есептеу түйінінің жобасын;

- есептеу түйінінің құралының төлқұжатын;

- есептеу түйінінің құралдарының алғашқы немесе кезеңдік тексерісі (тексеріс таңбасы, өзі жапсырылатын лейбл, пластиктік пломба) туралы құжат;

- монтаждалған және жұмыс істей алатындығы тексерілген суды есептеу түйіні.

8.3. Есептеу түйіндерін пайдалануға рұқсат берерде мыналар тексеріледі:

- құбыржелісінің есептеу құралы орнатылған жерінде судың ағып кетуінің болмауы;

-есептеу құралының типі мен оның орнатылу сызбасының Қызмет көрсетушінің техникалық талаптарына сай келуі;

- есептеу құралының төлқұжаты;

- есептеу құралдарының зауыттық номерлерінің олардың төлқұжаттарында көрсетілген номерлерге сәйкес келуі;

- Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген есептеу құралының типін бекіту сертификаты;

- өлшеу құралдары мен байланыс желілерін монтаждау сапасы, сондай-ақ оның төлқұжат пен жобалық құжаттардың талаптарына сәйкес келуі;

- пломбалардың болуы;

- оны пайдалануға рұқсат берген уақыттағы құралдың көрсеткіштері.

8.4. Осы Әдістеменің талаптарына есептеу түйінінің сәйкес келмеуі жағдайында оны пайдалануға рұқсат етілмейді, ол туралы Актіде табылған кемшіліктердің барлығы көрсетіліп, жазылады.

8.5. Есептеу түйіні тұтынылған суды есептеуді бастауға Қызмет көрсетушінің өкілі мен Тұтынушының өкілі Актіге қол қойған сәттен бастап кіріседі деп саналады.

8.6. Суды есептеу түйіні берілген суды есептеуге жарамды деп Қызмет көрсетушінің, қызмет көрсетуші компанияның өкілдерінің және суды есептеу түйіні орнатылған объектінің жетекшісінің Актіге қол қойған сәтінен бастап саналады.

8.7. Тұтынушының Қызмет көрсетушінің өкілін есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру үшін шақырту оны жабдықтау күнінен 10 күн бұрын жүзеге асырылады, ал өкілін есептеу түйінін пайдалануға рұқсат беру турлы шешім тұтынушының өтініш берген күнінен 15 күннен кем емес мерзім ішінде қабылдануы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет