2 тапсырма
Жоғарғы тыныс жолдарының қатты тітіркендіргенде туындаған тыныс алудың рефлекстік өзгерістері: біріншіден, апноэ дамуы дем алатын ауадағы қауіпті газдардан сақтандырады. Екіншіден, ұзаққа созылған рефлекстік апноэ асфиксияға және өлімге әкелуі мүмкін.
Аммиак буымен дем алғанда пайда болған апноэ дамуында жоғарғы тыныс жолдарының экстерорецепторларының тітіркенуінен тыныс орталығының рефлекстік тежелуі маңызды. Бұл, аммиак буы әсер етуінен алдын-ала, новокаинмен рецепторларға тосқауыл жасағанда, тыныс орталығы қызметінде өзгерістер туындамайтынын дәлелдейді.
№ 3 тапсырма
Жасанды гипервентиляция қанның газдық құрамының өзгеруіне (гипокапния) және газдық алкалоз дамуына алып келеді. Бұл жағдайда тыныс алу орталығының протонмен және көмір қышқыл газымен әсерленуі шектеледі, апноэ дамиды. Белгілі бір уақыттан кейін зат алмасу үрдістері қанда протондар мен көмір қышқыл газының жиналуына әкеледі, ол тамыр орталығын әсерлендіреді, тыныс алуды қалыпқа келтіреді.
Жасанды гипервентиляциядан кейін ауыртатын ықпал еткенде, тыныс алу тез арада қалпына келеді, ол ауыру сезімін қабылдағыштардан шыққан серпіндермен тыныс орталығының әсерленуінің нәтижесінде дамиды.
Гипервентиляциядан кейін, тыныстың өздігінен қайта қалпына келуінің жасанды түрінен айырмашылығы, өздігінен қалпына келуі кезінде, бір тыныс оралымынан екіншісіне қарай тыныс қозғалыстарының ауытқуы төменнен қалыптыға дейін біртіндеп жоғарылайды. Ал, жасандыда тыныс алу қозғалыстарының амплитудасының қалпына келуі бірден болады.
Адамда гипервентиляция организм қажеттілігіне сәйкес өкпе вентиляциясының өзгеруіне бағытталған, физиологиялық жағдайларда тыныс жүйесінің серпілісі ретінде дамуы мүмкін. Гипервентиляция күшті эмоциялар әсерінен және денені суық немесе ыстық суға батырғанда байқалуы мүмкін. Гипервентиляция тағы да газдық емес ацидозда, анемияда, қанда оттегінің үлестік қысымының төмендеуінде немесе қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының көтерілгенінде дамиды.
№
Достарыңызбен бөлісу: |