Табиғи материалдармен ойынау
Бұл ойындар баланың өміріне ерте кіреді. Аяғын басасап сәби күрекке, қалаққа қолын созып, қар, құм күреуге тырысады, сумен ойнағанды жақсы көреді. Бірақ арнайы оқытусыз балалар қажетті машықтарды игермейді, және табиғи материалдармен ойнау да біркелкі және мағынасыз болады. Сонымен қатар олардың балада ойдың, еріктің және қажырлықтың дамуына көп мүмкіндіктері бар. Бұл мүмкіндіктер көбінесе табиғи материалдың сипатымен анықталады. Ол өте әркелкі және түрлі қасиеттерге ие, сондықтан оны құрылыс материалы ретінде қолдану түрлі тәсілдерді ұсынады.
Табиғи материалдардың көптеген қасиеттерін бала сезіну
405
жолы арқылы таниды. Мазмұнды қызықты процесте, алдыменен ойында, сезімдік тану тәсілдері, заттардың кейбір қасиеттері мен сапасын айқындау дамиды. Бірақ бұл педагог дәйекті түрде заттардға талдау жасап қабылдауды дамыта, тексеру амалдарын қалыптастыра, белгілердің дұрыс сөздік атауларын игеруіне қол жеткізе балаларды оқытқанда қол жеткізіледі.
Сумен ойнау кіші топтарда өткізіледі. Бұл топ бөлмесінде және балабақша ауласындағы ойындар болуы мүмкін. Су құйған
тегенелер, түрлі ыдыстар банкалар, құмыралар, стакандар ), құйғыштар (воронка), ойыншықтар және заттар қалқатын және бататын) пайдаланады.
Бөбектер суды ыдыстан ыдысқа құйяды, құыршақтарды суға түсіреді, заттардың қасиеттерімен (қалқиды – батады) танысып қарапайым күрделі емес тәжірибеге тартылады. Аулада бөбектер шалшықтың айналасына, көктемгі жылғаның бойына жиналыпқайсысы қалқып, қайсысы бататынын білу үшін қағаздан, ағаштың қабығынан, ағаштан жасалған қайықтар жібереді, түрлі заттар тастайды.
Нәтижесінде кіші жастағы балалар судың ағатындығын аңғарады. 4 - 5 жастағы балалар сужайылып өзіндік пішіні жоқ екендігін, бір заттар қалқып, кей заттар бататындығын , оның мөлдір екендігін түсініп игереді.
Мектепке дейінгі үлкен жастағы балалар неліктен барлық заттар қалқымайтындығын, барлық сулар мөлдір еместігін түсіндіріп, су ауа температурасына байланысты өз күйін өзгертетіндігін айтып бере алады.
Қармен ойнау оның түрлену амалдарының игерілуін талап етеді. Ең оңай тәсіл - сомдау. Педагог бөбектерге қар кесектен - Педагог бүлдіршіндерге қар кесектерінен - домалақтар, құлақты қоян, оны тамақтандыру үшін сәбізді және т.б.сомдам жасауды ұсынады. Балалардың тәрбиеші көзінше аққала жасайды, бәрі бірге ұсақ тастардан, кепкен бұтақ-бұталардан, оның көзін, аузын, құлағын, шашаттарын жасайды. Аққаланың айналасына жиналып балалар ылғал қардың жабысқақ екенін
Достарыңызбен бөлісу: |