бейберекетсіздік басталады.
– Ол бейберекетсіздіктің соңы тӛңкеріс қой.
– Иә, тӛңкеріс. Бүгінгі қылмыскерлер ырықсыз, яғни ӛздері сезбесе де жүйенің ауысар кезінің
жеткенін хабарлап тұр.
Кӛлігіміз Достық даңғылына жетіп, тағы да жоғары бұрылды.
– Подполковник мырза, сіздің айтқан философияңызды екеуміз мойындадық, ал. Сосын, не
ӛзгереді?
– Ештеңе де… Бұл кезде біз Оқушылар сарайының алдынан ӛтіп бара жатыр едік.
– Майор, сіздің ойыңызша келіншекті кім ӛлтіруі мүмкін?
– Бандиттер. Бандиттер барлық базарларды билеп тұр ғой. Саудагер келіншектен айына салық
алып отырғысы келген шығар. Оған Әнел кӛнбеген…
– Сосын…
– Әнел мен күйеуінің үй алу үшін ақша жинап жүргенін білетін таныстары…
– Таныс адам болса, не үшін шарананың басын кесіп алады?
– Білмеймін… Үшінші нұсқа күйеуі болуы мүмкін. Әнел ойнас жасап, басқа біреуден жүкті
болып қалған…
– Майор, алдымен бандиттер деген нұсқаны тексеру керек сияқты. «Саяхат» жерасты ӛткелін
қандай мафия «крышавать» етеді. Соны анықтау керек. Саудагерлер бірігіп, оларға наразылық танытуы
мүмкін. «Тағы бас кӛтерсеңдер, сендерді де, бала-шағаңды да аямаймыз» деген сигнал болып
шықпасын…
– Жерасты ӛткелдегі саудагерлер жақ аша қояды дегенге сенбеймін. Қызметтік кӛлігіміз Достық
даңғылымен зулап келіп, Жолдасбеков кӛшесінен оңға бұрылды. Қонаев дәуірінде салына бастаған алып
стадион тасбақадай жарбиып жатыр. Қаланың қақ ортасындағы салынып бітпеген ғимарат шаһардың
кӛркін бұзып тұрғандай. Айналасы толған жайма базар. Ол кезде Алматыда жайма базар ӛте кӛп еді,
бірақ бүгінгідей әйнек үйлер жоққа тән болатын. Түріктер салған «Анкара» қонақ үйі мен Самал
ықшамауданындағы жиырма қабатты Kcell-дің ғимаратына таң қала қарайтынбыз. Кӛлігіміз
Жолдасбеков кӛшесінен Меңдіқұлов кӛшесіне бұрылды да, Kcell операторының бас кеңсесі саналатын
кӛпқабатты әйнек үйдің алдына тоқтай қалды.
– Майор, менімен бірге жүріңіз, – дедім серігіме…
***
Kcell компаниясының бастығы түрік жігіті екен. Біздің алдымызға тәтті тоқаштар әкеп қойды.
Сосын, түймедей ғана стаканға құйылған қою қара шай алғызды.
– Шайдан алып отырыңыздар, – деді түрік жігіт бәйек болып.
– Ықыласыңызға алғыс айтамын, – дедім мен. – Kcell компаниясының ұтыс ойынына қатысты
сұрақтарым бар еді, – деп сӛзімді жалғадым.
– Сіз қарсы болмасаңыз, компанияның заңгерін шақырайын, әлдебір заңсыз әрекет жасадық па? –
деді түрік жігіт ішкі қорқынышын жасыра алмай.
– Заң бұзсаңыздар прокуратураның санкциясымен бір-ақ келер едік, – дедім мен.
– Жай, қылмысты ашу үшін кӛмек сұрай келдік. Заңгердің қажеті бола қоймас.
– Қызметік куәлігіңізді кӛрсем бола ма? Кешіріңіз… Мен ауыз күйдірер ыстық шайды бір ұрттап
алдым да, тӛсқалтамдағы куәлігімді суырып, қолынан ұстата салдым.
Түрік жігіт «Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Криминалды полиция басқармасының
басшысы, подполковник Бәкіров Әди Әлімұлы» деген жазуды ежіктеп, әрі дауыстап оқып шықты.
– Ӛзіме жазып алсам бола ма? – деді сосын.
– Қарсы емеспін, – дедім мен. Ол алдында тұрған қалың дәптерге атыжӛнімді, қызметімді латын
әріптерімен тым тез жазып шықты да, «құлағым сізде» деді.
– Ұтыс ойын туралы «sms» кімдерге жіберіледі?
– Барлық абонементке.
– Бұдан компанияға қандай пайда бар?
– Бүкіл Қазақстан бойынша ұтысқа қатысқысы келетіндер бізге миллиондаған «sms» жолдайды.
Әр «sms»-тің құны 9 теңгеден. Қоңырау шалудың құны арзандаған сайын, клиенттер бір-біріне «sms»
жазбайтын болды. Біз Жаңа жыл мерекесінің алдында ұтыс ойнатып, «sms»-тен түсер пайданы еселеп
алғымыз келді.
– Сыйлық қалай беріледі?
– Sms-тен түскен пайданың отыз пайызына бағалы сыйлықтар аламыз. Жеңімпаздар ұтқан
сыйлықтарын Ксell компаниясының ӛнімін сататын кез келген дүкеннен алып кете алады.
– Бір нӛмірге сыйлық алғаны жӛнінде «sms» жіберсек… Ӛте ауыр қылмысты ашу үшін ауадай
қажет болып тұр.
– Ресми хат жолдасаңыздар, заңгерлер келіссе…
– Ресми хат та жолданады, заңгерлер де келіседі, – дедім мен.
– Мен айтқан «sms-ті» дәл қазір жолдауымыз керек. Ыстық қою шайды сүйсіне сораптап ішіп
отырған жігітке Әнелдің 8 301 487 15 .., – деп басталатын нӛмірін бердім.
– Қаланың ортасында сіздердің ӛнімді сататын қандай дүкендер бар?
– ЦУМ-да…
Түрік жігіт қаладағы барлық дүкендерді тізе бастап еді, мен оны тоқтаттым.
– ЦУМ-да қай қатар, қай орын?
–
Бірінші
қабат,
екінші
қатар,
он
үшінші
орын.
– Маған қағаз бен қалам берсеңіз. Түрік жігіт берген қағазға: «Құрметті, абонемент! Сізді Kcell
компаниясының ұтысын жеңіп алуыңызбен құттықтаймыз! Бағалы сыйлығыңызды 27 желтоқсан күні
сағат 15.00 мен 18.00 арасында әкетсеңіз болады. Біздің мекенжайымыз ЦУМ сауда орны, 1 қабат, 2-
қатар, 13-орын»…
– Майор, компанияның заңгерімен сӛйлесіңіз. Дереу менің атымнан компанияға ресми хат
жазыңыз!
– Ал, сізге айтарым, sms дәл қазір жолданатын болсын! Бұл ӛте маңызды бұйрық. Орындау сіздің
міндетіңіз, – дедім сӛзімнің соңын түрік жігітке арнап. Осыны айттым да, орнымнан тұрып жүріп кеттім.
***
Жұмыс орныма жетіп, Алматы қалалық ішкі істер департаменті басшысының қабылдауына
кірдім. Қылмыс жайындағы барлық мәліметті генералға баяндадым. Арнайы операция
ұйымдастыратынымды, ертең сағат үшке дейін ЦУМ-ға Жетінші басқарманың жігіттерін жұмылдыру
керектігі туралы ойымды айттым. Kcell-дің менеджері ретінде әдемі полицей қызды қойып, оны дабыл
беру тетігімен қамдау керектігін де жеткіздім.
– Подполковник жолдас, сіз баланың ойынын ойнап отырсыз, – деді генерал бірден. Генералдың
ойымды құптамайтынын білгенмін. Себебі, бастығым аса белсенді қызметкерлерді ұнатпайтын.
Сондықтан да, бізде жұмыс барысына тың идея қосу, жеке ой айту деген мүлдем жоқ. Берілген
тапсырманы ғана орындаймыз. Қағаз-құжатың дұрыс болса болғаны, басқаға бас қатырмайды.
– Қазір әркімді бір тергеп, қағаз толтырып отыратын кез емес, генерал мырза! – дедім мен әдейі.
– Бұл әрекетіңіз нәтижесіз болса қайтесіз?
– Қол қусырып, қарап отырғаннан гӛрі осыным дұрыс деп ойлаймын.
– Оныңыз да жӛн шығар. Аса ауыр қылмыстар бӛлімінің басшысы Құрманбаевпен сӛйлестіңіз
бе?
– Оқиға орнына мен барған кезде ол кісі кетіп қалған екен.
– Құрманбаевпен ақылдасыңыз. Бұйрық дайындап қоямын. Жетінші басқарманың жігіттері
сіздің құзырыңызда. Барыңыз! Генералға «қағаз толтырып» деген сӛзім тікендей қадаларын білемін.
Осылай алдын алып, ықтырып алмасам, операцияға рұқсат етпеуі мүмкін еді. Генералдан шығып, жолай
Алпамыс Құрманбаевтің кабинетіне соқтым. Ол кісі орнында жоқ екен. Хатшысы жұмыстармен қалада
жүргенін айтты. Сол жерде тұрып Құрманбаевқа қоңырау шалдым. Ол жарты сағаттан кейін менің
кабинетіме кіріп шығатынын айтты. Кабинетіме келдім де, хатшы қызға «Құрманбаевтан басқа мені
ешкім мазаламайтын болсын» дедім. Жұмыс орнымда шағын тоңазытқыш бар еді. Соның ішінде ылғи да
коньяк тұрады. Тастай суық бір стақан коньякты іштім де, диванға жантая кеттім. Қанша ойламайын
десем де, кӛз алдымнан бір бүйірлей жатқан Әнелдің, оның жанындағы басы кесілген шарананың
картинасы кетер емес. Әнелдің күйеуін тергеу керек шығар деген ой келді. Тергеушіге қоңырау шалдым.
– Әнел Күнбасованың күйеуінен сұрақ-жауап алынды ма?
– Алдық, подполковник мырза!
– Толтырған хаттамаңызды әкелсеңіз. Танысып шығайын деп едім. Телефон тұтқасын қойдым
да, хатшымды шақырдым.
– Қазір тергеуші хаттама әкеледі. Дереу менің қолыма тигізіңіз.
– Құп болады, подполковник мырза! – деп күлді хатшы қыз.
– Неге күлесіз?
– Қазір ғана Құрманбаевтан басқа ешкім мазаламасын дедіңіз ғой.
– Дедім… Хатшыға қосыла мен де күліп жібердім. Жарты сағат демалайын деген ойымнан лезде
айнып қалғаным, ылғи да осылай жұмыс істейтінім шынында күлкілі жай еді. Арада бес минут ӛтпей
жатып, қолыма Әнел Күнбасованың күйеуінен алынған сұрақ-жауап хаттамасы тиді. Тергеуші: Үйге
қаншада келдіңіз? Күнбасов: Сағат түскі бірден он бес минут кеткенде… Тергеуші: Не үшін келдіңіз?
Күнбасов: Жұмыс жақын болған соң келіншегім екеуміз түскі асты үйден ішетінбіз. Тергеуші: Келген
кезде күдікті ештеңе байқамадыңыз ба? Күнбасов: Жоқ, ештеңе байқамадым. Тергеуші: Есік ашық
қалып па? Күнбасов: Жоқ, құлыптаулы тұрды. Қоңырауды басып едім, ешкім ашпады. Сосын, Әнел
дүкенге кеткен шығар деп есікті ӛз кілтіммен аштым. Тергеуші: Келіншегіңіз екеуіңізден басқа кімде
кілт бар еді? Күнбасов: Ешкімде. Тергеуші: Балаңыз қайда еді? Күнбасов: Азанда балабақшаға апарып
тастағанмын. Тергеуші: Түске дейін жұмыста болғаныңызды немен дәлелдейсіз? Күнбасов:
Жұмыстағылардан сұраңыз. Ертеңгі 9.30-дан түскі 13.00-ге дейін орнымнан қозғалмай жұмыс жасадым.
Тергеуші: Әйеліңіз сізге біреулермен ӛштескенін, я қорқытқанын айтпап па еді? Күнбасов: Жоқ, ондай
ештеңе айтқан емес. Тергеуші: Екеуіңіздің араңызда ұрыскеріс болған жоқ па? Күнбасов: Жоқ,
келіншегіммен ұрысқан емеспін. Хаттаманы судыратып толық оқып шықтым. Хаттамадан түсінгенім,
есікті Әнелдің ӛзі ашқан. Яғни, қылмыскердің таныс адам болуы әбден мүмкін деген сӛз. Тергеуші
туыстары, достары, араласатын адамдары туралы да сұрапты. Бірақ, Күнбасов күдік келтіретіндей
ешқандай деректің шетін шығармаған. Демек, үй алуға жинаған ақшаның барын білетін адамның ісі
болып шығуы да ғажап емес. Хатшым Құрманбаевтің келіп тұрғанын хабарлады.
***
Алпамыс Құрманбаев екеуміз Қарағандыдағы милиция даярлайтын оқу орнында қатар
оқығанбыз.
– Әлеке, айтуға ауыз бармайтын сұмдық жағдай ғой, – деп бастады әңгімесін Құрманбаев.
– Үш ұйықтасаң да, түсіңе кірмейтін жағдай.
– Иә, менің де ақылыма сыймайды. Айғаққа жарайтын не бар?
– «Саяхат» автобекетін қазір кімдердің «крышавать» ететінін анықтадым. Олармен
Күнбасованың байланысы болмаған. Арнайы базарком бар екен. Сол базардағылардан айына бес мың
теңгеден жинап, «Жетеудің» жігіттеріне салық тӛлеп тұрады екен.
– Демек, жай «шпаналардың» (бандиттердің «алып кел, шауып келін» орындайтын ұсақ
бұзақылар) ісі болуы мүмкін ғой.
– «Шпаналар» «Жетеудің» қоластындағы жерасты ӛткеліне барып, мұндай сойқанды сала
алмайды.
– Басқа не анықтадыңыз?
– Бір жігіт ылғи Күнбасоваға гүл әкеп тұрушы еді дейді кӛрші саудагерлер… Оның
сыйлықтарын Күнбасова алмайды екен.
– Міне, әңгімені осыдан бастамайсыз ба?
– Ол жігіт жайлы басқа нені анықтай алдыңыз?
– Жасы жиырмаға енді толған бозбала кӛрінеді. Күйеуі бар, баласы бар келіншекке ылғи
қырындап, мазасын алатын болыпты. Ылғи, жерасты ӛткелден, Әнелдің қасынан шықпайды екен.
– Фоторобот жасаттыңыздар ма?
– Жасаттық, міне…
– Экспертизаның алдын ала болжам қорытындысы шықты ма? Күнбасова зорланған ба?
– Экспертиза қортындысы қазір шыға қоймайды ғой. Алдын-ала болжамға қарағанда келіншекті
зорламаған. Ешқандай күдік келтіретіндей белгі жоқ. Фотороботқа кӛз салдым. Аузынан уыз дәмі
кеппеген бозбала. Оның осындай айуандық жасауы мүлдем мүмкін еместей кӛрінді.
– Мына жігіт тым жас екен, – дедім Алпамысқа сынай қарап.
– Мұның жыртқыш болып шығарына сене алмай отырмын.
– Сонымен, күдіктілер ретінде кімді тануға болады? – деді Алпамыс.
– Бірінші – күйеуі, екінші фотороботтағы – жігіт.
– Бандиттер ше?
– Оларды да тексеру керек, – дедім мен. Біз Алпамыс Құрманбаев екеуміз ертең ЦУМ-да
болатын операция жайында ақылдастық. Құрманбаев менің «қара мысық» туралы күдігіме «Әлеке,
қылмысқа мистикалық кӛзқараспен қарау дұрыс емес» деп күлді. «Баланың қабырғаға салған шатпағын
қылмыспен байланыстырып, тергеушілердің басын қатыра кӛрмеңіз» деді езуіндегі күлкісін жия алмай.
Алпамыстың бұл сӛзін естіп, генералға қабырғадағы мысықтың бейнесі туралы ештеңе айтпағаныма
қуандым.
***
Ертесі күні таңғы сегізде майор екеуміз және кездестік. Жетінші басқарманың жігіттері сақадай-
сай екенін мәлімдеді.
– Операцияға ӛзіңіз басшылық етесіз бе? – деді майор тапсырманы толық орындағанын жеткізген
соң.
– Иә, ӛзім басқарамын. Қасымда Құрманбаев та болады.
– Подполковник мырза, мені кеше Құрманбаев ӛзіне шақыртқан. Ол кісі сіздің Жаңа жылдық
ұтыс жайлы операцияңызға сенбейтінін байқатты. «Әлекең баланың ойынын ойнап жүр» деп қалды.
– Генералдың да ойы содан алшақ кете қоймады. Жетінші басқарманың жігіттерін амалсыздан
берді.
– Нәтижесіз әрекетке барудан қорықпайсыз ба?
– Нәтижелі әрекет етейік, онда. Не істеуге болатынын сіз айтыңыз…
– Менің басыма еш идея келер емес.
– Онда Құрманбаев айтсын! Болмаса генерал…
– Подполковник мырза, кешіріңіз.
– Сен бұдан кейін жӛні жоқ кешірім сұрай берме. Құрманбаев «қара мысық» туралы ойыма күле
қарады, кеше… Енді, сен мынаны қара. Екеуміз «қара мысықты» талқылап бара жатқанымызда әйелім
қоңырау шалды ма?
– Шалды. Сол сәтте телефондағы sms кӛзіме түсті.
– Солай шығар.
– Тығырыққа тіреліп тұрғанда, бұл бізге Құдайдан жеткен белгі болуы мүмкін ғой. Солай емес
пе, майор?
– Сіз тым мистик екенсіз!
– Бұл дүниеде кездейсоқ ештеңе жоқ екені есіңізде болсын.
– Сонда да, біздің бақсылардай пал ашып отырғанымыз ақылға сия ма?
– Бақсылық дейсің. Мен оқиға орнына кіре бергенде ылыққан мысықтардың ащы дауысын
естідім. Сенбесең, шопырымнан сұра. Сосын, басы кесіліп, денесінен бӛлек жатқан шаранадан кӛзімді
ала қашқанымда бірден қабырғадағы мысықтың сұлбасын кӛрдім. Ол аз болса, Абылай хан
даңғылындағы кафеге кіре бере аяғыма қара мысық неге орала кетеді?
– Айтып отырған сӛзіңізге ӛзіңіз сенесіз бе?
– Криминалист болсын, жедел із кесуші болсын, алдымен түйсікке сену керек. Түйсігің не дейді?
Соны тыңдай білу керек. Сіз боссыз. Майор шығып кеткен соң, ӛзімнің не айтқанымды ойлап, ұялып
кеттім. Кешегі оқиға менің жүйкеме ауыр соққы болып тиген. Соның салдарынан ӛзімнен шені тӛмен
қызметкерге іштегі ойымды ақтара салып отырсам керек. Кеше ол, ауыр қылмыстардың кӛбеюін
қоғамдық санамен, бүгінгі мемлекеттің саясатымен байланыстырып, пәлсапа соқтым. Бұл басқарма
басшысының ашық айтатын сӛзі ме? Менің осындай мінезімді білетін әйелім «ӛз кӛріңді ӛзің қазып
жүресің» деп ылғи да кейіп отырады. Менің қызмет сатысынан тез ӛсуімнің ӛзі мистикаға толы. Бірақ,
оны кімге айтарсың, оған кімді қалай сендірерсің?!…
***
Жетінші басқарманың жігіттерін үш топқа бӛлдім. Бір топ сыртта қалды. Оларға ЦУМ маңына
тоқтаған әр кӛлікті, одан түскен әр адамды бақылау тапсырылды. Екінші топтың жігіттері ЦУМ-ның
ішінде сауда жасап жүрген адамдардың кейпіне еніп, компания менеджері, яғни ӛзім таңдаған полицей
қыздың қимыл-әрекетін бақылап тұрды. Үшінші топтың жігіттері ЦУМ-ға кіріп-шығатын барлық есікті
торуылдап күзетіп тұрды. Бәрі де азаматтық киімде. Сырт кӛз сауда орнының ішінде отыздан аса
полицейдің жүргенін біле қоймады. Құрманбаев екеуміз екінші қабаттан барлығын бақылап тұруға
ыңғайлы орын таптық. Сол жерде кӛне достардай әңгімелесіп тұрмыз.
– Әлеке, Алматының қылмыстық топтары да Әнелді ӛлтіргендерді іздей бастапты.
– Неге?
– Олардың болжамы бойынша, бұл шетелдік бандиттердің ісі болуы мүмкін. – Шетелдіктердің
жас келіншекте не шаруасы бар?
– Тоқсаныншы жылдары шешен бандиттері Алматыға кіре алмай қалғанын білесіз ғой. Тағы
талпыныс жасап жатса керек.
– Соңғы айларда шекарадан ӛткен шетелдік бандиттер бар ма екен?
– Бар. Армянның бандиттері Кӛктӛбе жақта бір коттеджді жалдап тұрып жатыр екен. Олар
«Жанаман-Шуақкүннің» жігіттерімен жолығыпты.
– Басқа…
– Алматыға орыстардың да бандиттері келген. Олар бір аптадан бері «Анкара» қонақүйінде
демалып жатыр. Ешқайда шықпаған.
– Басқа…
– Шешендердің қылмыстық топтарынан он шақты жігіт жүрген кӛрінеді, Алматыда. Уақытша
тіркеуге тұрмаған. Қай жерге тоқтағанын анықтай алмадық.
– Алматыда жүрген сол бандиттердің ішінде авторитеттер бар ма?
– Жоқ.
– Ӛзге мемлекетке келіп, екі мың доллар үшін «рисковать» ете қоймас.
– Екі мың долларды қолдарына ілінген соң, ала салуы мүмкін ғой. Олардың басты мақсаты
біздегі бандиттерді үрейлендіру. Әйтпесе, «Жетеудің» жігіттерінің иелігіндегі базардың адамын
шетелдік болмаса, ӛзіміздікілер ӛлтіре алмайды.
– Сӛзіңіздің қисыны бар, – дедім мен.
– Бірақ, кӛресіз, шетелдіктер емес. Меніңше, қылмыс әлемінің ішкі заңын білмейтін адамдардың
ісі.
– Дәлеліңіз қайсы?
– Түйсігім солай дейді.
– Сосын, қара мысық дейсіз ғой, – деп күлді Алпамыс.
– Құрманбаев мырза, сіз мені кекетіп тұрсыз ба? – дедім ашуланып. Сағатыма қарап едім, тура
үш жарым болыпты. Тӛменгі қабатқа кӛз салдым. Жаңа жылдың қарсаңы емес пе?! Сауда қызып жатыр.
Телефон сатып алып жатқан адамда есеп жоқ. Жетінші басқарманың жігіттері әр саудагердің басын
қатырып, телефон алатын адамдай саудаласып жүр.
– Әлеке, кекеткенім емес, кішкене реалист болсаңыз дегенім ғой.
– Ал, реалист болдым делік. Не ӛзгереді?
– Біз қазір ЦУМ-да қамалып отырмас едік. Тым құрыды, шетелден келген бандиттердің қылмыс
болған күні қайда болып, не істегенін тексеріп үлгерер едік. Құрманбаев осыны айтқан сәтте менеджер
болып отырған полицей қыз дабыл тетігін басты. Екеуміз де дереу 1-қабаттағы 2-қатардың 13-орнына
қарадық. Апыр-топыр болып жатыр. Арада минут ӛтпей жатып, біздікілер әлдебір екі жігіттің қолын
қайырып, жерге жатқызып үлгерді. Бірінші қабатқа баспалдақпен зыр етіп тӛмен түстік. Қазір ғана мені
кекеткен Құрманбаев алдыма түсіп алып, зулап барады. Ол менен әлгі ұсталғандарға бірінші болып
жетті. Жетті де, қолына кісен салынып жатқан жігіттің қасына жүрелеп отыра кетті. Сӛйтті де, бір
қолымен оның шашын уыстап ұстап, басын бетон еденге бір ұрды.
– Кеше таңғы он шамасында қайда болдың? – деді мұрнынан қан сау еткен жігіттің құлағына
сыбырлап.
– Үйде, – деді жас жігіт тістеніп.
– Құрманбаев мәдениетті болыңыз, – дедім даусымды қатайтып.
– Мұндай малдарды сындырып тастау керек, – деді Алпамыс. Осы кезде сырттағы топтың
жетекшісі болған майорым жетті.
– Мына екеуін әкелген кӛліктің шопырын да ұстадық, – деді елпеңдеп.
– Подполковник мырза, сіздің операцияңызға күдікпен қарағаным үшін кешірім сұраймын!
– Мен саған жӛні жоқ кешірім сұрай берме дедім ғой… Құрманбаев, мына екеуін дереу уақытша
қамау камерасына жеткізіңіз. Жігіттерге тапсырыңыз, эмоцияға беріліп, сындырып тастамасын! Сыртқа
беттей бере әудем жерде жатқан сыйлық қорабына кӛзім түсті. Сырты лентамен әдеміленіп байланған
қорап адам аяғына тапталып, мыж-мыж болып жатыр екен. ЦУМ ішіндегі халық үрпиісіп, бізге қарап
қалыпты. Қалтамнан қызметтік куәлігімді шығарып: «Алаң болмаңыздар, полицияданбыз» дедім.
– Операция аяқталды ма, Әлеке! – деді Құрманбаев.
– Әзірше, ешкім тарап кетпесін, – дедім мен.
***
Таксист жасы елулер шамасындағы аға екен. Екі жігітті Розыбакиев кӛшесінің бойындағы кӛп
қабатты үйлердің бірінің алдынан алыпты. ЦУМ-ға жеткесін жігіттер таксистке «Қазір шығамыз, күте
тұрыңыз» деген.
– Таксиге мінген кезде екеуінің қасында адамдар болды ма?
– Қолдарына сыра ұстаған тӛртбес жігіт болды. Осы екеуі ғана мінді.
– Дереу бізді сол жерге апарыңыз. Майор, сіз менімен бірге жүріңіз.
– Ана екеуін тергесек, бәрі де қолға түседі ғой.
– Майор, құрсақтағы шарананы бауыздап тастаған қанішерлер қылмысын дереу мойындай
салады деп ойлайсыз ба?
– Сонда да сіз айтқан қылмыс ашар кілт қолымызда емес пе?
– Кӛп сӛзді қой, ол құлып қазір ашылмайды, – дедім мен. Таксист Абылай хан кӛшесімен сәл
тӛмен түсіп, Мақатаев кӛшесінен солға бұрылды. Желтоқсаннан зу етіп ӛте шығып, Наурызбай батыр
даңғылымен жоғары қарай зулай жӛнелді.
– Бағдаршамға тоқтай берудің қажеті жоқ, – дедім мен.
– Бірақ, абай болыңыз, соғылып қалып жүрмейік. Біз мінген кӛлік ескі ауди еді. Әбден тозғаны
кӛрініп тұр.
– Қашаннан бері «таксавать» етесіз?
– Он жыл болды.
– Бүгінгідей оқиға басыңыздан ӛтіп пе еді? – деп күлдім.
– Ӛткен, – деді такси ағай еркінсіп.
– Ӛткен жылы Тимирязев кӛшесімен келе жатсам, ГАИ тоқтатты. Жолдың жиегіне тоқтап едім,
ӛздеріңдей азаматтық киімдегі екі жігіт кӛлігіме жүгіріп кеп отырып алды. Кәуліктерін кӛрсетті.
Нашақорлықпен күрес пе, сондай бір бӛлімнің жігіттері екен. «Ана Range Rover-дің артынан еріңіз» деп
бұйырды. Мен олардың айтқанын орындадым.
– Сосын…
– Сосын Шашкин кӛшесімен әл-Фарабиге шықтық. Әл-Фарабиден Розыбакиевқа түсіп, жаңадан
салынып жатқан кӛпқабатты үйлердің алдына жеттік. Біз аңдыған кӛлік кӛпқабатты үйдің алдына
тоқтады. Бір қалтарыс жерді тауып, сырттан бақылап тұрдық. Маған мінген екі полицейдің бірі
мәшинемнен түсті де, жақындап барып, бір кӛліктің қалқасына тұра қалды. Байқағаным Range Rover-
мен келгендер үш жігіт екен. Оларға арғы жақтан жартылай жалаңаш, ӛте қысқа кӛйлек киген екі қыз
келіп қосылды. Он шақты минут тұрдық-ау. Әлгілердің алаңсыз күлкілерінен құлақ тұнады. Кенет
сырттағы жігіт кӛлікке жүгіріп келді. «Ептв… кӛріп қойды, қаштық» деді…
– Сосын…
– Сосын, олар бізді қуды. Сәтпаев кӛшесіндегі «Рахат паласқа» дейін қаштық. «Рахат паласқа»
жеткен соң, екеуі қолыма жеті мың теңге ұстатты да: «Аға, сен бізді кӛрген жоқсың» деп арқамнан
қағып түсіп қалды. «Рахат паластан» шыға бере Range Rover-дегілерге ұсталдым. Шындығымды айтып,
әрең құтылдым. Біз мінген кӛлік, Абай даңғылына бұрылып, Розыбакиев кӛшесіне қа- рай құлдырай
жӛнелді.
– Сізге Розыбакиев кӛшесімен «таксавать» етуге болмайды екен, – деп күлдім. Сӛзге араласпай
отырған майор маған:
– Подполковник мырза, бағанағы жігіттер әлі сол жерде тұр деп ойлайсыз ба? – деді.
– Жоқ.
– Енді неге онда барамыз?
– Қылмыскерлер сол маңда пәтер жалдап тұратын болса керек.
– Оны қайтып анықтаймыз?
– Анықтамасақ та, тексеріп кӛрейік.
– Қалай тексереміз?
– Сол маңдағы тұрғындардан сұрастырамыз.
– Оларды үркітіп аламыз деп қорықпайсыз ба? Розыбакиев кӛшесіне жетіп, кӛлік солға бұрылды.
Тағы да тауға қарай ӛрмелей жӛнелдік.
– Сізде жақсы идея болса, айтыңыз, – дедім майорға.
– Ана жігіттерді тергеу…
– Оларды тергеуді бізсіз де қатырады, – дедім мен. Майор екеуміз де үнсіз қалдық. Осыны
күткендей генерал қоңырау соқты.
– Подполковник жолдас, операцияның сәтті ӛткенімен сізді құттықтаймын! – деп бастады сӛзін.
– Саулығыңызды тілеймін, генерал мырза! – дедім мен.
– Сіздің кандидатураңызды «үздік полиция қызметкері» медаліне ұсынғалы отырмын!
– Ниетіңізге разымын, генерал мырза!
– Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне адал қызмет атқарамын демейсіз бе? – Медальді алып тұрып,
бұл сӛзді бар даусыммен айтатын боламын, генерал мырза!
– Жақсы, сау болыңыз! Телефон тұтқасын қоя салып: «Қылмыс әлі ашылған жоқ. Маған медаль
тағып тастады» деп күлдім.
– Подполковник мырза! Сіз басшылыққа ішкі қарсылығыңызды ашық байқатып ала береді
екенсіз.
– Ішкі қарсылығымды кімге байқаттым?
– Мысалы, генералға…
– Басқа…
– Маған да байқатасыз, қарсылықты.
– Бұл сіздің ойыңызша қылмыс па, майор?
– Жоқ, сонда да сақ болғаныңыз жӛн емес пе?
– Мен басқадан сақтансам да, сенен сақтанбаймын, – дедім қайтадан сенге кӛшіп.
– Неге?
– Сен кеше басы кесілген шарананы кӛріп, ӛз-ӛзіңді ұстай алмай қалдың. Сосын жыладың.
– Бұл менің осалдығым ғой…
– Жоқ, адамдық қасиетіңнің жоғалмағанының белгісі. Біздің қызмет кісіні адамдығынан
айырады. Майор менің бетіме риза кейіппен күлімсірей қарады. Біз мінген кӛлік Розыбакиев пен
Байқадамов кӛшелерінің қиылысында тұрған тоғыз қабатты үйдің алдына тоқтады.
***
Байқадамов кӛшесін ол кезде алматылықтар ескі атауымен «Кихтенко» деп атайтын. Сол
Кихтенко кӛшесінің бір бүйірінде тоғыз қабатты екі үй, жолдың қарсысына Қазақстандағы тұңғыш
ислам банкі «Лариба банктің» ғимараты тұр. Қаланың бұл тұсы екі мыңыншы жылдары оңаша аудан
болатын. Бұл кӛшелердің бойынан бірде бір қоғамдық кӛлік жүрмейтін. Тұрғындар қоғамдық кӛлікке
міну үшін Гагарин даңғылына шығушы еді. Мен тоғыз қабатты үйге қарадым. Екіден тӛрт подьезд бар.
Әр қабатта үштен үй болғанның ӛзінде тӛрт подьезде екі жүзге жуық үй бар деген сӛз. Ол екі жүз үйдің
қайсы- сының есігін қағып жүресің… Құрманбаевқа телефон шалдым.
– Жетінші басқарманың жігіттері орнында ма?
– Иә, тарамай сіздің бұйрығыңызды күтіп отыр.
– Оларды дереу Розыбакиев пен Кихтенко кӛшелерінің қиылысына жіберіңіз.
– Құп болады.
– Қолға түскен екі жігітке «осмотр» жасадыңыздар ма?
– Иә.
– Не табылды?
– Құжаттары, ақша, қалта телефон.
– Маған телефондарын беріп жіберіңіз. Бір сағатқа…
– Телефондарын әлі тексеріп үлгермедік.
– Үлгересіз, Құрманбаев жолдас. Айтқанымды орындаңыз! Ұсталғандарды тергедіңіздер ме?
– Ештеңені мойындамай жатыр. Телефон тұтқасын қоя салдым. Сосын майорға қарап: «Таксист
ағайға түсініктеме жазғызып, сосын жібере сал. Тұрғылықты мекенжайын, телефон нӛмірін алып қал,
куәгер ретінде қажет болып қалуы мүмкін», – дедім.
– Ол кісіні де департаментке апарып тергеуіміз керек қой, – деді майор.
– Неге ӛйтуіміз керек?
– Ұсталған екеуінің сыбайластарына хабар беріп қойса қайтеміз?
– Сыбайластары енді екі-үш сағатта онсыз да Алматыдан тайып тұрады. Екеуінің хабарсыз
кетуінен күдіктенбейді дейсің бе?
– Сіздің жұмыс істеу стиліңіз криминалогия ғылымымен сәйкесе бермейді екен, – деді майор езу
тартқан болып.
– Кей дүниені логикаға салып, сараптау керек, – дедім мен.
Тоғыз қабатты үйдің қарсысында кішкене ғана дүңгіршек тұр еді. Соған кірдім де, үш «лакомка»,
үш «макси шай» алдым. Сӛйтіп, түсініктеме жазып жатқан таксист ағай мен майорға бірден «лакомка»
мен «макси шай» ұсындым.
– Жүрек жалғап алыңыздар! Таксист ағай жер жаңғақ пен крем араласа жасалған нанды қарпып
жей бастап еді, езуі әппақ крем болып қалды.
– Аузыңызды сүртіңіз, – деп қалтамнан беторамал бердім.
– Рақмет, қажет емес, – деп жеңімен аузын сүрте салды. Беторамалды алуға ыңғайсызданып
қалғанын аңғардым. Қыстың күні қысқа емес пе? Жетінші басқарманың жігіттері жеткен кезде ымырт
жабылып, кӛз байлана бастаған. Мен басқарманың жігіттерін үйді айналдыра күзетке қойдым. Сӛйттім
де, олар әкелген екі телефонды ақтарып қарап шықтым. Екі телефоннан ең кӛп хабарласқан нӛмірді
анықтадым. Әлгі нӛмірді тердім. Арғы жақтан «Әллӛ» деген дауыс естілді.
– М е н т т е р к е л е ж а т ы р , қашыңдар! – деп жанұшыра айғайлап телефон тұтқасын қоя
салдым. Арада үш-тӛрт минут ӛтпей жатып подъездердің бірінің есігі қатты тепкеннен серпіле ашылды
да, бір жас жігіт жүгіріп шықты. Оның сырт киімін асығыс киіп бара жатқанын байқап қалдым. Оның
артынан бес-алтауы ере шықты. – Ұстаңдар, – деп айғай салдым. Жігіттер бұйрықты сол сәтте
орындады.
***
Операцияның ертесі күні жедел із кесушілер алматылық «Қара мысық» қылмыстық тобының
тағы бір мүшесін ұстады. Қолымызда ешқандай бұлтартпас дерек жоқ, сӛйте тұра тоғыз адамды қолға
түсірдік. Мен ұсталғандардың бәрімен азкем әңгімелестім. Тоғыздың ішінде Ержан Ісләмғалиев деген
жігітпен әңгімеміз жараспады. Кӛзіне бір қарағаннан-ақ, топтың лидері екенін білдім. Ол қарсы
алдындағы маған емес, кішкентай ғана терезедегі темір торға қарай берді.
– Мынаны, жеке қамау керек. Ешкімнен хабар ала алмайтын болсын, – дедім тергеушіге.
– Жолдас, подполковник, ӛзіңіз білесіз, камералар арасындағы «маляваға» (қылмыскерлер бір-
біріне жазған хаттарын осылай атайды) тоқтау салу мүмкін емес.
– Неге?
– Унитаздың құбырымен болсын, бір-бірінен хабар алып отырады. Бір жапырақ қағаздың қалай
«жүгіретінін», қалай иесін дәл табатынын білмейсіз ғой. – Ол «маляваны» жүгіртпеудің жолы жоқ па?
– Жоқ.
– Онда мен департамент басшысымен сӛйлесейін. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
уақытша қамау изоляторына ауыстырайық.
– Сонда Ісләмғалиевті тергемейміз бе?
– Жатсын! Тергегеніңмен, ештеңе айтқыза алмайсың!
– Құрманбаев кеше ӛзім жеке тергеймін деп кеткен.
– Жолдас тергеуші, Құрманбаев тұрмақ, Құдай келіп тергесе де, ештеңе айтқыза алмайды.
– Неге?
– Бұл топ тек жүкті әйелдің ӛліміне ғана кінәлі емес.
– Оны қайдан білесіз?
– Тоғыз адам бір келіншекті ӛлтіру үшін қылмыстық топ құрмайды. Тергеуші ыржалаңдап күлді.
– Қолыңызда Ісләмғалиевтен басқа сегіз адам бар. Соларды сарнатыңыз! дедім мен қатая қойып.
Менің «сенмен» сӛйлеуім – ӛзімсіну, ал, тосыннан «сізге» кӛшуім бастық екенімді білдіретін белгі
сияқты еді. «Сіз» деп сызыла қалғанымда шені тӛмен қызметкерлер тарапынан маған қарсы ой-пікір
айтылмай, тежеліп қалатын.
– Ісләмғалиев ӛте айлакер адам…
– Иә, солай сияқты, подполковник мырза! Тергеген кезімде түк естімеген адамдай терезеге қарап
отырады.
– Ызғар шаша қарай ма? – дедім күліп.
– Кеше Құрманбаев басына пакет кигізген.
– Айтты ма, бірдеңе…
– Тұншығып, дем жетпей бара жатса да, пакетті шешкен соң, күле береді.
– Қалған сегізіне де осының ықпалы жүреді. Ісләмғалиевтің ӛзгелермен байланысын үзбей еш
қылмысты аша алмайсыздар!
– Бұлар жалдап тұрған үйден жоғалған теледидар табылды. Күйеуі әшекей бұйымдардың да
Әнелдікі екенін танып отыр.
– Жолдас тергеуші, сіз неге осы қылмысқа ғана байланып қалдыңыз. Ары тереңдете қазуға, басқа
қылмыстарды ашуға неге талпынбайсыз? – Қолдарынан Әнелдің телефоны болды. Қалай десек те, дәлел
жеткілікті ғой. Қаншама қару тәркіледік. Мен тергеушінің дәл қазір Әнелдің ӛлімін ашудан басқа ойы
жоқтығын түсіндім.
***
Арада алты ай уақыт ӛткен. Полицейлер күнінің қарсаңы болатын. Телефоным шыр етті. Баяғы
майор екен.
– Жолдас подполковник! Марапатыңыз құтты болсын!
– Марапаттың маңызы жоқ-ау, – дедім күліп.
– Сонда да еңбегіңіз еленіп жатыр ғой, подполковник мырза! – деді майор.
– Сізбен жолығатын шаруа болып тұр. Қонаев пен Жібек жолы кӛшелерінің қиылысындағы
«Қорқыт ата» ресторанына келе аласыз ба? – деді артынша сӛзін жалғап.
– Қанша уақытта келейін.
– Бір сағат шамасында.
– Бұйрығыңыз орындалады, – дедім қайтадан езу тартып.
– Кешіріңіз, подполковник мырза!
– Жӛні жоқ кешірім сұрай берме демеп пе едім.
– Үйреніп қалған ауыз ғой, байқамай қала беремін! Бұйрық емес, ӛтінішім ғой.
– Жай, әзілдеп жатырмын. Айтқан жеріңізге құстай ұшып айтқан уағыңызда жетемін, – деп
телефон тұтқасын қоя салдым. Біз «Қорқыт ата» мейрамханасында түріктердің баклавасын жеп отырып
ұзақ әңгімелестік.
– Подполковник мырза, «Қара мысық» қылмыстық тобы он үш адамды аяусыз ӛлтірген.
– Иә, білем.
– Дүкендерге қарулы шабуыл жасаған. Тіпті, ӛздерін оқытқан мұғалімін де бауыздап кеткен.
– Бұдан да басқа біз білмейтін қылмыстары қалған шығар.
– Меніңше бәрі ашылды. Сіз департамент басшысы арқылы тергеушілерге ықпал еткенсіз бе,
әйтеуір жігіттер қарқынды жұмыс істеді.
– Әнеу күні Ісләмғалиевпен кездестім, – дедім мен әңгімені басқа арнаға бұрып.
– Жайша ма?
– Баяғыда ашылмай қалған бір қылмыс туралы әңгімелесу керек болды.
– Жағдайы қалай екен?
– Қатты азып кетіпті. Әңгімені «мені таныдың ба?» деп бастадым. «Сені ұмыту мүмкін емес»
деді ол.
– Ол сізді қайдан ұмытсын, подполковник мырза! Иван Митиннің «Қара мысық» қылмыстық
тобы он бір адамды ӛлтірген екен. Біздікі – он үш…
– Біздің «Қара мысық» орыстардікінен асып кетті дейсің ғой, – дедім қарқылдап күліп.
– Сол үшін бір елу грамнан тартып жіберсек жақсы болар еді, – дедім әзілдеп.
– Подполковник мырза, мына жер халал екен.
– Жарайды, неге шақырдың?…
– Подполковник мырза, біз күн түн демей жүріп қылмысты ашамыз. Қаншама бұлтартпас дәлел
жинаймыз. Табаннан тозамыз. Соңында қылмыскерлердің туысқандары жәбірленуші тарапқа тиын
Достарыңызбен бөлісу: |