С. А. Козлова, Т. А. Куликова


таныс әнді айтады, жатқа тақпақ айтады, билейді, доп ойнайды



бет163/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

372
таныс әнді айтады, жатқа тақпақ айтады, билейді, доп ойнайды.


Балаларға, сонымен қатар, үстел үстіндегі, құыршақ театрларды пайдалана отырып, сахналауды, сюжеттік-рөлдік ойындарды көрсетеді. Олар өздерінің тәжірибесіне жақын таныс ертегісі, тақпақтар, тұрмыстық қойылымдар қалай ойналып жатқанына қызығушылықпен қарайды. Көсетілімнен кейін педагог сәбилерге ойыншықтармен ойнауды ұсынады, сабақта көргендеріне еліетеу ынтасын тудырады. Балалардың ойынына қосыла отырып, тәрбиеші ойын әрекетін қалай орындауды көрсетіп, олардың алдына ойын міндеттерін қояды («Қуыршақпен ән айт!»), қиналған кездерінде көмектседеі («Қуыршық Лялямен бірге көжек туралы тақпақты оқиық»).


Әрине, балалар барлық көрсетілген әрекеттерді қайталай алмайды. Алайда көрсетілім баланың қиялын нақтылауға,


ересектің іс-қимылдарын бақылау іскерлігін қалыптастыруға, түсіндіргендерді тыңдауға қажет.


Педагог өтініш жасай отырып, тәрбиеленушілердің сөйлеуін белсендіреді (ойыншықтармен бірге ұйықтау, қуыршаққа тақпақ оқуға көмектесу, іс-қимылдарды атау). Оқу сабақтары, түрлі көрсетілім-сахналаулар оң нәтижесін беруі үшін, жаңа элементтерді енгізе отырып, балаларда эмоционалдық жауаптарды шақыра отырып, олардың белсенділігін арттыра отырып, оларды қайталап оытрған мақсатқа сай. Қайталау көрсетілім-сахналауларды екі-үщ баламен өткізуге болады: бұл олардың орындауында (практикалық, шартты, ойдағы) ойын іс-қимылдарын,


заттар-орынбасарларды пайдалануда жаттықтыруға мүмкіндік береді.


Аз ғана топта балаларды ойын міндеттерін бірлесіп орындауға тарту жеңілірек («Қуыршақ Ляля ауырып қлды, жылап жатыр. Не істеуге болады?»).


Үйрететін ойындар, көрсетілімдер үшін орташа көлемдегі


373
(15-20 см), тартымды безендірілген, тұрақты, қозғалмалы


бөлшектері (майысатын қолдары, аяқтары)бар ойыншықтар алынады, ол болса, түрлі қимылдарды көрсетуге, кеістіктегі орнын өзгертуге мүмкіндік береді.


Екі жастағы балалардың жас ерекшеліктері ойыншықтар мен ойын материалдарын іріктеу, ойын алаңын безендіру оларға аса маңызды болуында. Егер көзіне бір уақытта бірнеше ойыншық түссе, олардың назары ауытқиды, сондықтан оларды барлық бөлменің ішіне орналастыру керек, мағыналық байланыстарына қарай жинақтаған абзал. Мысалы, плитаның үстіне ас ішетін ыдыс-аяқты қою, жылқының үстіне салт аттыны отырғызу, арбаға кірпішті үю, легеннің қасына сүлгі, сорғышты, құмыраны қою. Бұл балаға бір емес, тізбектелген іс-әрекетті орындауға көмек береді.


Балалар іс-қимылын игермеген ойыншықтарды өзіндік пайдалануға беруге болмайды. Алдымен балаларды ересектермен бірлескен ойында ойын әрекеттеріне үйреткен дұрыс. Сонымен, егер балалар кубиктерді, кірпіштерді құра алмаса, тәрбиеші үйрететін ойындарды, жеке сабақтарды жүргізеді. Басқа уақытта құрылыс материалдары жинап қойылады. Балалардың ермек ету ойыншықтарымен еркін ойнағаны мақсатқа сай емес: тәрбиеші оларды белгілі кезеңдерде оларды қуанту, үйі, анасы туралы ойларын сергілту үшін пайдаланады. Осы ойыншықтар баланың сезімі мен уайымдауына әсер етуі үшін жаңашылдығы мен кездейсоқтығын сақтап қалуы қажет.


Сонымен, өмірінің екінші жылы ойындар дамиды, олар арқылы бала заттармен танысады, қоршаған әлемде бағдарлану қажеттіоігін қанағаттандырады. Еліктеу сипаты өзгереді: бала ойын барысында өзіне үйреткен ғана емес, сонымен қатар, ересектерден көрген іс-қимылдарын да жеткізеді. Балалардың осы кезеңінің соңында режиссерлық және сюжтрөлдік ойындардың бүршіктері көрінеді, атап




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет