Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Қанат Әбілқайырдың «Қара мысық»


Ол қылмысты ең алдымен билік басындағылардың ӛзі жасайды. Шенділердің жауапқа



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата23.07.2024
өлшемі0.57 Mb.
#503026
1   2   3   4   5   6   7
Қара мысық Қ.Әбілқайыр

Ол қылмысты ең алдымен билік басындағылардың ӛзі жасайды. Шенділердің жауапқа 


тартылмауы, жазаланбауы қоғамдық санаға әсер етеді. Сосын, мемлекетте биліктің қылмысынан да 
асып түсер айуандықты жасайтын қылмыстық топтар пайда болады.
– Олар түбі ұсталады ғой.
– Түбі емес, қылмыс ізі суымай жатып, сол сәтте-ақ ашылуы мүмкін. Қылмыскер ӛзін ұстаған 
полицияға пара береді де, тайраңдап бостандыққа шығады.
– Полицейді, ол кӛнбесе прокурорды, ол болмаса сотты сатып алады дейсіз ғой…
– Иә, дәл бүгінгідей. Ұсталған қылмыскер жауапқа тартылмаған соң, артында не қалады? Қара 
мысықтың суреті.
– Сосын, қылмыскердің табылмауы, табылса да жазаға тартылмауы «Қара мысық» туралы 
аңыздардың шоғын үрлеп береді.
– Мұндай қылмыстар әділетсіз биліктің ауысар шағында, қоғамдық сана ӛзгеретін кезеңде тым 
кӛбейіп кетеді.
– Иван Митиннің де «Қара мысығы» Сталиннің тӛсек тартып жатқан уағымен тұспа-тұс келіпті. 
Кӛп ұзамай Хрушевтің жылымық кезеңі басталған.
Дұрыс айтасың, майор жолдас. – дедім тағы майорды қоштап. Иван Митиндер Екінші 
дүниежүзілік соғыс кезінде ер жетіп қалған балалар еді. Соғысқа жасы жетпей, бара алмаған. «Соғысқа 
барсақ, біз де батыр болар едік» деген сӛзі де бар ғой, Иванның… Егер ол бейбіт күнде жер 
жастандырған құрбандарын майдан даласында ӛлтірсе, сӛзсіз Кеңес одағының батыры атанар еді… 
Еңбек Қызыл ту орденін алу да оның жанкешті адам болғанының айғағы… 
Осы жайларды майорға түсіндірген болдым.
– Сӛзіңізді бӛлгеніме кешіріңіз, подполковник мырза! Сіз билікті, билік жүйесін, қоғамды 
кінәлап, қылмыскерлерді ақтап алып отырған жоқсыз ба?
– Иә, сыртқа солай кӛрінуі мүмкін. Әнелді ӛлтірген қылмыскерлер қабырғаға мысықтың суретін 
не үшін салды деп ойлайсың. «Қапелімде ұстала қалсақ та, пара беріп, бостандыққа шығамыз» деген 
емеурін емес пе? «Адам емес, қара мысық жасады» деп мистикаға итере салу бәріне оңай. Әділетсіз 
қоғамда қылмысқа жауапты адам табу мүмкін емес. Қылмыс атаулыға кінәлі тек қара мысықтар… 
Мұның соңы – хаос. Меніңше, адамның жанын түршіктірер қылмыс кӛбейгенде биліктің ауысқаны 
дұрыс. Ол ауыспаса, соңы қантӛгіске апарады. Осы жайларды майорға тәпіштеп түсіндірген болдым.
– Кешіріңіз, подполковник мырза! Мен сіздің сӛзіңізге келісе алмаймын. Алматыдағы бір ғана 
қылмыс үшін, бүкіл билік жүйесін, саясатты кінәлау дұрыс емес. Қылмыскердің айуандығын қоғамдық 
жүйеге қарсылық ретінде бағалау тіпті қисынсыз.
– Сіз тым еркінсіп кеткен сияқтысыз, – дедім майорға қабақ шытып.
– Кешіріңіз, мен байқамай… Сонда да… – деп кілт тоқтады.
Дәл осы сәтте шопырым телефон соғып, есіктің алдында келіп тұрғанын хабарлады. Біз кӛлікке 
міндік. Шопырға Kcell-дің кеңсесіне баратынымызды айттым.
*** 
Біз мінген кӛлік Абылай хан даңғылымен жоғары қарай су жорғадай ағызып келеді.
– Майор, сенің сӛзіңнің де жаны бар шығар, – дедім сізден сенге кӛшіп.
– Кім білсін? – деді майор далаға қарап. Кӛлігіміз лезде Абай даңғылына жетіп, Республика 
сарайы жаққа бұрылды.
– Сіздің айтқаныңыз рас болса, Желтоқсан кӛтерілісінің алдында да айтуға ауыз бармайтын 
қылмыстар кӛбеюі керек еді ғой.
– Адам жегіш Жұмағалиевтің қылмысын ұмытпаңыз, – дедім майорға.
– Сосын, адам етінен бәліш жасап сатқан әйелдің ісі де есіңізде болсын. – Рас, мұндай шетін 
оқиға әр кезеңде болып тұрған. Бірақ, оның бәрі саналы түрде билікке жасалған протест емес қой.
– Бүгінгі қылмысты да билікке, я қоғамға жасалған протест деп тұрғаным жоқ. Қылмыскер ӛзі де 
бұл ісін жүйеге кӛрсеткен қарсылығым деп ойламайды.
– Сонда не? – Ырықсыз дүние… Мұны дабыл деп түсіну керек. Биліктің ауысу керектігін 
білдіретін сигнал.
– Ол сигналды берген қылмыскерлер ақылды ма, сонда?


– Жоқ. Бұл мемлекет заңын сыйламаудың белгісі. Заң бай мен жарлыға ортақ болмаған елде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет