Құрметті аудандық мәслихат депутаттары! Құрметті сессияға қатысушылар!



Дата23.02.2016
өлшемі103.69 Kb.




«Ауданның 2015 жылдың І-жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» мәселесі бойынша аудан әкімі С.Ы.Мақашовтың аудандық мәслихаттың 2015 жылы өткен кезекті сессиясында жасаған БАЯНДАМАСЫ
Құрметті аудандық мәслихат депутаттары!

Құрметті сессияға қатысушылар!
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аудан эконономикасын нығайту бағытында біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде аудан экономикасының көптеген салаларында макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылы барлығы 21 983 гектар егіс орналастырылды, оның ішінде 15 390 гектарына күріш дақылы себілді. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 596 гектарға немесе 102,8 пайызға, оның ішінде күріш көлемі 1069 гектарға, немесе 107,5 пайызға артық егілді.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп 603,5 млн теңге көлемінде субсидия есептеліп берілуді.



Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1 млрд 213 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға өсті.

Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетіліп келеді.



«Сыбаға» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда филиалы және «Қорқыт елі НС» ЖШС арқылы 22,5 млн теңге несие алып, оған 126 бас аналық, 4 бас асыл тұқымды бұқа алып, тұқымдық түрлендіруге қатыстырылды.

«Құлан» бағдарламасы аясында Қармақшы ауылдық округінен Жеке кәсіпкер Б.Қыстаубаев 7,0 млн теңге, Ақтөбе ауылдық округінен «Дос» шаруа қожалығы 5,5 млн теңге несие алып, 55 бас бие, 6 бас асыл тұқымды айғыр алып өсіруде. Иіркөл ауылдық округінен «Сүйінтай» шаруа қожалығы 11,0 млн теңгеге жобасын өткізіп,қаралуын күтуде.

Жергілікті мал тұқымын асылдандырудың өнімділігі мен сапасын жақсартуға байланысты «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамының ақпараттық талдау жүйесіне 22 шаруашылық енгізілсе, оның 19-ы тұқымдық түрлендіру талаптарына сай жұмыс атқаруда.

Ауданда 2015 жылдың 1 қаңтарына 10749 бас аналық болса, осы аналық мал басының 1245 басы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылып, 11,6 пайызын құрады. Мал шаруашылығын қолдау бағытында 12,2 млн теңге субсидия берілді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 1,3 пайызға, жылқы 5,8 пайызға, түйе басы 0,3, қой-ешкі 1,4 пайызға өсті.

Есепті кезеңде 1428 тонна ет, 2551 тонна сүт, 218,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,9 пайызға, сүт өнімі 3,0 пайызға өсті.

Кәсіпкерлік саласы: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту динамикасы жаман емес. Есепті кезеңде тіркелген шағын субъектілердің саны 2390-ға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 5 641 адамды құрап 3,0 пайызға өсті.

Аймақтық үйлестіру кеңесіне «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 539,0 млн теңгенің 4 жобасы ұсынылып, кеңес шешімімен мақұлданды



«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған 3 жоба кеңестің шешімімен мақұлданып, қаржыландырылды.

Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 3 жобаның құжаттары қаралуда.

Аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд 418 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,6 пайызға өсті.

Ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 550,4 млн теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 100,7 пайызды құрады.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд 367 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 82,6 пайызды құрады.

Есепті кезеңде 8 736 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 569,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,7 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдармасы» аясында республикалық бюджеттен бөлінген 28 681 мың теңге қаржыға, аудан бойынша 6 көпқабатты тұрғын үйлерге, оның ішінде Жосалы кентіндегі Сегізов көшесі № 37 үй, Ізтелеуов көшесі № 4 үй, Төретам кентіндегі Жанқожа батыр көшесі № 27, № 29 үйлерге және ІІІ- Интернационал ауылдық округіндегі Цай Ден Хак көшесіндегі № 27, Наурыз көшесі № 2 үйге күрделі жөндеу жұмыстары маусым айынан бастап жүргізілуде.



Автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарына да үлкен мән берілуде.

Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына 28,6 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеу бойынша жалпы құны 1676,8 млн теңгенің 5 жобасын жүзеге асыруға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биылғы жылы 793,0 млн теңге бөлініп, 3 жоба іске асырылуда.

Бұл, «Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» (4 кезең) (238,2 млн теңге), «Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (190,3 млн теңге) және «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (364,3 млн теңге). Нысандар толық пайдалануға үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі.



Елді мекендерді абаттандыру, көркейту - көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жылы барлық кент және ауылдық округтеріне абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аудандық бюджеттен қаржы бөлінді.

Атап айтқанда: Абаттандыру жұмыстарына 397 млн 211 мың теңге, санитарияға 15 млн 929 мың теңге, жарықтандыруға 40 млн 18 мың теңге.

Қазіргі таңда бөлінген қаржыларға елді мекендерде абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы аудандық бюджеттен 212,6 млн теңге бөлініп, «Мәңгілік ел» монументінен бастап май құю станциясына дейінгі аралыққа қазақ халқының өткені мен бүгіні бейнеленген, келер ұрпаққа оның маңыздылыгын насихаттайтын ескерткіштермен әспеттелген саябақтар салынуда.

Қармақшы ауданы бюджетінің 2015 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 4 млрд 318 млн 160 мың теңге болып, нақты 4 млрд  378 млн 387 мың теңгеге атқарылды, немесе 101,4 пайызға орындалды.

Есепті кезеңге аудан бюджетінің өз кірістерінің жоспары 429 млн 974 мың теңге болса, нақты 490 млн 201 мың теңгеге атқарылып, 114,0 пайызды құрады.

Аудан бюджетінің шығындар жоспары 4 млрд  536 млн 942 мың теңге болып, нақты 4 млрд 501 млн 920 мың теңгеге, яғни болжам 99,2 пайызға атқарылды. Жоспарланған бюджет шығындарының 35022,0 мың теңгесі игерілмеді.

( Игерілмеген 35022,0 мың теңге бюджет шығындарының 22103,0 мың теңгесі (63,1%) ауыл, кент әкімдері аппараттарының, 3206,0 мың теңгесі (9,1%) аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің, 2999,0 мың теңгесі (8,5%) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің шығындары құрады.)

Игерілмеген қаржылардың негізгі себебі, мемлекеттік сатып алу конкурстары қорытындысымен үнемделуінен, мемлекеттік сатып алу жеңімпазы әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізіп бермеуіне байланысты, күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалмауына байланысты, жұмыстар мен қызметтердің мерзімінде орындалмауына байланысты.

Бюджеттік жоспарлау ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен орын алатындықтан, салық базасын нығайту және өз түсімдерімізді ұлғайту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Соған сәйкес барлық резервтер мен мүмкіндіктерді қарастырыру мақсатында аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту жөніндегі жұмыс тобынының жанынан 4 жедел топтар құрылды. Құрылған жедел топтар бекітілген өз іс-шаралары бойынша жұмыс жасауда. Топ жетекшілері әр апта сайын атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп отырады.

Сонымен қатар салық базасын кенейту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қармақшы ауданың дамытудың «Жол картасы» әзірленіп, жүзеге асырылуда.

«Жол картасы» іс-шарасы бойынша облыстық бюджеттен №1 индустриялды аймаққа 112,0 млн теңге, «Сарыөзек» көлінде гидротехникалық тоспа құрылысын салуға 18 037 мың теңге, «Қаракөл» мен «Таскөл» көлдерінің экологиялық күйі және сумен қамтамасыз етуін жақсартуы бойынша жоба-сметалық құжаттарды дайындау мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 740 мың теңге,Қуандария каналының «Қоңыраұлы» учаскесіндегі көлдер жүйелерінің экологиялық күйі және сумен қамтамасыз етуін жақсартуы бойынша жоба-сметалық құжаттарды дайындау мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 4 800 мың теңге бөлінді. «Жол картасындағы» іс-шаралар толық іске асырылған жағдайда біраз мәселелер өз шешімін табады.



Әлеуметтік салаға келсек қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 967 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 1,9 пайызды құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға көбейіп отыр. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады..Жыл аяғына дейін 5,2 пайызға төмендеу жоспарлануда. (Облыста бұл көрсеткіш 5,0 пайыз)

Жалдамалы жұмысшылар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеген. Себебі өткен жылы «Жосалы жол дистанциясы» мекемесі жабылып, Қазалы ауданына қосылды.

2015 жылдың 1 шілдесіне 274 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 316 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 199 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекет тарапынан 166,7 млн теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері төленді.

Ауданда әлеуметтік көмек алушылардың саны азаюда. Жыл басынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 99 адамға, тұрғын үй көмегін алушылар саны 223 отбасыға азайып отыр.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының І - бағыты аясында облыстық бюджеттен 87 857 мың теңге бөлініп, Жосалы кентінде №105 орта мектептің және №2 «Жұлдыз» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 18 адам жұмысқа жолданды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ-бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту» бойынша шағын несиелендіруге 262,2 млн тенге қаралған. Қазіргі таңда 49 адам шағын несиелерін алып, кәсіптерімен айналысуда.

ІІІ-бағытының І-құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша 10 айлық кәсіби даярлау курстарына 90 азамат жолданды. Қаралған қаржы көлемі 24,5 млн теңге.

«Әлеуметтік жұмыс» орындарында 80 адам 27 мекемеде жұмыстарын жалғастыруда, республикалық бюджеттен қаралған қаржы көлемі 11,4 млн теңге.

«Жастар тәжірибесіне» 5,3 млн. тенге қаралған. 26 адам 16 мекемеге жұмысқа жіберілді.

ІІ-құрамдас бөлігі «Оқу және қоныс аудару» бағыты бойынша Т.Көмекбаев ауылында салынып жатқан екі пәтерлі 7 қызметтік тұрғын үй құрылысы объектісі бойынша құрылыс монтаж жұмыстары толық аяқталған, қазіргі таңда жұмысшы комиссиясы өткізіліп, үйлердің рәсімдеуші құжаттары әзірленуде.

Білім саласы. Білім саласында білім сапасын көтеру жөнінде жүргізіп келе жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Аудан бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестке өтініш берген 427 мектеп бітірушінің 265-і (62,1%) қатысты. Мектеп бітірушілердің ҰБТ қорытындысымен орташа балл көрсеткіші 83,1.(облыс бойынша орташа көрсеткіші 81,7 балл)

8 бітіруші «Алтын белгі», 1 үміткер «Үздік аттестат» иелері атанды. Ұлттық бірыңғай тестің қорытындысы бойынша біздің аудан облыс көлемінде ІІ-орынды иеленді.



«Балапан» бағдарламасы: Бүгінгі таңда ауданда 25 балабақша және 20 шағын орталықта 2972 бүлдіршін тәрбиеленуде.Бүгінде бұл мекемелер 3-6 жастағы балалардың 94,6 пайызын қамтып отыр.

Ағымдағы жылы «Балапан» бағдарламасы аясында Ақай ауылында 280 орындық балабақша пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Төретам кентінде 60 орындық жеке балабақша, Жосалы кенінде 75 орындық жеке балабақша ашу жоспарланып отыр.

Бұл мәселелер өзінің толықтай шешімін тапқан кезде, яғни 2015 жылдың аяғына 3-6 жас аралығындағы балалар 100,0 пайыз балабақшамен қамтылатын болады.

Биылғы жылдың жазғы кезеңінде аудандағы 1-10 сынып аралығында 8321 оқушының 8219 немесе 98,0 пайызы жазғы демалыс және еңбекпен қамтуға тартылды. Бұл жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табуда.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қалыптастыру, жастардың бос уақытын ұтымды пайдалана отырып спорттық, патриоттық, мәдениетті тануға, салауатты өмір салтына баулу мақсатында іс-шара жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы 500-дей мұғалім жұмыс істейтін 6 Байқоңырлық мектебі мен 1 балабақшаны ауданға алу жұмыстары жүргізілуде. Оларға облыстық бюджеттен тиісті қаржылар бөлінді.

Денсаулық саласы бойынша: Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бағдарламасына сәйкес тәуліктік стационарлардың төсек орындарын азайтып, күндізгі емдеу стационарына басым бағыт берілген.

Күндізгі емдеу стационарында 2015 жылдың 6 айында – 1431 науқас емделген.

Соңғы 3 жылда ана өлімі тіркелмеген болса, бала шетінеуі төмендеді.

Аудан тұрғындары арасында туберкулез ауруын азайту мақсатында оңтайлы жұмыс жүргізілуде.

100,0 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауру деңгейі 26,0 пайызды құрап отыр. 2014 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 29,8 пайыз болған. Туберкулез ауруынан есеп беру аралығында туберкулезден қайтыс болған жоқ.

Мәдениет саласы бойынша жалпы жыл басынан бері 189 мәдени шаралар өткізілді.

Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,5 млн теңгеге сахналық киім комплекті компьютерлер мен музыкалық аппаратура сатып алынды. Сонымен қатар 24,5 млн теңгеге аудандық мәдениет үйінің қас бетіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Солнымен қатар Ақтөбе ауылдық мәдениет үйіне аудандық бюджеттен 47,0 млн теңге бөлініп, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жосалы кент орталығынан мұражай-кітапхана құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі.



Спорт саласы: Аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Есепті мерзімде 88 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 6069 спортшы қатысты.

Қазіргі таңда ауданда спортпен шұғылданушылардың саны 12960-қа жетті. Бұл аудан халқының 24,1 пайызы бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысады деген сөз. Жыл аяғына дейін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 25,0 пайызға жеткізіледі.

2015 жылдың 6 айында аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында 10-алтын, 7-күміс 8-қола медальды жеңіп алса, Азия чемпионатында 2-алтын медальді жеңіп алды.



Қылмыс. Есепті кезеңде аудан көлемінде жалпы саны 245 қылмыс тіркелді, оның ішінде ауыр және ерекше ауыр қылмыстың саны – 11. Тіркелген қылмыстың 56,3 пайызы ұрлық.

Ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 100,0 пайызды құрады. (2014 жылдың 6 айы 68,4 пайыз)



Жер қатынастары. 2014 жылы аудандық бюджетке барлығы 26 млн 478 мың теңге түсірілсе, 2015 жылдың 6 айында 12 млн 293 мың теңге түсірілді.

Құрметті депутаттар!

Аудан әкімдігі Елбасы саясатын жүзеге асыруда елмен етене арласып, кент, ауыл әкімі аппараты арқылы күнделікті жағдайдан хабардар болып отырады. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы, ең алдымен, ел игілігі үшін. Елбасы тапсырмаларының нақты орындалуы – оның елдің әл-ауқатын арттыру жолындағы саясатының жүзеге асырылып жатқандығының көрінісі деп білуіміз қажет.



Алдағы уақытта да өздеріңізбен қоян-қолтық жұмыс атқара отырып, Елбасы саясатын, Үкімет пен облыс әкімі тапсырмаларын жүзеге асыра береміз деп Сіздерді сендіргім келеді.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: assets -> files
files -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
files -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
files -> «севказэнерго»
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1057/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы
files -> Справка о состоянии безопасности движения за 15 апреля 2013 г. Забайкальская ж д. Читинский регион
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1059/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы №3614 болып тіркелген
files -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазаңдағы
files -> 25 января 2015 г ст. Мальта техническое заключение по случаю обрыва автосцепок вагонов №65028029, №67012013, №67023432, №68633445 в составе грузового соединенного поезда №9224 при следовании по перегону Белая – Мальта в сутках 24
files -> «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ 2012-2014 жылдарға арналған есепті мәліметтері (тонна)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет