Оқыту модельдері
Жоғары айтылғандай оқыту үйретуші мен үйренуші деген екі жақтың өзара әрекеті. Педагог пен балалардың өзара әрекетінің стилі әр-түрлі болуы мүмкін: авторитарлы, демократиялы, либералды. Стильге байланысты оқыту прорцесінің моделі қалыптасады. Егер авторитарлыстиль басым болса, әңгіме оқу-тәртіптік модель жөнінде болып отыр. Педагогпен балалар арасындағы өзара әрекетте демократиялық стиль басым болса, тұлғалық-бағытталған модель құрылады.
Ұзақ уақыт бойы Отандық білім беру жүйесінде, соның ішнде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері де, оқу-
тәртіптік модель үстем болған.оның мақсаты балаларды біліммен , ептілікпен , қаруландыру болды. Мектеп жасына дейінгі оқыту нәтижелері білім көлемімен бағаланды: Балаларға «еңбек сіңірсе» соғырлұм оны табысты оқытатын деп есептейтін. Мектепте және басқа оқу орындарында баға көрсеткіш болып қызмет ететін, олардың негізінде оқу үлгерімінің пайыздары есептелетін.Бұл ретте «таза білім» бағаланатын, (бала нені біледі, не істей алады), оқыту үлесін маңызды факторлар болып есептелетін үйренушінің күш салуы, оның тырысуы және т.б. сияқтыларға талдау жасалмайтын. Ал дәл осы факторларда баланың оқытуға потенциялды мүмкіндіктері «жасырынып» тұр.
Оқытудың мазмұнының, әдістерінің біртүрлілігі – оқу-тәртіптік модельдің ерекшелік белгісі. Елдің мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінде мектептерде жән басқа оқу
250
орындарында оқыту бірыңғай бағдарламалармен, оқу жоспарларымен, оқулықтармен, оқу құралдарымен өткізілетін.
Оқытудың «істей алмасаң-үйретеміз, істегің келмесе-мәжбүрлейміз» деген ұраны балаға басынан оқуға ынтасы жоқ тіршілік иесі ретінде көзқарасты білдіретін. Оқытудың таралған әдістерін түсіндіру (ересек адамның монологы), балалардың үлгі бойынша қызметі. Осы әдістердің көмегімен балаларда репродуктивті-еліктеу деңгейде атқарғыштықты дамытатын. Баланы оқуға мәжбүрлеу үшін, педагоготар оған түрлі талаптарды алдына қоятын, тыйымдар, нотациялар, содан «шара қолдануды», оған әсер етуді сұрап ата-анаға жүгінетін.
Педогогикалық практикада оқытудың оқу-тәртіптік моделінде кемшіліктерді еңсеру, білім беруді балалар үшін қызық қылу, оларға деген махаббат пен құрмет үйренушілерінің өз күштері мен мүмкіндіктеріне негізінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, талпыныстары қолға алынған.
Педагог-ойшыл және гуманист В.А.Сухомлинский, Полтавщинадағы Павлыш мектебінің директоры бола тұра, өзінің практикалық қызметімен балаға деген махаббат пен сенімсіз барлық ғылыми даналықтар, оқытудың барлық әдістері
мен құралдары дәрменсіз екендігін дәлеледеді. В.А.Сухомлинский әр балада жасампазды ашуға, мектептегі оқуды қунанышты ету үшін талпынды.
Білім құмарларға:
Сіз әлі В.А. Сухомлинскийдің «жүрегімді балаларға беремін» атты кітабын оқыған жоқсыз ба? ( Киев,1973 жылы) оқып шығыңыз, ұлы педагогтың идеяларын өзіңізге сіңіріңіз, олар сізге еңбек істейтін балалар тобын, мектепке дейінгі жастағыларға білім беру мекемені «қуаныш мектебіне» айналдыруға көмектеседі.
В.А. Сухомлинскийден кейін көптеген педагогтар (В.Ф. Шаталов, И.П. Волков, Е.Н. Ильин, С.Н. Ресенкова және т.б.). Балалармен істеген білім беру жұмыстарында баланың жалпы мүмкіндіктнеріне оптимистік көзқарасты және т.б. дамуына
251
бағытталған оқыту идеяларын жүзеге асырды.
Сонымен педагог гуманистер, новаторлар дәстүрлі оқу-тәртіптік модельді ысыра бастаған оқытудаың жағңа модельіне жаңа жол ашты. Бұған қоғамдық өмірдің обьективті себептері ықпал етті.
Заманауи қоғамдық өзіндік шығармашылық ойлау қабілеті бар догматизмнен және көніп бейімделгіштіктен еркін адамдарға деген өткір қажеттілігі ғалымдарды (Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, В.А. Петровский және т.б.) негізінде педагог пен баланың жеке бағдарланған өзара әрекеттестік жақтан оқыту моделін дайындауға түрткі болды. Мұндай оқытудың мақсаты-
интелектуалды, рухани, физикалық қабілеттіліктерді қызығушылықтарды мотивтерді дамыту, яғни баланың тұлғалық қалыптасуы қайталанбас индивидуалдық ретінде баланың өзін-өзі табуы. Бұл мақсатты іске асыру үшін өмірінің ерте жасынан бастап балада адамзат мәдениеті әлеміне араласу ықыласына қолғабыс көрсету, сондай араласуға қажетті құралдарды және тәсілдерді оған өтізу керек. (В.В. Давыдов, В.А. Петровский).
Тұлғалық бағдарланған модельде балаға тұлғалық-гумандық көзқарас нақтыланады (Ш.А. Амонашвили). Бұл көзқарастың мәні: баланың оқығысы келеді және оқи алады, оның тілегін сүйеу және оның істей «алатынын» бекіту маңызды. Педагогтың басты міндеті - балаларды ұйымдастырып және ол білім алушылар өздерінің өскенін шығармашылық өзін-өзі жетілдіру қуанышын сезінетін танымдық жәе практиклық мәселелерді шешетін активті процеске оларды тарту. Тұлғалық бағдарланған модельдің педогогикалық технологиясы бар: түсіндіруден түсінуге өту, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамуға басқарудан өзін-өзі басқаруға өту. Оқыту педагогпен балалардың бірігіп жұмыс істеуінде және жүзеге асырылады. Мұнда педагог - көмекші, кеңесші, үлкен дос.
Мектепке дейінгі жасөспірімді тәрбиелеу концепциясында (1989 жыл) сол кеде бар және күшейіп келе жатқан оқытудың оқу тәртіптік моделі сынға ұшырады. Оны тұлғаның
252
бағдарланған модельге ауыстыру қабілеттілігі дәлеледенген. Бірақта 2013 жылы мектепке дейінгі білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасының құрылымына қойылатын федералды мемлекеттік талаптарында тағыда ең нащар жақтарымен көрінген оқытуды мектептік типтің озбырлығы сынға ұшырады. Отандық педагогтардың менталитетінде оқыту процесінің қатаң регламация түрінде қалыптасып қалған барлық балалар үшін брдей оқыту процесі инструктивтік методика приоритеті апталық міндетті сабақтар тізімі оларды оптималды үйлесуіне, ұзақтығына қойылған талаптар. Неліктен осындай әдістеме сондай өміршең болып шықты?
Әңгіме мынада, оқытудың кез-келген моделі, соның ішінде тұлғалық бағдарланған сияқты пргрессивтісі де ғалымдармен зерттеліп, ол белгілі бір мекемеде тәрбиеленушілермен өзара әрекеттесу процесінде педагогпен жүзеге асырылады. Педагог - гуманистік негізде оқыту процесін түрлендірудің бас тұлғасы.
Ол қаншалықты қолдан келетіндігі педагогтың профессионалдық дайындығынан жалпы мәдени деңгейіне, сонмен қатар жеке бас қасиеттеріне (гуманизм, балалардың тағдырына жауапкершілік, өз-өзін жетілдіруге ұмтылу, қатынас жасау мәдениеті және т.б.) байланысты. Дидактикада оқытудың бірнеше түрлері қалыптасқан: тікелей, мәселелік, жанамалық.
Достарыңызбен бөлісу: |