Тақырып Рөлдік-сюжеттік қозғалмалы ойындар
|
Оқу мақсаты
|
|
1.2.3.1 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, кеңістік, ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу
|
Бағалау критерийі
|
|
Білім алушы
Дене жаттығуларын орындауға қолайлы кеңістік пен ресурстарды анықтайды және идеяларымен бөліседі
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Эстафетада жеңіске жету үшін оқушылардың бойында қандай қасиеттер болу керек? Оған кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсері бар ма? Болса қандай? Әңгімеле. Эфтафеталық ойынға қатыс.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
эстафеталық ойындарға қажетті ресурстар мен кеңістікті сипаттайды;
кеңістік пен ресурстарды бөлісудің тигізетін әсерін айтады.
|
Топтық жұмыс.
2. Сурет бойынша кеңістік пен ресурстарды бөлісу туралы пікір айт. Топта ойынның шартын құрастыр және ойынға қатыс.
|