С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың



бет91/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың өзіне -өзі қызмет ету бойынша еңбек мазмұнына өздеріне қамқорлық көрсету де енеді: сурет салу алдында жұмыс орнын дайындау; тамақтан кейін шыныаяқтарды, қасықтарды тазалау және тіпті жуу (үйде), төсек-орын салу, ойыншықтарды, кітаптарды тазалау.

Өзіне -өзі қызмет етуді үйренгеннен кейін, бала ересек адамнан белгілі бір тәуелсіздікке ие болады, оның бойында өзіне деген сенімділік сезімі қалыптасады. Әрине, тіпті мектеп



206

жасына дейінгі жастағы үлкендеу балалар кейде тіпті ересек адамның көмегіне мұқтаж болады, бірақ мектепке барар алдында, олар өз күштерімен көп нәрсе істей алуы керек.


Шаруашылық-тұрмыстық еңбек. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың меңгеруге қабілеті жететін екінші еңбек түрі. Бұл еңбек түрінің мазмұнына үйді тазалау, ыдыс-аяқтарды жуу, кір жуу және т.б. жұмыс енеді. Егер өзіне-өзі қызмет ету еңбегі бастапқыда тіршілікті қамтамасыз ету үшін, өз-өзіне қамқорлық көрсету үшін жүргізілсе, онда шаруашылық-тұрмыстық еңбек әлеуметтік бағдарға ие. Бала қоршаған ортаны тиісті түрде қалыптастыруға және қолдауға үйренеді. Бала шаруашылық-тұрмыстық еңбектің дағдыларын өзін-өзі қамтамасыз етуде де, ортақ игілік үшін де қолдана алады.


Шаруашылық-тұрмыстық еңбек бұл баланың түсінуіне айрықша қолжетімді ересектердің қызметі. Балалар ересектерді бақылаған кезде, еліктеу ынтасы пайда болады, олар «анасы сияқты» барлық нәрселерді жасауға ұмтылады: ыдыстарды жуу, тазалау, кір жуу. Баланы әркез қолдау қажет. Бас кезінде оның іс-әрекеттері еңбекке ұқсастығы аз болғанымен, бірақ ересек жұмысына қатысу бала үшін оларды тартымды етеді. Бұл қадамдар нәресте күш салғанда және кейбір нәтижелерге жеткенде еңбек болып табылады.

Сондықтан кіші топтардағы балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбектері мазмұны бойынша жиһаз сүртуге, ойыншықтар орналастыруға, шағын заттарды жууға, аумақтағы қарды тазалауға, аумақты безендіруге және т.б. жұмыс ересекке көмек ретінде ұсынылады. Бұндай еңбек үдерісінде тәрбиелеуші балалардың бір іске назарын жинақтау, ересек көмегімен істі соңына дейін жеткізу қабілетін қалыптастырады. Баланы оң бағалау, мақтау өте маңызды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет