Руководителю соц



бет15/27
Дата25.02.2022
өлшемі1.56 Mb.
#455770
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
каз-МодульМПС-27.06.10. (1)

№ 2 есеп


Хирургиялық клиникаға ауыр жағдайда сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің жаншылуымен, қан кетумен науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия болды.
1. Жағдайының күрт төмендеуі немен байланысты?
2. Анурияның патогенезі қандай?

3 есеп

Жапа шегуші А жол оқиғасынан кейін клиникаға 5 сағаттан соң жеткізілді. «Жедел көмек» дәрігері қабырғаларының көптеп сынғанын, жұмсақ тіндердің ұрылуымен және аяқтарында көлемді гематоманың түзілгенін анықтады. Түскен уақытында: есінің тұмандануы, тері жабындыларының бозаруы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/20 мм сын.бб., тыныстың кезеңді болуы. Бір тәуліктен кейін қарқынды орынбасушы қан сары суын және ( 3 л полюглюкин және реополиглюкин) және 0,5 л қан құйылған соң АҚ 110/60 мм сын.бб. дейін көтерілді. Бір тәулікке созылғанда диурез жоғалды. Үш тәулік өткеннен соң да жағдайы ауырлай берді. Науқас қатты бас ауруына, басының айналуына, жиі тоқтамайтын құсуға, жалпы тежелулік, қысқа уақытты тырысу, тері асты майларының ісіктері, брадикардия, эпизодтық экстрасистолияға шағымданды. Диурез тәулігіне 150–250 мл-ден көтерілмеді, АҚ 160/90 мм сын.бб. Қан анализі: қалдық азот 90 мг%, гиперкалиемия, гипермагниемия, гипонатриемия және гипохлоремия, рН 7,30; зәр анализі: аздаған протеинурия және цилиндрурия, көру аймағында бірен саран лейкоциттер, миоглобинурия.
5–7ші тәуліктен кейін науқаста диурездің бірден жоғарылауы тіркелді ( 2500 мл/тәу дейін), жалпы жағдайы жақсарды (құсу, тырысу, басы ауыруы тоқтады), ісінулер азайды. Зәр талданымы: салыстырмалы тығыздығы 1,010–1,012, шамалы протеинурия, көп көлемде дәнді цилиндрлер.
1. Науқаста бүйректің қандай синдромы дамыды және оның себептері?
2. сілейме кезіндегі АҚ тұрақталғанға дейінгі анурияның себептері қандай?
3. Қарқынды трансфузиялық терапия өткізгеннен кейін неге диурез қалпына келмеді?
4. Жарақаттан 2–4- ші тәуліктен кейін науқаста симптомдардың даму тетіктері қандай?

Сынамалық тапсырмалар
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579

  2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 427-428 с.

  3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД.,т.2, 2009.- 453-460

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 612-616.

Қосымша:

  1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

  2. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.

2. тақырып «Амилоидоздың патогенезі»


Мақсаты: Амилоидоз патогенезін өзіндік оқу
Тапсырма:

  1. Сұрақ бойынша оқу жабдықтарымен жұмыс істеу:

  1. Амилоидоз, анықтамасы

  2. Амилоидоз патогенезі, амилоидтың түрлері

  3. Бүйрек амилоидозының патогенезі

  1. Амилоидоздың сызбалық патогенезін оқу

  2. Бүйрек амилоидозының сызбалық патогенезін құрастыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет