С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет184/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Білімқұмарлар үшін:

Пазлдардың отаны - Англия елі, пайда болған жылы -1763 жыл. Авторы-қызыл ағаштан мемлекеттердің шекараларымен бөлінген георгафиялық


картаны жасаған ағылышын оюшысы Д.Спилсбари. Карта мектепте дидактикалық көрнекі құрал ретінде қолданылған. Бірінші пазлдар өте қымбат бағаланды (қол өнер, көп еңбекті қажет ететін материал). ХХ ғасырдың екінші жартысында пазлдар Еуропа мен америкада пайда болады.




423
Оларды картоннан жасай бастайды. Пазлдардың ерекше техникасын ойлап табу революциялық жаңалыққа айналды. Дәлірек айтқанда, бөлек элементтер бір-біріне ілініп шағын суретті құрайтын болған. Пазлдардың мозайкадан айырмашылығы осында болатын. Суреттердің тақырыптық диапазоны кеңейіп, әдеби шығармалардың желісі бойынша көптеген сюжеттер пайдаланылды.

Сөздік ойындар, оқыту мақсатының процессі ойлау негізінде, көрнекілікке сүйенбей жүргізілетінімен ерекшеленеді. Сондықтан сөздік ойындар орта және көбінесе үлкен жастағы мектепке дейінгі балалармен жүргізіледі. Бұл ойындардың арасында тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштармен байланысты халықтық ойындар бар. Олардың бір бөлігі диалогпен құрылған сөйлеу мәнерінің бейнелілігі арқылы, бала тәжірибесіне жақындығы арқылы бүлдіршіндерге түсінікті болады. Сөйлеу қабілетінің дамуы мен есту назарының қалыптасуынан басқа, сөздік ойындардың көмегімен эмоционалды көңіл-күй көтеріледі, ойлау операциялары жетіледі, реакция тездігі мен әзіл-оспақты түсіну қабілеті қалыптасады.


4 - 6 жастағы балалар үшін сөздік ойындардың жаңа түрлері әзірленуде. Балалар қызықты ойындар барысында тәрбиеші немесе баланың жатқа оқыған өлең шумақтарын (А.С.Пушкин, И.Никитин, И.Сурикова, С.Маршак, Д.Родари) қабылдай отырып ойын тапсырмаларын шешеді, («Қандай жыл мезгілі?» атты ойынында жыл мезгілін және оның белгілерін анықтайды, «Кім боламын?» ойынында мамндықтардың атауларын атайды, «Бұл қай кезде болады?» ойынында белгілі-бір құбылысты


анықтайды және т.б.) Мұндай ойындар поэзиялық текстты тыңдауға үйретеді, эстетикалық сезімдерді тәрбиелейді, бейнелі ойлау қабілетін дамытады. А.И. Сорокинаның әзірлеген жұмбақ


ойындары, пайымдау ойындары ( "Не болар еді?») педагогикалық маңызы жағынан кем түспейді. Олар қиялды


424
ынталандырады, логикалық ойлауды, сөйлеу мәнерін дамытады.

«Әлемде не болмайды?» кітабында (О.М.Дьяченко, Е.Л.Агаева.


— М., 1991) балаға өз ойынан ертегі шығаруға, шынайы және жалған жағдайларды ажырата білуге үйрететін сөздік ойындар ұсынылған.




Тапсырма

А. И. Сорокинаның «Балабақшадағы дидактикалық ойындар» кітабымен танысыңыз (М.1982 ж); сөздік ойындар түрлерінің сызбасын құрыңыз; сөздік ойынның өз нұсқаңызды әзірлеңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет