- Технологиялық жобалау ең аз техника-экономикалық көрсеткіштермен жоғары сапалы құрылыс өнімін шығаруын камтамасыз ететін құрылыс процестерін орындау үшін ең жақсы ұйымдастыру-технологиялық шешімдерін табуын көрсетеді.
- Ең жақсы шешім көптеген мүмкіншілік шешімдер ішінен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді: өзіндік құнын, үзақтылығын еңбек сыйымдылығын салыстыру және таңдау арқылы үйлесімді вариантты табуды қарайды.
- Технологиялық жобалаудың қорытынды құжаттарына жататындар:
- - жұмыс өндірісінің жобасы,
- - технологиялық карталар
- - құрылыс өндірісінің еңбек процестерінің карталары.
Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) - технологияны, орындау мерзімін және құрылыс-жинақтау жұмыстарын қаржылармен камтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін түрғызу бойынша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба. - Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) - технологияны, орындау мерзімін және құрылыс-жинақтау жұмыстарын қаржылармен камтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін түрғызу бойынша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба.
- ЖӨЖ-ге кіретіндер:
- - объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді торлы график;
- - құрылыстық бас жоспар;
- - технологиялық карталар;
- - құрылыс түзілістері, бұйымдары, материалдар және жабдықтардың объектіге түсу графигі;
- - объект бойынша жұмысшы кадрлары және негізгі құрылыс машиналары жылжу графигі;
- - геодезиялық жұмыстар өндірісі бойынша шешім; кауіпсіз техника бойынша шешімдер;
- - технологиялық инвентарь жеке жинактау жабдықтар тізімі;
- - уақытша жүйелер жасау бойынша шешімдер;
- - техника-экономикалық көрсеткіштер.
Достарыңызбен бөлісу: |