ПЕДАГОГИКА – ҒЫЛЫМ
Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы
«Педагогика» сөзі антика заманында пайда болды және жалпы қолданатын лексикада мықты орнын тауып, өткен мыңжылдықтарда әртүрлі тілдерде сөйлей бастады. Оларды тек қана мамандар ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық мамандықтан алшақ адамдар да пайдаланады.
«Педагогика» сөзінің осылайша кең таралуы оның мағынасының әр түрлілігінде. Ол екі мағынаны қамтиды:
педагогика — практикалық іс-әрекеттің саласы, өнер;
педагогика – ғылыми білім саласы, ғылым.
«Педагогика» сөзі бірінші мағынасында екіншісіне қарағанда, ертерек қолданыла бастады. Адамзат өскелең
ұрпақтың тәрбие беру және оқыту тәжірибесімен мыңжылдықтар бойы байытылып отырды. Осы тарихи тәжірибені түсінуге, жүйелеуге және осы негізде білім беру мен оқытудың заңдылықтарын анықтауға арналған ғылыми педагогика бірнеше ғасырдан кейін пайда болды. Сондықтан педагогика – бұл ежелгі ғылымдар арасында, мысалы, философия, медицина, геометрия, астрономияны алсақ, салыстырмалы түрде жас ғылым.
Балаларды өмірге дайындау , оларға жинақталған тәжірибені жеткізу қажеттілігі адамзатта ежелгі уақытта пайда болды. Бастапқыда ол қауымда табиғи өмір сүру барысында, содан кейін үлкендер үйретіп, көрсеткенде, еңбекке баулып, қажетті дағдыларды сіңіре отырып, өз үлгісімен тарту барысында отбасыларда жүзеге асырылды.
Мәдениеттің дамуымен, құлдық қалыптастыруға көшудің арқасында туындаған щаруашылық және экономикалық өмірдегі өзгерістермен байланысты жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үшін арнайы ұйымдастырылған оқу орындарын құру қажеттілігі пайда болады. Осы қажеттілікке жауап ретінде мектеп пайда болады (Ежелгі Шығыс, шамамен б.з.б. 5-ші мыңжылдықта).
Алғашқы мектептерді ғибадатханаларда, монастырьлерде
36
ғибадат етушілер ашты, себебі дін тәрбие беру идеалының тасымалдаушысы болды. Содан кейін әртүрлі үлгідегі мектептер ашылды, олар оқытудың мазмұны және әдістемесімен ерекшеленді. Ежелгі мектептерде оқыту мазмұны кеңінен ұсынылды: оқу және жазу сауаттылығы, математика, музыка, этика, салт жоралары, дене жаттығулары, поэтика, логика және басқалар.
Оқытудың сипаты мен ауқымы оқушылардың әлеуметтік
жағдайымен (вельможалардың, дінбасыларының,
шенеуніктердің, қолөнершілердің, бақташылардың, балықшылардың, тіпті құллардың), сондай-ақ,белгілі бір елде болған мәдени және этникалық дәстүрлермен анықталды. Жазғыштар, суретшілер, мұғалімдерді даярлайтын «кәсіби бағдары» бар мектептер болды.
Тәрбиелеу және оқыту үрістерін ұйымдастыру, олардың мазмұны белгілі елде қалыптасқан қоғамдық жағдайлардың ерекшеліктерімен анықталды. Педагогика тарихына Ежелгі Грецияда антика уақытында (б.з.б. ҮІ- ІҮ ғғ.) қалыптасқан екі тәрбие жүйесі енді: спарталық және афиналық. Қоғамдық жағдайларға байланысты Спарта үш жүзжылдық бойына әскери мемлекет болды. Сондықтан спарталық жүйенің негізіне рухы жоғары, дене бітімі дамыған, әскериі істе білгір бозбаланы тәрбиелеу идеясы жатты. Ер жынысты адамдарды тәрбиелеу мемлекеттің ақарамағында болды, қатаң реттеліп, бақылауға алынды. Қоғамдық тәбиелеу өмірінің бірінші күнінен басталды. Жаңа туған нәрестелерді қауым ақсақалдары, қарап, әлсіз және кем туғандарды құздан құлатқан, ал мықтыларды емізуші анаға тапсырған. Асыраушылар Грециядағы алғашқы кәсіби тәрбиешілер болды. Олар баланы қатал жағдайда өмір сүруге, атап айтқанда, қараңғыдан қорықпауға, тамақ ішкенде ұстамды болуға, ауырғанда , тоңғанда айқайламауға және жыламауға және т.б. үйретті. 12 жылға шақталған мемлекеттік оқыту 7 жастан басталды. Ол әскери даярлық жүйесінен құралып, дене жаттығуларын, гимнастиканы, жарыстарды, оқу жорықтарын, үлгілі айқастарды және т.б. қамтыды. Зияткерлік дамыту ең аз мөлшерге бағытталды: оқу және жазу бастамалары.
Демократиялық Афинада ақылын, адамгершілік қасиеттерін, денесін дамытуға бағытталған басқа жүйе қалыпасты. Балаларды оқуға, жазуға, есептеуге, музыкалық аспаптарда (кифарада, лирада) ойнауға үйретті. Баланы өнерге, мәдениетке
37
баулуға ерекше назар аударылды. Бағдарламада поэзия, би, музыка, классикалық әдебиетті (Гомер, Эзоп, Софокл және т.б. шығармалары) оқу органикалық үйлесті. Дене мен рухты тәрбиелеуге гимнастикамен, жүгірумен, күреспен, дискіні, садақты атумен айналысу, сонымен қатар, спорт сайыстарына қатысу ықпал етті.
Сонымен, ежелгі уақыттарда (б.з.б. кезең) адамзат педагогикалық қызметтің, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің бай тәжірибесін жинақтады. Ежелгі ұлы ойшылдар, философтар, атап айтқанда, Демокрит (б.з.б. 470 немесе б.з.б. 460 шамасында), Сократ (б.з.б. 469 — 399), Платон (4 б.з.б. 27 — 348), Аристотель (б.з.б. 384—322) және т.б. адам табиғаты, оны жетілдіру жолдары туралы ойлана отырып, оларға заманауи болып табылған қоғамда адамгершіліктің төмендеуіне наздана отырып, балалар мен бозбалаларды тәрбиелеу және оқыту туралы алғашқы педагогикалық идеяларды, ережелерді, ұсыныстарды қалыптастырды.
Ежелгі философтардың біз үшін тарих сақтап қалған нақыл сөздері, біздің уақытқа дейін жеткен олардың еңбектерін педагогикалық теориялар деп әлі айтуға, ғылымның саласына жатқызуға болмайды. Философтардың өзі педагогикаға баланы өмір бойына жүргізу өнері ретінде қарады. Соған қарамастан, алғашқы педагогикалық көзқарастар философия қойынауында пайда болып, педагогика мен ғылымның бастамашылары болғанын атап өту керек.
Орта ғасыр шіркеудің озбырлығымен, рухани өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім мен тәрбие беруде, тәрбиелеудің антикалық идеалдарынан алшақтаументарихқа енді. Алайда Орта ғасырлар – он екі жүзжылдықтан астам уақытты қамтитын қомақты тарихи қабат болып табылады, ол кезең бойында педагогикалық тәжірибеде көптеген құнды заттар болды. Орта ғасырларда білім беру, мәдениет орталықтарының
рөлін атқаратын университеттер пайда болды. Университеттердің пайда болуы тұлғаның интеллектуалды-рухани дамуына қоғаммен қойылған жаңа талаптарына жауап ретінде ұғынылды.
1148 жылы Еуропада алғашқы болып Болоньеде (Италия) университет
38
ашылды, Орта ғасыр үшін ұйымдастыру демократизмінің бірегейлігімен ерекшеленді: студенттер өз қалауы бойынша оқытушыларды қабылдап, жұмыстан шығару, дәріс мерзімінің ұзақтығын анықтау, ректорды сайлауға қатысу құқықтарына ие болды. ХІІ жылы Оксфорд университеті (Англия), ХІІІ жылы – Париж университеті (Франция) пайда болды. Орта ғасырлық университетте әдетт, төрт факультет болды: теологиялық (діни), медициналық, заң және еркін мамындақтар (көркем).
Ф.Аквинский, Ф.Бэкон, Ф.Рабле, М.Лютер, Т.Мор, Т.Кампанелла, Э.Роттердамский және т.б. сияқты Орта ғасыр ойшылдарының, мемлекеттік және діни қызметкерлерінің еңбектерінде педагогикалық ілім өзінің одан арғы дамуын тапты. Адамды өзінің дүниетанымының ортасына қоя тұрып, ойшыл-гуманистер қоғамның моральдық және әлеуметтік прогресінің осы қоғам мүшелері алатын тәрбие сапасына байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ежелгі ғасырлардан ХҮІІ ғ. дейінгі тұтас ұзақ мерзім педагогика тарихына ғылымға дейінгі педагогикалық шығармашылықтың, эмпирикалық (тәжірибеге негізделген) педагогикалық практиканың уақыты ретінде енді.
Педагогика теориялық білімнің дербес саласы ретінде ХҮІІ ғ. рәсімделе бастады. Осы уақытта қолда бар педагогикалық практиканы жақсартуға, тәрбие мен білім берудің шегін және мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған ғылымға деген аса қажеттілік сезілді. Педагогикаға ғылымға деген сұраныс келесі әлеуметтік-экономикалық себептер аясында пайда болды. ХҮІІ ғасыр үлкен өзгерістер заманы болды, оны әлем Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңі арқасында, қалалардың қарқындап өсуі, өмірдің ортағасырлық құрылысын бұзусалдарынан басынан кешірді.
Бұған мәдениеттің, ғылымның, гүлденуін, өнеркәсіптің жандануын және т.б. қосыңыз. Білім адам өмірінде, барлық қоғамдық дамуда ерекше рөл атқара бастады. Білім беру сапасының өсуімен, көпшілік білім беру жүйесінің қалыптасуымен атақты ойшылдар үміттерін адамзат қоғамының прогресімен байланыстырды.
Білімқұмарлар үшін
Татар-моңғол жаулап алуына байланысты қиындықтарға қарамастан, мектепте оқыту, Ресейде оқу мен жазуға деген құрмет дәстүрі өте күшті болды. XVII ғасырдың бастауыш мектебінің дамуына арқасында,сол кезде Ресейде әсіресе, дінбасылар мен саудагерлердің арасында сауаттылық деңгейі жоғары болды. Саудагерлер шет тілдерін үйреніп жатты, ол үшін шетелдіктерді жалдайтын. Сауатты дворяндардың арасында әйелдер аз болмады. Бастауыш мектептер бүкіл ел бойынша жұмыс істеді. Мектепке арналған қаражат ата-аналар тарапынан берілді. Мұғалім әдетте жалғыз, ал әр түрлі жастағы балалар көп болды.Олардың кейбіреулері мұғалімнің басшылығымен әріптерді үйреніп, ежелеп оқыды, ал басқалары сол кезде
39
жазып жатты. Әрбір оқушы оны дайындау деңгейіне сәйкес келетін тапсырманы алды. Кейбір балалар мектептен кейін үйлеріне кетіп жатты, бірақ көптеген ата-аналар балаларының мектеп жанында тұрғанын пайдалы деп санады. Бай дворяндар мен саудагерлер әдетте өз балаларына шетел тілдерінде сөйлейтін үй мұғалімдерін шақырды.
XVII ғасырда Мәскеуде Баспа ауласымен бірнеше рет басылып шыққан Букварь негізгі оқулық болып саналды. Әліпбиге, грамматикалық ережелерге және мінез-құлық ережелеріне қосымша әліппелер жазбаша жазуды, дінді оқыту мақалаларын, қысқша сөздіктерді қамтыды. Көптеген шапшаң жазуға арналған әліппе-жазбаша үлгілер пайда бола бастады. Оған көптеген жағдайда арифметика, тарих, география, философия, әдебиет, мифология бойынша мәліметтер енгізілді. Ән айту бастауыш мектепте ең қажетті пән болды: «мусикиямен» таныспайынша, адам сауатты деп саналмады. Оқу мектептен бітіргеннен кейін аяқталмады: адам өмір бойы кітаптардан үйренуге тура келді, өйткені «кітаптар - әлемді даналықпен толтыратын өзендер» еді.
Ғылым тарихы – бұл адамдар тарихы және идеялар тарихы. Ғылыми педагогиканың қалыптасуы чехтің ғажайып ойшыл-гуманисті, педагог Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) атымен байланыст айтылады. Я.А.Коменскийдің адамзат алдындағы еңбегі оның педагогикалық ой-пікірге кейін одан арғы дамуын тапқан түбегейлі жаңа идеяларды әкелуімен байланысты. Олар қандай идеялар еді?
Ян Амос Коменскийдің педагогикасының негізгі идеясы - бұл пансофизм, яғниөркениетпен алынған барлық білімді жалпылау және қоғамдық-нәсілдік, діни көзқарастарына қарамастан, осы жалпыланған білімді ана тілінде мектеп арқылы барлық адамдарға жеткізу.
Ұлы гуманист Я.А.Коменскийге оқу- тәрбие үдерісінің тиісті ұйымдастырылуымен әрбір бала білім «баспалдағының» «ең жоғары» сатысына көтеріле алады деген оптимистік тұжырымы бар. Білім практикалық өмірде пайдалы әкелуі керек деп сене отырып, Я.А.Коменский нақты, жалпыға пайдалы оқыту туралы міндеттемені жариялады.
Я.А.Коменскийдің еңбектерінде жалпыға ортақ білім берудің үйлесімді жүйесінің жобасы ұсынылды, жалпымемлекетттік мектеп, мектеп ісін жоспарлау, білім беру сатыларының адамның жасына сәйкестігі, ана тілінде оқыту, гуманитарлық және ғылыми-техникалық жалпы білімнің үйлесуі, сыныптық-сабақ жүйесі туралы мәселелері қойылды.
40
Бұрынғы ұрпақтардан алынған нәрселерді негізге алып, балаларды өмірге дайындау тәжірибесін талдай отырып, Я.А.Коменский оқу-тәрбие үдерісінің объективті заңдылықтары бар деген қорытындыға келді, қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді перспективалық маңызы бар білім беру және тәрбиелеу ережелерін қалыптастырды. Өзінің бүкіл өмірінің басты кітабы «Ұлы дидактикада» (1654), Я.А. Коменский оқу үдерісінің теориялық негіздерін баяндады, оның үлгісімен ЖОО-да, колледжде, мектепте, мектепке дейінгі мекемеде әлі күнге дейін білім беру үдерісі құрылады.
Я.А.Коменскийдің ғылыми еңбектерінен классикалық педагогикалық теорияның қарқынды даму кезеңі басталады. Кейінгі педагог-классиктердің керемет топтамасы (Дж. Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г. Песталоцци және басқалар) білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін әзірлеуді айтарлықтай жақсартты.
Классикалық педагогиканы құруға біздің отандастарымыз лайықты үлес қосты: В.Г. Белинский, А.И.Герцен,
Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н. Толстой, Н.И.Пирогов. Орыс педагогикасына бүкіл әлемдік атақты К.Д.Ушинский (1824-1871) әкелді. Ол тұлғаны дамытудың үйлесімді психологиялық-педагогикалық тұжырымдамасын және оның негізінде тәрбиелеу және білім беру теориясын құрды.
Алдымен жаратылыстану, физика, математика саласындағы жетістіктерімен ерекшеленген XIX ғасыр педагогикалық ғылымның дамуы үшін да қолайлы болды. Осы кезеңде ол тәрбие беру мен оқыту үдерісінің заңдылықтарын түсіну үшін фактілер мен құбылыстардың сипаттамасынан көтеріліп, дербес ғылыми пән ретінде қарқынды дамиды.
Педагогика ішінде білімнің саралануы байқалады, оның мектепке дейінгі педагогика сынды жеке бөліктері бөлініп, ерекшеленеді.
ХІХ ғасыр қарқынды әлеуметтік-саяси өзгерістерімен көптеген елдерде педагогиканың алдына адамды жаңа қоғамда тәрбиелеу мәселесін қойды. Оны С.Т.Шацкий, П.П.Блонский зерттеді. Н.К.Крупскаяның теориялық еңбектері (1869-1939) педагогикалық мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуге тікелей қатысы барларды да қамтиды. А.С.Макаренко (1888—1939) ілімінің
41
өзегі – тәрбие беретін ұжымның теориясы. Макаренко, сондай-
ақ, отбасылық тәрбиенің маңызды мәселелерін анықтады. Тәрбие беру мен оқытудың адамгершілік сипаты, тұлғаға
құнттап қарау – В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) педагогикалық ілімнің ой өзегі осында.
Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы және дамуы қоғамның жаңа ұрпақты материалдық және рухани құндылықтарды жасауға қатысуға даярлаудың тарихи тәжірибесін зерделеп, жалпылауға практикалық қажеттілігімен байланысты. Қазіргі педагогика – адамды оның дамуының барлық жас кезеңдерінде тәрбиелеу заңдылықтары мен қағидаттары туралы ғылымның ерекше саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |