Құрметті мұғалім!


Тақырып Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары Оқу мақсаты



бет6/7
Дата14.04.2024
өлшемі7.56 Mb.
#498678
1   2   3   4   5   6   7
1634801842 b fizkultura 1kl kaz

Тақырып Түрлі жаттығулар арқылы денені басқару дағдылары

Оқу мақсаты




1.2.2.1 Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Нәтижеге қол жеткізу үшін орындауға тиісті әрекеттерді атайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу мен түсіну

Тапсырма

Суретке қара. Берілген жаттығуларды орындауға қатыс.



Кедергіден өрмелеп түсу Қапшықты басынан Бір аяқпен секіру
түсірмей доп үстінен өту



  • Мұндай тапсырмаларды орындауда нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек? Жұпта ой бөліс.



Дескриптор



Білім алушы

  • берілген жаттығуларды орындайды;

  • нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды.

Тақырып Тірек қимыл жаттығуларын дамыту

Оқу мақсаты




1.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Жаттығуда өзінің және өзгелердің рөлін ұғынады

  • Жаттығуларды орындауда рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма


«Батпаққа түсіп кетпе» ойынына қатыс. Ойынның шартын анықта. Әр рөлдегі ойыншының әрекетін сипатта.








Дескриптор



Білім алушы

  • ойын барысында өз рөлдерін орындайды;

  • рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды;

  • қуушы мен қашушының рөлін сипаттайды;

  • жұпта, топта бірлесе әрекет етеді.

Тақырып Тірек-қимыл жаттығуларын дамыту

Оқу мақсаты




1.1.4.1 Қозғалыс машықтары бойынша өзінің күшті жақтарын және кемшіліктерін сипаттай біледі

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Қозғалыс машықтарына қатысты жақсы және әлсіз жақтарын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Суреттегі қозғалыс жасауға арналған құралдарды ата. Бұл құралдардың қайсысын қолданып көрдің.








  • Саған қай қозғалысты орындау оңай, қайсысы қиын болды? Жұбыңмен бөліс.

Дескриптор

Білім алушы

  • қозғалыс жасауға арналған құралдарды атайды;

  • құралдарды қолдануға қатысты өзінің жақсы және осал жақтарын айтады.

Тақырып Доппен ойын

Оқу мақсаты




1.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша тапсырманы орында. Кедергілерден өту үшін кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсері бар ма? Жұбыңмен ой бөліс.



Дескриптор

Білім алушы

  • сурет бойынша тапсырманы орындайды;

  • кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсерін жұпта талқылайды.

2. Сурет бойынша ойынның шартын құрастыр. Кеңістік пен ресурстарды бөлісуге қойылатын талаптарды анықта.


Дескриптор

Білім алушы

  • ойын шартын құрастырады;

  • қажетті ресурстарын атайды;

  • кеңістікті бөлісуге қойылатын талаптарды анықтайды;

  • өз идеясын өзгелермен бөліседі.

Тақырып Доппен ойын

Оқу мақсаты




1.2.5.1 Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Шығармашылық жұмыстарында өзінің жақсы және осал тұстарын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Допты нысанаға лақтыруды орында. Өзгелердің орындауын бақыла. Өз орындауыңмен салыстыр. Өз жұмысыңның жақсы және осал тұстарын анықта және сипатта.



Дескриптор

Білім алушы

  • допты нысанаға дұрыс лақтырады;

  • өзінің орындауы мен өзгелердің орындауын салыстырады;

  • өзінің жақсы және осал тұстарын айтады.




Тақырып Секіртпемен орындалатын ойындар

Оқу мақсаты




1.2.1.1 Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын білу және түсіну

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Жаттығуларды орындауға қатысты идеяларды, стратегиялар мен жоспарларды ұсынады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма


Жұптық жұмыс. Суреттерге мұқият қара. Жұпта ақылдаса отырып, әрқайсың бір суреттің ойын шартын құрастыр және ат қой. Жұбыңа әңгімелеп бер.






  • Екі ойынның шартындағы ұқсастықтар мен айырмашылықты анықта.

Дескриптор

Білім алушы

  • сурет бойынша ойын шартын құрастырады;

  • ойын шарттарының ұқсастығы мен айырмашылығын атайды.

Тақырып Секіртпемен орындалатын ойындар

Оқу мақсаты




1.2.6.1 Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Белгілі бір қозғалыстағы көңіл күйді немесе эмоцияны білдіретін композициялық элементтерді анықтап, қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суреттерге қара. Композициялық элементтерді анықта және ойынға қатыс.








Дескриптор

Білім алушы
- композициялық элементтерді анықтайды;
- ойынды әділ бәсекелестікте ойнайды;
- көңіл күйлері мен эмоцияларын сипаттайды.

4-тоқсан

  1. бөлім «Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар»





Тақырып Қауіпсіздік ережесі

Оқу мақсаты




1.3.4.1 Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Жаттығуларды орындауда туындайтын қиындықтар мен тәуекелді анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Суретке мұқият қара. Жаттығуларды орында және орындау барысында туындаған қиындықтар мен тәуекелдерді ата.



Дескриптор

Білім алушы

  • қозғалыс түрін анықтайды және тапсырманы орындайды;

  • қарсыласу барысында туындаған қиындықтарды анықтайды;

  • тартысу кезіндегі тәуекелдерді сипаттайды.

Тақырып Ойын арқылы шығармашылық қабілеттер

Оқу мақсаты




1.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Іс-әрекеттерді орындау барысында өз рөлін және өзгенің рөлін анықтайды, құрметтейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма


«Кеглиді көзде» ойынын ойна.


Ойынның шарты:

Балалар екі топқа бөлініп, бірінің артынан бірі тізілген кеглилерге қарама-қарсы тұрады. Олар кезектесе отырып, тізілген кеглилерді доппен көздеп құлатуы керек.




Дескриптор

Білім алушы

  • ойын барысында өз рөлін орындайды;

  • жұпта, топта бірлесе әрекет етеді.

Тақырып Коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары

Оқу мақсаты




1.1.2.1 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларының байланысын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларының байланысын анықта. Айырмашылығын сипатта.








Дескриптор



Білім алушы

  • негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларының байланысын анықтайды;

  • айырмашылықтарын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет