С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет42/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Тапсырма

1 жас 4 айға дейінгі балаларға зат немесе құбылыстың атауымен қатар олар еркің айта алатын жеңілдетілген сөздерді (киса, ам-ам) ұсынған жөн деген көзқарас бар. Болашақта бала бірте-бірте олардан бастартады. Егер бұндай сөздерді қолданбаса сөйлеуді кеш игереді. Сіз осы ұстанымды қолдайсыз ба немесе жоғарыда айтылған көзқарасты ұстанасыз ба? Сіздің 1 жастан 2,5 жасқа дейінгі таныс балаңыз қолданатың сөздерді жазып алыңыз. Оларды талдаңыз.


Егер ерте балалалық шақта баламен көп сөйлессе және оған «айту» мүмкіндігін берсе – сөздер туралы айтпағанда, тіпті гуілдеп немесе былдырлап жеткізсе, баланың тілі дұрыс дамып жатыр деген сөз: 1 жас 6 айға дейін белсенді, 2 жасқа дейін ақырындап және әрі қарай белсенді Бірақ белсенділік бұл кезде пассивті, сондай-ақ активті сөздікті толықтыруда және кеңейтуде байқалады. Және ерте жастың соңына қарай 3 жаста – оның активті сөздігің орташа есеппен шамамен 1000 сөз құрайды. Тілің дамыту үшін адамның бейнеле есті игеруі өте маңызды. Ол одан өзінің көптеген сұрақтары мен сөздігін байыту үшін мағына алады.


Сөйлеудің дамуы ойлаудың дамуымен байланысты. Ғалымдар(Ж. Пиаже, Л. А. Венгер, С. Л. Новоселова, В. С. Мухина және т.б.) балада бастапқы ойлаудың байқалуы өмірінің бірінші жылының соңы мен екінші жылының басында, сәби нысандар арасында байланысты анықтауға бағытталған практикалық әрекеттерді игерген кезге жатады деп есептеген. Бұл жастағы ойлау көре отырып әрекет етуге жатады, және ол заттармен әрекет ету негізінде дамиды. Көбісі «ақыл мен сезіну » арқылы емес, әрекеттер туралы өз ұғымына сүйенген кезде, байқап көру және қателік жасау арқылы, нақты әрекеттер



85

арқылы балаға тәжірбие болып келеді (бұл көру-бейнелі ойлау үшін тән).
Ерте жаста басқа да психикалық үдерістер дамиды (дами бастайды ), ол – ес, назар. Олар баланың дүниеге келген әлемін тануды қамтамассыз етеді. Өмірінің екінші жылының ортасына қарай бала жалпылау жасай алады, заттар мен әрекеттер

арасында, құбылыстар арасында себеп-салдарлық байланыстарды орнатады. Әрине, балаға дамуына онымен бірге әрекет ететін, оған көрсететін, демеуші болатын ересек адам көмектеседі.


Бұл жастағы бала дамуындағы маңызды механизм еліктеу болып табылады (Т.И.Горбатенко). Сәби ересектің әрекет тәсілдеріне, сөйлеуіне, кейін бағалауына да еліктейді. Еліктеу ойындардың пайда болу негізінде жатыр.


Ерте жастағы іс- әрекеттің басты түрі заттық іс-әрекет болып табылады, бірақ ол қарым -қатынаспен тығыз байланысты және барлық балалық кезеңдегі ең маңызды іс-әрекет —ойынның көрінуі үшін алғышарт ретінде қызмет атқарады.


Ерте жаста бала алғашқы әлеуметтік тәжірибені жинайды. Сәбидің үлкендермен қарым-қатынасы ақырындап әлеуметтік сипатқа ие бола бастайды, яғни балада қарым-қатынас жасауда, тану мен іс-әрекеттің адами тәсілдерін игеруде биологиялық, өмірлік қажеттіліктер ғана емес, әлеуметтік қажеттілікте пайда болады. Бұл қажеттіліктерді ересек адам қанағаттандырады. Ерте жастағы әлеуметтік даму да қарқынды жүреді. Адам қоғамында бала өмірінің алғашқы екі жылында не үйренгенін талдайтын болсақ, онда бұл жетістіктердің көлемі мен мазмұны таң қалдырады: ол адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың сипатына жауап береді (егер анасын ренжітсе жылайды; әжесі көңілді болса, онымен бірге қуанады және т.б.), қатарласымен немесе ересек адаммен қосылып уайымдайды, ойыншықпен бөлісуді біледі.Әрине, бала бұл адаммен қарым-қатынас түрінің барлығын әркез терең түсіне бермейді, көбінесе еліктеу бойынша немесе ересектің көтермелеу ұсынысына жауап ретінде әрекет етеді . Алайда, жалғыз, тіпті жағдайлық моральдық іс-әрекеттерден балада бірте-бірте айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасының мүмкін сипаты туралы, оның адамдар арасындағы орны туралы түсінігі қалыптасады.


Кішкентай баланың мінез-құлқы оның тілектерінен, сезімдерінен қалыптасады, және осыларға сүйене отырып,



86

адамгершілік, тәрбиесің бастауға болады.
Дегенмен, ерте жастағы бала туғаннан кейін ұзақ уақыт анасымен биологиялық байланысты ұстап тұратынын есте сақтау керек. Бұл байланыс эмоцилық тұрақтылықты, эмоцилық жайлылықты сақтауға көмектеседі, олсыз даму үйлесімі бұзылады және әлемге деген сенім қалыптаспайды (Э.Эриксон). Анаға деген бауырбасу – күрделі әлеуметтік сезім.Ғалымдар жаңа туған сәбиге тіпті мінсіз күтім жасалғанның өзінде, егер ол туған адамдарымен әлеуметтік қарым-қатынас жасамаса, онда оның дамуы тежеледі. Психологтар мен дәрігерлерге бала өзінің алғашқы өмір жылдарында анасымен аз қарым-қатынас жасаса, баланың психологиялық дамуы бұрмаланған кездері аз

емес екендігі белгілі. Н.М.Щелованов«госпитализм» құбылысынбелгіледі, яғни ол — тәрбиелеу жетіспеген жағдайда ерте жаста балалардың дамуындағы кешігу . Бала әлсіз, немқұрайлы болады; табиғи қызығушылық және эмоционалдық төмендейді. Н.М. Щеловановбұл құбылысты балалар үйінде (1930- жж.) бақылады, оның көрініс табу себебі анасының жоқтығынан емес, тиісті тәрбиелеу әсерінің және эмоцияға толы ортаны ұйымдастырудың жоқтығынан екенін дәлелдеді.


Бұл ұстаным ұзақ уақыт бойы (1930—1980-шіжж.) біздің елдегі ерте жастағы баланы тәрбиелеудің педагогигикалық тұжырымдамасына тән болды. Ол әлемдік психологияға қолданысындағы «ерте айыру теориясымен» кей жерлерде қайшы келеді, оған сәйкес оның психологиялық және физиологиялық дамуы баланы анасынан айыру нәтижесінде артта қалады. Бұл көзқарастар туралы әлі де ойлану керек, өйткені онда көптеген қарама-қайшылық бар. Мысалы, А. Я. Варганың ойынша,туғаннан бастап тәуелсіз болу – дұрыс тәрбиелеудің ең басты психиологиялық заңы, және әр түрлі түсініктерді араластурудың қажеті жоқ: бір жағынан, баланың денсаулығы туралы алаңдау, күту, оны тамақпен, жылумен және т.с. қамтамассыз ету керек, бірақ екінші жағынан ол адам (әлеуметтік) ретінде басынан бастап дербес және тәуелсіз болу керек. Мұндай дербестік болашақта оны анасынан қиналмай «кетуіне» мүмкіндік береді.



87

Тапсырма

«Депривация» сөзі (лат. privatus— жеке, де-айырылу, жоғалту ) тура мағынасында бала априори анасының жеке меншігі болып табылады. Ол - оның бір бөлігі. Бұл біртұтас әлемді жасанды түрде екі бөлікке бөлу «ана-бала» іс-әрекетінің бұзылуына әкеп соғады. Ойланыңыз және ерте депривация


теориясымен келісетіңізді немесе келіспейтіңізді тұжырымдаңыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеудің заманауи тұжырымдамасына және баланың дамуы туралы заманауи ғылыми мәліметтерге сүйеніңіз.


Сонымен, ерте жас кезеңінде бала дамуының кейбір заңнамасын бөліп қарауға болады: физиологиялық және психологиялық дамудың жылдам қарқыны, бірінші мен екіншінің өзара байланысы; баланың алғашқы әлеуметтік тәжірибені, мінез-құлқы әдетін игеруі; эмоционалдық жастың жетекші сипаттамасы; ересектермен жеке байланысқа түсу қажеттілігі; тұқым қуалаушылықтан және дамушы әлеуметтік ортадан және т.б. даму.


Тәрбиелеу мен оқытуға деген сезімталдық жоғарғы жүйке және психикалық әрекеттердің икемділігімен, еліктеушілік және шабыттандырғыштықпен, әсерді қажет етумен, белсенді қозғалумен, қарым-қатынас сипатымен жеңілдетіледі.


Ерте жас — адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы ең маңызды кезең. Бұл тезисті түсіну бала педагогикалық ғылымның нысаны ретінде амплификация (лат. amplification— күшеюі) заңдылығына сәйкес оқытылады дегенді білдіреді, яғни педагог осы жастың барлық (немесе көбісін) әлеуетті мүмкіндіктерін белсенді ете алатын тәрбиелік әсер ету стратегиясын жасап шығатын болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет