С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет44/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Тапсырма



  1. Орыс жазушы-классиктері (Л.Толстой, И.Тургенев, А.Чехов) шығармаларының негізінде жас немесе мектеп жасына дейінгі баланың мінездемесін жасауға тырысыңыз. Сіз білетін балаға осы мінездемені «өлшеп көріңіз». Айырмашылы неде және ұқсастық неде екен? Салыстыру нәтижелерін түсіндіріңіз.




  1. Жас және мектеп жасына дейінгі баланың даму динамикасын келесі бағыттардың бірі арқылы ашыңыз: эмоционалды даму, интеллектуалды және адамгершілік бағытта даму.

96


Екінші бөлім


БАЛАЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

V I Т А Р А У




ПЕДАГОГИКАДА МАҚСАТТЫ ТҰЖЫРЫМДАУ. ТӘРБИЕЛЕУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ


Тәрбиелеу мақсаты туралы мағлұмат

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу үдерісі әрқашан нәтиже алу ықыласымен байланысты. Сол – соңғы нәтиже үшін педагогикалық ғылымның теориясы, жүйесі, технологиялары жасалып, практикамен тексеріледі, бекітіледі.


Сөйтіп, тәрбие беру мақсаты – адам тұлғасының қалыптасуына бағытталған қызметтің күтілетін нәтижесі. Мақсат осындай әрекеттің мотиві болып табылады.




Тәрбие берудің мақсаты

Ежелгі заманнан бастап, адам адам болып қалыптаса отырып, өзі әрекет ететін салада ең жоғары жетістіктерге жету үшін қажеттіліктерді сезінді. Және те адам сондай жоғары жетістіктерге қабілетті екені расталып отырды, тек қана біреуде бір нәрсе орындалады, ал басқада – басқа нәрсе.


Халықтың идеалы қандай болған екенін анықтау мақсатында орыс фольклорының шығармалары – ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, әндерді ерекше назармен оқи қалсаң болды, біздің алдымызға іскер, еңбекқор, мейірімді, көңілді, әдемі,



97

күштіжан-жақты адамның бейнесі шыға келеді.
Ежелгі философтар адамды іргелі адамгершіліктің түйіні ретінде елестетті. «Калокагатия» (грек тіліненkalos— әдемі, agathos мейірімді, яғни тәрбие берудің идеалы ретіндегі

адамның сыртқы физикалық және ішкі рухани басымдықтарының гармониялық үйлесуі) ұғымы да қалыптасты.


Сөйтіп, мұнда біз ақыл-ойы дамыған, мейірімді жүрегі мен шаттанған жаны бар адамның бейнесін, яғни жан-жақты дамыған тұлғаны көреміз.


Кейінірек жан-жақты дамыған тұлға идеясы К.Маркспен «Коммунисттік манифестте»коммунистік қоғамда оның әр мүшесіне, қоғам даму үшін қажетті жағдай жасалғанда ғана іске асатын мақсат ретінде айтылады.


Осылайша, толығымен дамыған үйлесімді тұлға - адамзат өскелең ұрпақтытәрбиелеу туралы, өзінің болашағын ойлауды бастағаннан бері,ұмтылуға тұрарлықтай және сол үшін өмір сүруге тұрарлықтай жетекші идеялар, идеал ретінде әрекет еткен қалаулы нәтиже, мақсат.


Алайда адамзат қоғамының даму тарихы, индивид дамуының заңдылықтарын зерделеу, біріншіден, бір адамның бойында оның тұлғасының барлық жақтары (әркімде өз тұқым қуалаушылығы, қоршаған әлемді қабылдаудың өз қабілеті бар және т.б.) толыққанды дамуы мүмкін емес, екіншіден,


Но история развития человеческого общества, изучение зако-номерностей развития индивида показали, что, во-первых, әр қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайы дамуға қолайлы немесе қолайсыз жағдай жасауға әсер етсе де, мінсіз қоғамда да,егер ондай болса, бірдей дәрежеде дамыған тұлға жан-жақты тәрбие алуы мүмкін емес.


Тарих белгілі бір салада таңғаларлық дамыған тұлғаларды біледі: П. Чайковский — музыкада , И. Репин — сурет өнерінде, А. Эйнштейн — математикада, И. Курчатов — физикада және т.б.Бір тұлғада шамамен бірдей жетістіктер бірнеше бағытта үйлеседі: Леонардо да Винчи — суретші, математик, механик; М. Ломоносов — физик, әдебиетші, химик; А. Грибоедов — жазушы, сазгер, дипломат. Соған қармастан, осындай жарқын тұлғалар да бір дәрежеде жан-жақты дамымаған.


Сондықтан, мақсат – «жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу» - өз мәнінде, тәрбиелеудің мінсіз, іске аспайтын мақсаты болып табылады.



98

Керек. Ол адам мүмкіндіктерінің бағдары болып табылады және көпқырлы тұлғаның түрлі бағыттарында тәрбиелеудің міндеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Онда күшті адамгершілік бастауы – адам мүмкіншіліктеріне сенуқаланған.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде мінсіз мақсатқа бағыт алу аса қажет. Ғылым бүгінгі күні адам қандай «қасиетімен» Жерге келген, қай салада ол біршама табысты және өзін көрсете алады деген сауалдарға әлі жауап бере алмайды. Біреуін тежеп, басқасын (ересек таңдаған) дамыта отырып, қателіктер жібермеу үшін, бала өзін түрлі бағыттарда сынап көретін жағдайларды жасау қажет.


Ересектің міндеті – баланың дамуын мұқият бақылай отырып, осы балаға тән және құнды болып табылатын, оның маңайында тұлға үйлесімділігі қалықтайтын негіз бола алатын бүршектерді өткізіп алмау керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет