«НЕСЕП ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ» модулі бойынша мерзімдік бақылау
Мақсаты:
Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыспен өткен тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау
Бақылау міндеті:
Өткен материалдар бойынша білімді бекіту
Студенттер білімін бақылау сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.
Бүйрек шумақтарының зақымдалу механизмінің негізі.
Шумақтық сүзілудің жоғарылауы және төмендеуі, себептері, даму механизмдері, салдарлары.
Өзекшелерден кері сорылуының бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму механизмі.
Полиурия, олигурия және анурия, шығуы бойынша түрлері, даму механизмі.
Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмдері.
Нефритикалық және нефротикалық синдромның этиологиясы және патогенезі (мысалы гломерулонефриттер, пиелонефриттер)
Несеп- тас ауруының этиологиясы және патогенезі.
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, дәрежесі, терапиялық ұстанымдар. БЖЖ –нің балаларда даму ерекшелігі
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, диурез өзгерістері бойынша бүйрек қызметінің бұзылуының сатылары бойынша дәрежелері. БСЖ-нің балаларда даму ерекшелігі.
Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Перинатальды даму кезеңінде жыныс жүйелерінің даму бұзылыстары. Әйел текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылыстары: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныс жетілуінің тежелуі, біріншілік және екіншілік гипогонадизм. Ер текті жыныстыларда жыныс қызметінің және жыныс дамуының бұзылуы, мерзімінен бұрын жыныстық даму (біріншілік, екіншілік пубертат), жыныс дамуының тежелуі, гипогонадизм. Анорхизм, монорхизм, крипторхизм, салдарлары туралы түсінік.
Уролитиаз этиологиясы және патогенезі
Амилоидоз, анықтамасы, патогенезі.
СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Бүйрек қызметінің бұзылысының этиологиясы мен патогенезі.Зәрлік синдромның патогенезі
1. Бүйрек қызметі бұзылуының постреналдық себебі болып табылады
қуық асты безінің аденомасы +
жүйелік қанайналымының бұзылуы
жүйкелік-психикалық бұзылыстар
гиперпаратиреоз
алғашқы әлдостеронизм
2. Бүйрек қызметі бұзылуының реналдық себептері болып табылады
Таспен несепағардың бітелуі
гемолиздік стрептококк және аутоиммундық үрдістер+
жүйелік қанайналымының бұзылуы
сілейме
гипертониялық ауру
3. Бүйрек қызметі бұзылуының пререналдық себептері болып табылады
Сілейме+
Ауыр металл тұздары
гломерулонефрит
кадмиймен улану
үрпі түтігінің тарылуы
4. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы дамиды
коллапста
жедел қансырауда
гиперволемияда+
сусыздануда
несеп шығару жолдарының бітелуінде
5. Шумақтық сүзілудің бұзылуын сипаттайтын көрсеткіш:
лейкоцитурия
гиперазотемия
аминацидурия
цилиндрурия
глюкозурия
Достарыңызбен бөлісу: |