С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Дидактикалық ойын құрылымы



бет185/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Дидактикалық ойын құрылымы

Дидактикалық ойынның бірнеше компоненттерден тұратын өз құрылымы бар. Осы компоненттерді қарастырайық.




Оқыту (дидактикалық) мақсаты - басқа элементтердің барлығы бағынатын дидактикалық ойынның негізгі элементі. Балалар үшін оқыту мақсаты ойын мақсаты ретінде тұжырымдалады. Мысалы, «Затты дыбысынан таны» ойынының оқыту мақсаты мынадай: есту қабілетін дамыту, балаларды дыбысты затпен сәйкестендіруге үйрету. Ал өз кезегінде, балаларға келесі ойын мақсаты ұсынылады: әртүрлі заттардан шығатын дыбысты тыңдап, оларды дыбысынан анықтау, дұрыс жауаптарды фишкалармен белгілеу.Осылайша ойын мақсатында ойын әрекеттерінің «бағдарламасы» ашылады. Сондай-ақ, оның

көмегімен ойын әрекеттерін орындау тілегі ынталандырылады.Ойын мақсаты әдетте ойын атауында айтылып тұрады: «Сипаты бойынша тап», «Керісінше айт», «Балықты ұста», «Суретті құрастыр» және т.б.




Ойын әрекеттері - ойын мақсатымен баланың белсенділігін арттыру әдісі: «таңғажайып қапқа» қолын салу, ойыншықты
425
ұстап сезу, оны сипаттау; үстелдің үстіне қойылған ойыншықтардың өзгерістерін көзбен көріп, оларды атау,; қуыршаққа киім, тұрмыстық заттарды таңдау. Мектепке дейінгі


жастағы балалардың ерте және кіші жастағыларын

дидактикалық ойындарда ойын нәтижесі емес, ойын процессінің өзі қызықтырады. Сондықтан ойын әрекеттері қарапайым және біртиптес болады: матрешканы шашып қайтадан жинау, дыбысына қарай кімнің айқайлап жатқанын анықтау (мысық, ит, әтеш, сиыр), жануардың әр түрінің дауыстары салу, затты танып, атын атау.




Мектепке дейінгі жастағы балалардың орта және үлкен жастағылары үшін әдетте бірнеше ойын элементтерінен тұратын, барынша күрделірек ойын әрекеттері қарастырылған. Мысалы, кейбір ойындарда балалар бүлдіршіндер сияқты имитациялық қозғалыстар жасайды, бірақ қандайда бір жалғыз белгіні көрсету арқылы емес бүтіндей бір бейнені көрсету арқылы ұсынады («Не істегенімізді айтпаймыз, не істегенімізді көрсетеміз», «Менің қай ертегіден екенімді тап»). 5 - 6 жастағы балалар сюжеттік дидактикалық ойынға қатыса отырып, белгілі-бір рөлді ойнауға байланысты ойын әрекеттерін жасайды (сатушы, сатыпалушы, пошташы, Жұмбақша апа, саяхатты жүргізуші). 4 - 5 жастағы балалар ойын әрекеттерін кезекпен жасайды («Лото», «Домино», «Лабиринт» үстелдік ойындар). Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкен жастағыларының ойындарында ақыл-ой сипатындағы ойын әрекеттерікөп кездеседі: бақылаушылықты таныту, салыстыру, алдында өткенді еске алу, заттар мен құбылыстарды белгілі-бір қасиеттеріне қарай жіктеу және т.б.

Сонымен, баланың жасы мен даму деңгейіне байланысты балалардың дидактикалық ойындағы әрекеттері де өзгеретіні анықталды. Алайда, дидактикалық ойынды ұйымдастыру кезінде педагог (ата-аналар) бір ережені сақтауы керек:




426
ойынның дамыту эффектісі баланың жасаған әрекеттерінің қаншалықты мазмұнды, алуан түрлі болатынына тікелей байланысты. Егер педагог дидактикалық ойынды жүргізе отырып, іс-әрекеттерді өзі ғана жасаса (заттарды орналастырып, олардың орындарын ауыстырып, ойыншықтардың не істеп жатақандығын айтып және т.б.), ал балалар тек бақылап отырып, арасында ғана сөйлесе, онда ойынның тәрбиелік-білім беру құндылығы жоғалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет