С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Тәрбиелеудің нақты мақсаттары



бет45/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Тәрбиелеудің нақты мақсаттары

Егер тәрбиелеудің мінсіз мақсаты болса, онда нақты мақсат, яғни нақты қоғамда және белгілі адамдарға қатысты жүзеге асырылған, орындалған мақсат та болуы тиіс. Әйтпесе жас өскелең ұрпақты тәрбиелеу туралы мәселе қойылмас еді.


Тәрбиелеудің нақты мақсаттары мінсіз мақсаттарға қарағанда, бірден және мәңгілікке қойылған болып есептелмейді. Олар бірқатар жағдайларға қатысты өзгереді.


Тәрбиелеудің нақты мақсаттары тарихи сипатқа ие. Ол дегеніміз, түрлі тарихи уақыттарда, адамзат қоғамының түрлі даму кезеңдерінде мемлекеттің саясатына, патшалық етіп отырған идеологияға қатысты түрлі мақсаттар қойылған. Сөйтіп, феодалдық қоғамда тәрбие беру мақсаты құл иеленушілік қоғамдағы мақсаттан өзгеше болды, Афинадағы тәрбие беру мақсаты Спартадағы тәрбие беру мақсатынан еркшеленді және т.б.


Тәрбие беру мақсаттары адамның белгілі бір қасиеттерінде, қоғамның құнды бағыттарын нығайтуға қызмет ететін


қасиеттерде қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.





99

Мақсат пен тәрбие берудің объективті және субъективті сипаты

Қоғаммен қалыптасқан тәрбие берудің нақты мақсаты объективті сипатқа ие. Бұл дегеніміз қоғаммен қабылданған құндылықтарды көрсетеді және қоғамға қажетті адамдарды тәрбиелеуге бағытталған. Бұдан басқа, тәрбие беурдің нақты мақсаттарын әзірлеу барысында адамның дамуының объективті заңдылықтары, мәдениет, тұрмыс, дәстүр ерекшеліктері, елдің географиялық орналасуы мен климат жағдайы да ескеріледі.


Тәрбие беру мақсаттары субъективті сипатқа да ие болуы мүмкін. Әдетте, бұл нақты отбасы өз баласын қалай өсіріп шығарғысы келетінін болжау барысында жүзеге асады. Мұндай мақсат нақты объективті мақсатпен сәйкес келіп, оның қарама-қайшылыққа түсуі де мүмкін. Егер қарама-қайшылықтар өткір, қиын шешілетін болса, ол дамып келе жатқан тұлғаға зиян келтіруі мүмкін. Бірақ субъективті мақсаттардың позитивтілігі оларды қалыптастыру және жүзеге асыру барысында ата-аналардың өз баласының жеке даму ерекшеліктерін ескеретіндігінде және мақсатқа жету үшін жағдай жасауында.

Әрине, ата-аналардың кейбір жағдайда өз баласының мүмкіндігін ескергендігінде емес, өз ықыластарына (бала музыкаға ерекше бір қабілетін көрсетпейді, ал ата -анасы одан сазгер шығарғысы келеді) жетекшілік етуінде болуы мүмкін.


Мемлекеттік білім беру мекемелері балаларды тәрбиелеуде, егер де олар онымен келіспесе де, мемлекет қойған нақты объективті мақсатқа сай келетін мақсатты қалыптастыру құқығына ие емес.


Жеке меншік білім беру мекемелері субъективті мақсаттарды қабылдауы мүмкін, алайда олар мемлекеттік мақсаттармен қарама-қайшылыққа түспеуі керек, әйтпесе, осындай мекемелерде тәрбиеленіп және білім алып жатқан балалар болашақта «тұйықталған» жағдайға түседі.


Тәрбие беру мақсаттарының әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдаймен қатаң детерминизмге тап болғанына қарамастан, егер де тәрбие беру мақсатына тұлғаның өзі де, жалпыадами, тарихтан тыс идеалдар да әсер етпесе, жеке адамның дамуындағы прогресс мүмкін емес еді.


Барлық ғасырларда, барлық қоғамдық құрылымдар кезінде,

100

мейірімділік, адамгершілік, имандылық, менменсіздік, басқа адамлар үшін өзінің жанын қию, жаны аши, ықпал ете білуі сынды адами қасиеттер құнды болды. Қарама-қайшылық туады: қоғамға дамуының белгілі кезеңінде, мысалы, біздің қоғамға, іскер, өзіне сенімді, жарқын өзіндігі бар, тәуелсіз адамдар қажет. Ал алдында айтылған қасиеттер қоғам дамуы мен прогресі үшін, адамдардың амандықта болуы үшін бүгінгі күні қатты қажет емес. Тәрбие беру мақсатының әлеуметтік анықталғандығының қисынына сәйкес барлық күштер бүгін іскер адамдарды тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Шын мәнінде де, осындай адамдар көбейді, қазіргі адамның осындай моделін қалыптастыратын оқу орындары пайда болды. Бірақ қоғамда жеке тұлғаларда

жәнеадамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста «адамгершіліктің тапшылығынан» өзіндік бір әлеуметтік дүмпу туындауда... және қоғам мемлекеттік құрылым ретінде тәрбие беру идеалдары мен мақсаттарына түзетулер енгізуі тиіс. Сөйтіп, тұлға, жеке адамдар қоғам мен оларға ұсынылатын мақсаттардың соңына еріп қана қоймай, өздері де оны жетектеп, тәрбие беру мақсаттарына түзетулер енгізеді. Осы кезде, субъективті мақсат оны объективті анықтау және сипаттау деңгейіне шығады.


Сөйтіп, тәрбие беру мақсаты педагогиканың негізін қалаушы категориясы болып табылады. Оған тәрбие берудің міндеттері, мазмұны, әдістері байланысты. Әрине, тәрбие берудің нақты мақсаты тәрбие беру нысанына қатысты нақтыланады: ол барлығына бірдей, алайда түрлі жастағы категориялардағы адамдарға қатысты алсақ, шынайы орындалатын мазмұнмен толығады (мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, ересек адамдарды тәрбиелеу мақсаты бірдей болуы мүмкін бе екен?).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет