әдістемесі жасалған (Е.А.Флерина, З.В.Лиштван, А.Н.Давидчук, Л.А.Парамонова).
Конструктивті машықтарды оқыту әдістемесі
Бұл әдістеменің негізгі идеясы баланы ересек адамның іс-әрекеттерін еліктеп қайталаудан, өкелең қиындықтың конструктивті мәселелерін өздігінен шешуге жетелеуде. Негізгі машықтарға балалар сабақтарда, үлкендермен бірлескен қызмет етуде ие болады, ал содан соң оларды, құбылтып, толықтырып және түрлендіріп, құрылыс материалдарымен ойнайтын дербес ойындарға алып өтеді.
Кез келген оқытудың тиімділігі, оның ішіне конструктивті машықтарға да, оның баланы қаншалықты қызықтырып, қаншалықты оның белсенділігін туғызуына байланысты.
400
Балалардың құрылыс материалдармен ойын ойнауға қызығушылығын қалыптастыру үшін, педагог түрлі тәсілдерді қолданады. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың көзінше өзі құрылысты салады, бөбектерді құрылысты ойнатуға (зообақта торларға әртүрлі жануарларды орналастырып, ол жерге балалар ата-анасымен келеді) тартады. Біріккен шығармашылық тәсілін қолданады: балаларға (түрлі жастағы топтарға) педагог өзі жасаған құрылысты салып бітіруді, құрылысты қайта салуды ұсынады (кірберіс қанатын, қылтимасын (балконын) қосып салу, үйдің айналасына биік немесе аласа қоршау тұрғызу, төбешіктің биіктігін өзгерту, төбешіктен шаңғышылыларға арналған трамплин жасау, көпірді ұзарту, жаяу жолды кеңейту).
Құрылыс материалдарымен ойнауға қызығушылықты туындату және нығайту үшін шынайы өмірдегі құрылыспен танысу көп көмектеседі. Серуендер, экскурсиялар кезінде мектепке дейінгі жастағы балалардың әртүрлі құрылыстардың ерекшеліктеріне назар аудартқан абзал: көпір қалай салынған, тұрғын үймен көркемдік мақсаттағы ғимараттың (мұражай, театр) немен ерекшеленеді, қала қөлік құралдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктері және т.б. Балаларға құрылысшылар еңбегінің сипаттарымен, құрылыс техникасымен танысу қызықты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі үлкен жастағы балалардың назарын, құрылыстардың мақсатын, кұрылымын, безендіру тәсілдерін салыстыра білуін дамыта отырып, ғимараттардың архитектуралық ерекшеліктеріне салу керек. А.Н. Давидчуктің зерттеулерінде балаларға жаңа және ескі ғимараттарды салыстыру ұсынылатын, бұл ең алғашқы тарихи түсініктердің қалыптасуына маңызды. Балаларды түрлі құрылыстар туралы әсерлер, біліммен байытып отырып, педагог оларды жиынтықталған түсініктерді игеруге жетектеуі міндет, яғни құрылыстардың белгілі мақсаттары (ғимараттар, көпірлер), құрама бөліктері, қалыптары, пропорциялары, кеңістіктегі орны, безендірулері болады.
401
Бүкіл барлық жас ерекшелігі этаптары бойынша құрылыс материалдар ойындарын балалардың сенсорлық тәжірибесін байыту үшін қолданады.
Конструктивті машықтарды оқыту барысында түрлі әдістемелік амалдар қолданады: үлгінің демонстрациясы; құрастыру амалдарын түсіндірумен құрылыс салу тәсілдерін көрсету; мәселелік мақсаттың қойылуы (гаражды 2 – 3 машина сию үшін қалай қайта салу); сәйкес келуі тиіс (белгілі адамдардың саны бар отбасыға үй (бөлме) салу) шарттарды көрсетіп құрылыстың тақырыбын хабарлау.
Балаларда жаңа машықтарды, құрастыру тәсілдерді қалыптастыру кезінде барлық жас ерекшелігі топтарында үлгі қолданады. 2 - 3 жастағы бөбектерге педагог үлгі көрсетеді (балапандарға арналған кішкене қора), ал кейін балалар онымен бірге құрылыс салады. Балалар конструктивті қызмет тәжірибесін жинаған сайын және оның мақсаттары күрделенген сайын үлгіні қолданудың әдістемесі өзгереді. Солай, балаға жарым-жартылай үлгіні ұсынып, яғни тек қана оған таныс емес амалдарды көрсетеді (конструктордың бөлшектерін қосудың жаңа тәсілі, үйдің жабынын қағаз немесе картон көмегімен құрау).
Бірінші мақсатты құрылыстың бітпеген үлгісін көрсету қиындатады, оны балалардың әрқайсысы өзінше салып бітіруіне болады (педагог вагонның сүйегін (арқау негізін) құрап, ал балалар оны автобусқа, тармвай, поездің тауар немесе жолаушы вагонына айналдарады). Құрылымның бір үлгісі беріліп, ал балалардың әрқайсысы оны өз тәсілдермен орындағаны, осындай амалды ақтайды. Балаға үлгіні өзгертуді ұсынуға болады (ұқсас үй салып, бірақ бір қабат қосу немесе азайту, бір емес, екі кіреберіс жасау, терезелерін үлкейту). Конструктивті қызмет тәжірибесі бар мектепке дейінгі балаларға бір емес, таңдауға 2 – 3 үлгі ұсынуға болады. Үлкен балаларға үлгі ретінде құрылыстың суретін, сызбасын, сызбанұсқасын қолданады. Оларға да жорамалдағы құрылыстың, өз бетімен
Достарыңызбен бөлісу: |