Руководителю соц


Атеросклероздың пайда болуында негізгі теорияларының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру



бет14/37
Дата28.09.2022
өлшемі2.41 Mb.
#461533
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
МодульССС.27.06.10.-каз-doc

Атеросклероздың пайда болуында негізгі теорияларының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

  • Интиманың липопротеидтік сіңбелену және өзгерген (модифицирленген) липопротеидтерге жасушалық жауабы қағидасы

  • Тотығулық қағида

  • Тромбогендік (тромболипидті ) қағида

  • Моноклонды қағида

  • Мембраналық жорамал

  • Аутоиммундық қағида

2 тапсырма.



Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп


20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті.
Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ- бірінші тіркелімде ырғағы синусты, Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде айналы белгіде. Қанда АСТ белсенділігі бірден жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).

  1. Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?

  2. Дерттің бұл түрінде қанда АСТ-нің белсенділігінің артқанын қалай түсіндіресіз?

  3. Көрсетілген дерттің дамуының негізгі тетігі қандай ?



2 - есеп

Науқас В. 46 жаста, 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымданып, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Анамнезінен: осының алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс атқарған, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.
Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі-минутына 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б.б. ЭКГ —да жиілігі 360 рет жүрекшенің үзілісті жыпылақтаушы аритмиясы байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоциттердің жоғарылаған, басқа көрсеткіштері қалыпты.
1. Науқаста жүрек дертінің қандай түрлері дамыған?
2. Сіздің пікіріңіз бойынша, аталған дерт түрлерінің арасында қандай себеп-салдарлық байланыс бар?
3. Төс артындағы ауыру сезімінің мүмкіндік себебі не?
4. Миокардтың зақымданғанын растайтын қосымша қандай тексерулер жүргізу керек?

3 есеп
Жасөспірім М., 15 жаста, қысым түскенде үзілісті күшейетін жүректегі ауыру сезіміне шағымданды. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.

  1. М-де атеросклероз және инфаркт даму қаупі жоғары ма? Не себепті?

  2. Анықталған дерттің дамуында тұқымқуалаушылықтың маңызы бар ма?

  3. ТТЛП-ге арналған қабылдағыштар санының немесе белсенділігінің төмендеуінің науқаста дерт дамуында патогенездік маңызы қандай?

4 есеп
Науқас Б., 37 жаста, балалық шақта құздамалық қызбамен ауырады. 14 жасында жүректің ақауы анықталған. Осы жылдар бойы өзін қанағаттанарлық деп сезінген. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрегінің қағуына, жүректегі ауыру сезіміне және қан түкіретіндігіне шағымданған. Тексергенде: тері және шырышты қабықтардың көгеруі, жүрек шекаралары барлық жақта кеңейген, өкпеде ылғалды сырыл анықталды. Жүректің соғуы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтаушы аритмиясы.

  1. Науқас жүректің қандай ақауымен ауырады?

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – С 460-524

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.:Гэотар-Медия.-2008.-С. 343-350

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  4. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 120-121.

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.420-430.

  6. Патофизиологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.-C.165-179.

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 108-121.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 453-458

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 306-349 негізінде құрастырылған.
2 тақырып «Біріншілік артериялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі»
Сабақтың мақсаты:

    1. Біріншілік артериялық гипертензияның этиологиясы және патогенезін меңгеру

Оқыту міндеттері:
Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • артериялық гипертензияларды ажырата білуді

  • біріншілік артериялық гипертензияға әкелетін қауіп-қатер жайттарына сипаттауды

  • біріншілік және екіншілік артериялық гипертензиялардың патогенезін түсіндіруді

  • Мартине сынамасын жасау және алынған нәтижелерді талдауды

  • ситуациялық есептерді қортындылауды



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Артериялық гипертензия, анықтамасы, түрлері

  2. Тәжірибеде артериялық гипертензияның патогенезін зерттеу. Екіншілік (әйгіленімдік) артериялық гипертензиялар туралы түсінік.

  3. Біріншілік артериялық гипертензияға әкелетін қауіп-қатер жайттары

  4. Біріншілік артериялық гипертензияның патогенезі.

  5. Артериялық гипертензияның алдын-алу шаралары мен емдеудің ұстанымдары



Оқу және оқыту әдістері:
Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: тәжірибені орындау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру.



1 тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет