С. А. Козлова, Т. А. Куликова


оның конструктивті ерекшеліктерін белгілеп, сызбасын құрастыруды үйретеді. Құрастыру түрлері



бет173/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

402
оның конструктивті ерекшеліктерін белгілеп, сызбасын құрастыруды үйретеді.


Құрастыру түрлері

Балаларды конструктивті машықтарға үйрету әдістемесі құрастыру түріне байланысты нақтыланады.


Мектепке дейінгі тәрбие теориясы мен тәжірибесінде құрастырудың бірнеше түрі бар. Негізгі түрлерін қарастырамыз.




Үлгі бойынша құрастыру – құрастырудың ең кең таралған түрі. Үлгіні көрсетудің, және де, жоғарыда айтылғандай, оның

сипатын өзгертудің түрлі тәсілдерін қолданған кезде, құрастырудың бұл түрі көптеген оң жақтары бар: балаларда көптеген түрлі машықтар қалыптасады, олар әрекеттердің жалпы тәсілдерін игереді, операциялардың тәртібін меңгереді, құрылыс материалдарының конструктивті мүмкіндіктерін таниды. Үлгі бойынша құрастыруды оқытудың оң әдістемесінде балалар құрылыстың тәсілдерінің көп варианттылылығын түсінеді, түрлендіргіш сипаттағы қызметіне қосылады.




Берілген тақырып бойынша құрастыру баланы қойылған тапсырманың шығарамашылықпен іске асыруына әкеледі, бірақ оның шешу аралығы тақырыппен шектелеген. Бөбектерге құрылыс тақырыбы ретінде жиһаз, ауланы жабдықтау (орындықтар, құмсалғыш, әткеншек) ұсынуға болады. Бұл жастағы бала үшін ойын мотивациясының болуы маңызды («Катя құыршақтың бөлмесін салайық»). Орта жастағы топта тақырып ретінде көлік құралдарын құрастыруды береді («Адамдар немен жүреді және жүк тасиды»). Үлкен топтағы балаларға әскери немесе құрылыс техникасы; адамдардың үйі («Жердегі адамдар қандай үйлерде тұрады»); біздің қаланың мұражайлары, театрлары және т.б. тақырыптар қызықты болады.


Мектепке дайындық тобында әртүрлі типтегі конструкторлардан тақырыптық құрастыру өткізген абзал.
403
Балаларды қозғалмалы конструкциялар орындауға үйретеді, сондықтан оларды «Демалыс паркіндегі аттракциондар», «Көлік түрлері» және т.б. тақырыптар қызықтыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет