Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) - технологияны, орындау мерзімін және құрылыс-жинақтау жұмыстарын қаржылармен камтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін түрғызу бойынша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба. - Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) - технологияны, орындау мерзімін және құрылыс-жинақтау жұмыстарын қаржылармен камтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін түрғызу бойынша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба.
- ЖӨЖ-ге кіретіндер:
- - объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді торлы график;
- - құрылыстық бас жоспар;
- - технологиялық карталар;
- - құрылыс түзілістері, бұйымдары, материалдар және жабдықтардың объектіге түсу графигі;
- - объект бойынша жұмысшы кадрлары және негізгі құрылыс машиналары жылжу графигі;
- - геодезиялық жұмыстар өндірісі бойынша шешім; кауіпсіз техника бойынша шешімдер;
- - технологиялық инвентарь жеке жинактау жабдықтар тізімі;
- - уақытша жүйелер жасау бойьшша шешімдер; техника-экономикалық көрсеткіштер.
Технологиялық карта (ТК) - - құрылыс-жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясы іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат.
- Технологиялық картаға кіретіндер:
- - пайдалану саласы;
- - жұмысты ұйымдастыру және орындау технологиясы;
- - еңбек шығындарының, машиналық уақыттың және еңбек ақысының калькуляциясы;
- - жұмыс өндірісінің графигі;
- - материалдық-техникалық қаржылар;
- - қауіпсіздік техникасы; техникалық-экономикалық керсеткіштер.
- Технологиялық карта төрт топты мөлшерлік құжаттарды бейнелейді:
- I - картаның пайдалану саласы және технологиялық талаптар;
- II- технологиялық ережелер; өнім алу тәсілдері және әдістері;
- ІII - техника-экономикалық көрсеткіштер;
- IV - материалдық-техникалық қаржылар.
Достарыңызбен бөлісу: |