СӨЖ орындау түрі:
Келтірілген әдебиеттер бойынша материалдарды өздігінен оқу, патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, көрсетілім, реферат, эссе, сөзжұмбақ құру.
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Несеп шығару жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 2 тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу
Амилоидоз (диспротеиноз) – жасушадан тыс (амилоид - аморфты, эозинофильді, гиалинтәрізді заттар) тіндерде және органдарда, атрофия, склерозға әкелетін амилоидтың дистрофиялық қызметінің жоғалуымен сипатталады.
Нәруыздардың құрылуының бұзылысы салдарынан амилоидоз болады, олар жасуша сыртында фибрин тәрізді тұнады және қалыпты қызметтерін орындамайды. Бұл патологиялық нәруыз тәрізді субстанция үдемелі жиналып жасуша араларына кіреді, оларды қысады және атрофия шақырады. Амилоидты нәруыздардың 15 әртүрлі биохимиялық формалары бөлінеді, олардан 3-ші формасы жиірек кездеседі.
AL (amyloid light chain) AA (аmyloid- associated) Aβ
AL – плазматикалық жасуша өндіретін иммуноглобулиндердің жеңіл тізімінен тұрады.
AA бауырда өндіріліп және ЖТЛП субкласының құрамында қанда айналып жүретін бастаушыдан пайда болып, салдарлық амилоидоз кезінде табылады.
Aβ, ми затының агрегатарын түзеді, протеолизге шалдықпайды, микроглиямен мен астроциттерді белсендіреді, нейроуытты, альцгеймер ауруында табылады.
Басқа амилоидты нәруыздардан кездеседі:
Транстиретиннің мутантты түрі (транстиретин –бұл нәруыз тироксин мен ретинолды тасымалдайды) жанұялық амилоидты полиневрапатияда, кәрілік амилоидозында кездеседі.
Прион ауруы кезінде фолданбаған (нәруыз толық дамымаған) прионды нәруыздар.
Амилоидоздың патогенезі
Патогенездің негізгі тізбегі
|
Нәруыз санының артық түзілуі
|
Мутант ақаулы нәруыздардың түзілуі
|
Патогенді жайт
↓
Бастаушы еріткіш: фолданбаған нәруыз
↓
Ерімейтін фибрилдер
|
Канцероген?
↓
моноклонды В-лимфоциттердің өсіп көбеюі
↓
Иммуноглобулиндердің жеңіл тізбегі
↓ протеолиздің
шектелуі
AL протеин
|
Созылмалы қабыну
↓
Макрофагтар белсенділігі
↓
ИЛ-1, ИЛ-6
↓
Гепатоциттердің әсерленуі
↓протеолиздің
шектелуі
АА протеин
|
Мутация
↓
Транстиретин
↓
Мутантты нәруыз
ATTR
|
№ 3 тапсырма
№ 2 тапсырманы пайдаланып бүйрек амилоидозының патогенездік сызбаснұсқасын құрастырыңыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 258-262, 992
№ 3 тақырып «Бүйректе тас түзілуінің механизмі мен себептері»
Мақсаты: Нефролитиаз патогенезін өзіндік оқу
Тапсырма:
Оқу материалдарының сұрақтары бойынша жұмыс жасау:
Бүйректе тас түзілуінің себептері
Нефролитиаз патогенезі
Сынамалық тапсырмаларға жауап беру
Достарыңызбен бөлісу: |