С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Педагогиканың тұжырымдамалы аппараты



бет21/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Педагогиканың тұжырымдамалы аппараты

Педагогика, кез келген басқа ғылым секілді, өзінің категорияларына (тәрбиелеу, оқыту, білім беру), ұғымдарға (педагогикалық қызмет, педагогикалық өзара әрекеттесу, педагогикалық үдеріс) сүйенеді. Педагогиканың мәні, тәрбиелеу, оқыту, педагогикалық үдерістің заңдылықтары әдіс, заңдылық, қағида, тәсіл, сабақ, кәсіп және т.б. сияқты ұғымдардың көмегімен анықталады.


Бір жағынан, педагогика, өзіне маңызды болып саналып, бірақ олар басқа ғылымдардың негізгісі болып табылатын ұғымдарды (даму, орта, қалыптастыру, қызмет, тұлға және т.б.) пайдаланады. Бұл – пәнаралық ұғымдар. Басқа жағынан, көптеген ғылымдар (психология, әлеуметтану, физиология, этнография, тарих және т.б.) негізгі педагогикалық ұғымдарды пайдаланады, олар өз кезегінде бұл ғылымдар үшін пәнаралық болып жұмсалады.


Әр ғылымның өз пәні бар, яғни ол болмыстың белгілі бір саласын зерттейді. Педагогика үшін болмыстың осындай саласы болып тәрбие беру саналады. Ол тәрбие берудің мәнін, оның терең ішкі тетіктерін, тұлғаның дамуы және оның тіршілік етуінің сыртқы жағдайларымен өзара байланысын зерделейді. Сондықтан педагогиканың негізгі категориясы болып тәрбие саналады, басқа категориялар мен ұғымдар оны толықтырып, кеңейтеді және нақтылайды. Дегенмен, тәрбие сөзі күрделі



42

қоғамдық құбылысты сипаттай отырып, жалпыға бірдей қабылданған анықтамаға ие емес, ол көпмағыналы.
Тәрбиелеу ұғымын негізгі, атап айтқанда, әлеуметтік және педагогикалық мағыналарында қарастырайық.


Тәрбиелеу әлеуметтік мағынада әлеуметтік құбылыс, өскелең ұрпақты өмірге дайындайтын қоғам қызметі ретінде түсініледі. Бұған қоғамның барлық әлеуметтік құрылымының күштері бағытталған: баланы өмірге отбасы, балабақша, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, шіркеу және т.б. дайындайды. Баланы өмірге даярлау басқа да көптеген сыртқы әсерлермен, жағдайлармен және мән-жайлармен (адамның этникалық қатысымен, табиғи және мәдени ортамен, тұрғылықты жерімен және т.б.) анықталады. Тәрбие осындай кең әлеуметтік мағынада, шын мәнінде, әлеуметтенумен теңдестіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет