1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Шығармалары Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір- тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. - Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым- бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады.
- Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым- бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады.
- Ұлы күйші, композитор, халық арасына кең тараған “Балбырауын”, “Сарыарқа”, “Кішкентай”, “Көбік шашқан”,“Серпер”,“Алатау” және тағы басқа күйлердің авторы Құрманғазы Сағырбаев қазақтың аспаптық музыкасының басты бір саласының негізін қалаушысы. Басқа да халық мәдениеті саласының көрнекті өкілдері сияқты, Құрманғазының шығармашылығы да, өмірі де сол өзі өмір сүрген заманның тарихи –көркемдік шежіресі болды. Құрманғазы тек қана қазақ аспаптық музыкасының батыс қазақстандық дәстүрінің негізін қалаушысы ғана емес, сонымен қатар оның Дина, Мәмен, Көкбала, Ерғали Есжанов және басқа көптеген дарынды күйшілердің шығармашылық жолдарының қалыптасуына тигізген ықпалы да мол болды. 1888 жылы Құрманғазыны Астрахан облысының Володар жеріндегі Сахмаға мал-мүлік, жаңа киіз үй беріп жүкті кемемен, көмекші жігіттерімен аттандырады. Ол күнде қатынас қиын, су көп. Малый-арал – Бәйбек аралығынан малдарын Қиғаш өзенінен өткізіп аман-есен Сахмаға жеткіздіріп береді.
- 1993 жылдың 7қыркүйегінде «Атырау» газеті Берік Қорқытовтың «Нарын еді жайлауым...» деген мақаласын жариялады. Онда Құрманғазы Сағырбаевтың өлеңдері басылып, оның қай жерде, қашан айтылғанына түсінік берілген. Сол газетте 2007 жылдың 28 шілдесінде журналист Р. Иманғалиевтің «Құрманғазының шөбересі Аққыстауда тұрады» деген мақаласы жарияланды. Құрманғазы қайтыс болған соң оның ұлы Қази мен келіні Әуес және екі қызы Көктерекке көшіп кетеді. Әуес сол жерде дүниеден өтеді ХІХ ғасырдың асаи көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
- Дина Нұрпейісова (1861-1955) ұстазы Құрманғазыға арнап «Жігер» күйін шығарған. Тоқсан төрт жасында күй анасы Дина әжеміз өлерінде әлсіз саусақтарымен Құрманғазының «Қайран шешем» күйін бастап, саусақтары икемге келмей көз жұмады. Динаның сүйегі Алматының орталық зиратында, М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтың артында, тасада жатыр. Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Қосайдың Бәлиі, Маңғыстаудың «Қырықкез» деген жерінде жерленгені мәлім. Оның да кесенесін Мақсұт Нұрқабаев тұрғызған. Осы Қашаған Құрманғазымен көп жолдас болған. Құрманғазының інісі Байғазы ұрпағы Самара облысына көшкен. Құрманғазының Қази, Құбаш деген екі ұлы болған. Қазидың ұрпағы әзірге белгісіз. Ал Құбаштан үш бала: Төлеу, Төлеген, Кәрім туған. Төлеуден Тәнзила (балалары Салахиден, Саламат, Салауат, қыздары – Бақытжамал, Зоя Атырау өңірінде тұрады). Төлегеннен өрбіген Кәкім Аққыстауда, қыздары Дариға, Әлима, Әсималар Атырау қаласында тұрады. Құбаштың үшінші ұлы Кәрім ұрпағы Володарда. Құбаштан туған Жұманың Зияда деген қызынан Рашид, Дамир, Мұрат және үш қыздың Алтыны мен Сәниясы Ақтау қаласында, Әния Алматыда. Олар Құсайыновтар әулетінен тарайды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |