С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет41/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

дамудың жылдам қарқыны болып табылады деген бірауыздан, тәжірбиемен дәлелдеген ойға келді. Бала өмір сүруге асығады, тез Адам болғысы келеді. Ол тез салмақ қосады, өседі; организмнің барлық өмірлік маңызды жүйесін белсенді атқара бастайды; қозғалысы дамиды; бұлшықеттері қатаяды; тісі жарып шығады (П.П.Блонский атап айтқандай, сәбидің «тісі көбиген» сайын, ол жаңа «білім белестерін» белсенді түрде бағындырады!).

Бұл кезеңде физикалық дамудың жылдам қарқынымен бірге балалың әр түрлі ауруларға, сүйек және бұлшықет жүйелерінің бұзылуына, организмдегі үйлесімділіктің бұзылу қаупіне


шалдыққыштығымен ерекшеленеді. Дәл сондықтан ерте жастың бай мүмкіндіктерін «пайдалануда», баланың физикалық дамуының аз тексерілген әдістері мен жүйелерін қолдануға ерекше абайлау керек. Сонымен, бала организіміне жүзудің әсерін дұрыс қадағаламай, оны жүзуге ерте үйрету сүйек құрылысындағы жамбас буындарының ауытқуына әкеп соғуы мүмкін, себебі олар дененнің вертикалды жағдайындағы жүктемеге арналған. Тамақта кальцидің жетіспеуі сүйек тіндерінде қуыстың (лоозеров аймағы) пайда болуына әкеп соғады. Түрлі бұзушылықтардың, түрлі «инновацияларды» абайламай пайдаланудың және балаға тәжірбие жүргізудің салдары ерте жаста емес және мектеп жасында емес, ал анағұрлым кеш білінуі мүмкін.


Ерте жастағы бала дамуының тағы да бір ерекше өзгешілігі–
физикалық және психологиялық дамудың тығыз өзара байланысы және өзара әсерітуралы есте сақтау керек. Қозғалыс дамуындағы кемшіліктер, мысалы, баланың ақыл-ойының даму деңгейіне әсер етеді, организмнің жалпы әлсіреуі (дұрыс тамақтанбау, шынығудың болмауы және т.б.) ақыл-ой белсенділігін төмендетуге әкеп соғады, қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуға көңіл бөлмеу, сөйлеу дамуында

баяулыққа әкеледі. Қозғалысты, жаяу жүрісті дамыту физикалық жағдай үшін де, баланың жалпы дамуы үшін де маңызды. Қозғалысты шектеу, кідірту (жаңа туған нәрестені қатты орау, еңбектеген кезде, одан кейін жүрген кезде қозғалыс аумағын шектеу, қауіпті қозғалыстарға тыйым салу –



83

кедергілерден өту, үстелге шығуға ұмтылу және т.б.) бала дамуына зиян келтіреді.
Бала әлемді сезіну, қабылдау арқылы таниды, ол оның сенсорлық дамуына жол ашады. Белгілі болғандай, сенсорлық тәрбиелеу ақыл-ой тәрбиелеудің негізінде жатыр, өйткені сенсорика (лат. sensus— сезім) арқылы адам оны қоршаған әлемнің құрылымы, қасиеттері туралы біледі. Бүкіл әлемге

белгілі М. Монтессори, Ф. Фребеля, О.Декроли, Е.И.Тихееваның баланы тәрбиелеу жүйелері сенсорлық этолонды дамыту, сенсорлы және ленгвистикалық тәрбиенің байланысы негізінде қалыптасқаны тегіннен-тегін емес. Н.М.Щелованова, Н.М. Аксарина, Н. П. Сакулина Л. А. Венгераның және оның оқушыларының зерттеулері баланы сенсорлық тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Бұл зерттеулерде осы тәрбиеге ерте жаста үлкен мағына беріледі. Ерте жастың соңында балалар дыбыстарды жоғарылығына, тембіріне, күшіне қарай айыра алады. Олар сонымен қатар әнді де мінезіне, мәнеріне, үйлесімділіге қарай айыра алады; бірнеше түстерді таниды және атайды. Л. А. Венгераның зерттеулерінде екі-үш жастағы балалар негізгі геометрилық фигуларды және олардың нұсқаларын, сондай-ақ барлық түс шоғырларын және реңдерін айыра алтыны туралы дәлел бар.


Ерте жастағы ең маңызды жетістік баланың сөйлеуді игеруі болып табылады. Гу-гулеу, былдырлау арқылы сәби алғашқы мағыналы сөздерге келеді. Бұдан анағұрлым ертерек сәби басқа адамдардың өзіне қаратып айтқан сөздерін түсіне бастайды, бір жасқа жақындағанда өз актив сөздігі пайда болады. Бұл сөздік небәрі 5-10 сөзден тұрса да (мектепке дейінгі оқушыларда ол 30 болуы да мүмкін), бірақ олар әркез мағыналы түрде қолданылады. Көбінесе ересектер балаға сөзді толық айту қиынға түседі деп ойлап, бала тіліне қарай бейімделеді және сөздердің қысқарған аналогтарын ойлап табады, кейде тіпті жай мағынасыз сөз тіркестерін қолданады, мысалы «ням-ням» тамақ іш деген сөздің орнына, «әу кеттік» жүр қыдырайық деген сөздің орнына және т.с. Бұл баланың сөйлеуді игеру үдерісін жеңілдетеді ме? Әрине, жоқ. Міне, осылай біз сәбиге қандай да бір басқа тілді игеруге мәжбүрлейміз, содан кейін қайта үйретеміз – оған өз ана тілінде сөйлеу керек емес пе! Бала оны тыңдап, қабылдап, түсіну үшін басынан бастап онымен қалыпты «адам» тілінде қарым-қатынас жасау дұрыс емес пе?Түсіну мен



84

айтудың механизмдері әртүрлі. Айту механизмі жетілгенге дейін, түсіну үдерісі ерте іске қосылады. Егер сәби қандай да бір күрделі сөзді айта алмаса да, мысалы телефон, ол оны дыбыстауы бойынша, ересектердің қолдануы бойынша, оны

білдіретін затпен сөзге қатысы бойынша таниды. Бала сөз музыкасын сезінеді, бірақ ол оны осы кезде өзінің артикуляциялық аппараты мүмкіндік бергенше айтады — «тататон». Сәби сөздің буын санын және мелодикасын сақтағанын байқадыңыз ба? Міне, ең бастысы осы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет