С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ойынды дамытудың үшінші кезеңі



бет162/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Ойынды дамытудың үшінші кезеңі бір жастың аяғынан екі жастың басына жатады. Сюжеттік-бейнелеп көрсету ойыны қалыптасады, мұнда балалар күнделікті өмірде алған әсерлерін белсенді көрсете бастайды (қуыршақты әлдилейді, қонжықты тамақтандырады). Тәрбиеші олардың жеке тәжірибесі бойынша таныс өмірлік жағдаяттарды ойын (шартты) түрінде көрсетуге үйретеді. Сюжеттік-рөлдік ойынды дамыту үшін бейнелі ойыншықтар қажет, олардың көмегімен педагог балаларды ойын міндеттерін шешге тартады («Қонжық серуендегісі келіп тұр, оны шанада ойнатшы»; «Көжек шаршады, оны ұйқтауға жатқызшы»; «Ляля атты қуыршақ тамақ жегісі келеді, оған ботқа псірші»). Баланың алдына қызметтің шартты-ойын мақсаты қойылады, оған сәби ойын тәсілдері және құралдарымен жетіп, қиялдағы нәтижесін алады. (Ойын

міндетінің практикалық нәтижені алуға бағытталған практикалықтан айырмашылығы осында.)




371
Өмірінің екінші жылында сәби келесілерге үйренуі тиіс: түрлі ойын әрекеттерін орындау (қуыршақты ұйқтатуға жатқызу, оны тамақтандыру, бесік арбада серуендету, тамақ пісіру, машинада ойыншықтарды, жүкті тасу және т.б.), ойын әрекеттерін бірінші сөз қолданыстарымен толықтыру немесе алмастыру («Ляля ұйқтай ғой»; «Ляля қолын жуды»). Балаларға ойнау үшін әртүрлі материалды ұсынады: бейнелі ойыншықтар, заттар-орынбасарлар.


Сюжеттік-рөлдік ойынды дамыту үшін негізгі шарт – бұл ересек адам мен баланың бірлсекен ойындары. Балаларды ойын мазмұнын дамытуға үйрету үшін педагог оларды белсенді қатысуға тарта отырып, өмірлік жағдайларды ойнатады. Мысалы, ерте жастағы балалар ойын барысында бейнелеуді сондай жақсы көретін тамақ беру ойын жағдаятын түрлендіреді: жаңа персонаждарды («Қонаққа қонжық келді, оны тамақтандырайықшы»), жаңа ас мәзірін («Бәліштен ауыз тигізейік, қонақтарға кәмпит берейік»), жаңа ыдыс-аяқты (вазадағы алма, ыдыстағы кәмтип) енгізеді. Балаларды алдында игерген әрекеттерін ойынның жаңа нұсқаларында іске асыруға түрткі беру керек. Педагог баланы зат-орынбасарларды пайдалануға (пышақ жоқ, нанды немен тураймыз?), ойындағы ситуацияларды ісе асыруға ынталандыратын жағдайларды жасады. Осындай ойын әдетте сөзбен қамтылады, ол бейнені жасауға көмектеседі (ботқа дәмді; көжек сәбізді жақсы көреді; қонжық жасайсың – аузын қағаз майлықпен сүртті!).


Сюжеттік-рөлдік ойынды дамыту үшін қойылым-сахналаулар тиімді. Педагог бір ойыншықтың (қуыршақ Ляля) қалай жуынатынын, беті мен қолын сүлгімен қалай сүртетінін, қалай үстел басына отырып, сүт ішетінін көрсетеді, яғни бір ойыншықпен бірізді түрлі әрекеттердің тізбегін көрсетеді. Келесі жолы әр түрлі ойыншық орындайтын бір түрлі іс-әрекеттер көрсетіледі: қонжық, қуыршақ Ляля, көжек. Олар кезекпен кішкентай балаларға




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет