Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани — адамгершілік мәселелері



бет3/4
Дата19.05.2022
өлшемі27.98 Kb.
#457274
1   2   3   4
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани — адамгершілік мәселелері

«Жақсы сөз – жарым ырыс»,деп адам қасиетін білдірсе,
Ұлық болсаң – кішік бол, — деп кішіпейілділікті,
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала,- деп көрегендікті,
Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ, — деп адам бойындағы өнер жалпы халықтың қазынасы екендігін уағыздайды. Мақал бойындағы тапқырлық пен өткірлік, дәлдік қазақтың тәлім- тәрбиелік құралы ғана емес – дауға да тоқтам салған қаруы болған. Балалардың мінез-құлқы, бойындағы шынайы қасиеттері туралы берілген жаңылтпаштар, жұмбақтар да баланың зерделеуге қабілетін жетілдіреді.
Оқушыларды рухани адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата- ананың, қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі проблемалар қалыптасты. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа арналған нақты өмірлік бағдарламаның болмауы, қоғамдағы рухани- адамгершілік ахуалдың төмендеуі, балалармен бос уақыттағы мәдени жұмыстарының әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр. Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие – бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы.
К.Д. Ушинский: «Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды»,- десе, дана Абай: «Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын»,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, өмірлік бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс әлемінің құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетімдер – бұл күннің шындығы. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер кері жолға бейім болады.
Әрине әр адам өз өмірінің қожасы және ол өз өмір жолын өзі таңдайды, басқа адамдармен қарым – қатынас жасайды, қателіктерге бой алдырады. Сені қоршап тұрған жағдайды өзгертуге болады, бірақ өзіңнің ішкі әлеміңнен қашып құтыла алмайсың. Сонымен қатар, егер адамның жаны немесе рухы сырқат болса, онда ешқашан сау бола алмайды. Сондықтан адамның қандай рухани құндылықтарды игергені өте маңызды. Адамгершілік тәрбиесі оқу тәрбие үрдісінің барлық саласында, оқыту, білім беру және еңбекке баулу үрдісінде жүзеге асады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік қасиеттерді жатқа білу жеткіліксіз, оның терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез- құлыққа бекіту керек.
Тәрбие ісі нақты кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отырып, болашаққа бағдар береді, жеке тұлғаны соған дайындайды. Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтары өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік қасиеттері мен ұғымдары, мінез –құлықтың қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез –құлықтары болашақта ересек қоғамда және құрбы-құрдастарымен қарым – қатынасқа түскенде көріне бастайды. Бастауыш сыныпта адамгершілік көзқарастардың, мінез –құлықтардың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет