С. А. Козлова, Т. А. Куликова



бет90/225
Дата11.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#480429
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   225
мектепке дейінгі педагогика

Балалардың






















әрекетін басқару




Ересектің тікелей

Ересектің жанама







қағидалары




басқаруымен

басқаруымен










бойынша

















































Бала мен ересектің

Жеке, топшалармен

























Балаларды




бірлескен қызметі:













біріктіру тәсілі




■ жаппай;













бойынша




■ топшалармен;



















■ бір баламен































Қызмет түріне




Сабақтар,

Театрландырылған







қарай




экскурсиялар,

ойындар,
















мерекелер, ойын-

тапсырмаларды,













сауықтар, ойындар,

мерекелерді
















еңбек ету

қайталау







Тапсырма

1. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған әр түрлі бағдарламаларда эстетикалық тәрбие беру мазмнын оқыңыз. Бағдарламаларды салыстыру нәтижелері бойынша өз қорытындыңызды жасаңыз.



  1. Өнерлерді біріктіру қағидасы негізінде ересек жастағы балалармен сабақ ұйымдастырыңыз.




  1. Ресейдің Тәуелсіздік күніне арналған мерекенің сценарийін жасаңыз.




  1. Өз тобыңыздағы балалардың қабілетін көркем өнердің әр түріне қатысты зерделеңіз.






201

X I Т А Р А У


ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ

Энциклопедиялық сөздікте «еңбек» ұғымы «адамның өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарын түрлендіруге және бейімдеуге бағытталған тиімді қызметі» деп түсіндіріледі.


Халық педагогикасында еңбекке адамзат қызметі ретінде көп көңіл бөлінген. Еңбек және адамдардың еңбекке деген көзқарасын еске алайық («Жұмыссыздық – барлық жамандықтың анасы», «Ештеңе жасамай, адамдар жаман істер жасауды үйренеді», «Еңбек қамқорлықты елеусіз етеді»). Еңбек туралы көптеген пікірлерді философиялық еңбектерде, әдебиет классиктерінің шығармаларынан табуға болады («Егер сенде аз уақыт болғанын қаласаң, ештеңе істеме!»- А.Чехов; « Адамды адам еткен - еңбек. Еңбексіз адам өзінің адамдық қадірін оңай


сақтай алмайды». – Л. Толстой).
К. Д.Ушинский еңбек тәрбиесіне үлкен мән берді, ол өзінің көптеген шығармаларында балалар жұмысының теориялық және әдіснамалық көзқарасын анықтады. Ол: «Білім тек қана ойлауды дамытып, білімді жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар адамның бойында оның өмірі лайықты немесе бақытты бола алмайтын пайдалы еңбекке деген аңсарын тудыруы керек» -деп жазады.

А. С. Макаренко, Н.К.Крупская,В. А. Сухомлинский де еңбекке үлкен мән берген. Октябрь революциясынан кейінгі алғашқы жылдары мектептің жаңа түрін құру туралы мәселе туындаған кезде жасөспірімдерді, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекпен тәрбиелеу мәселесі өте өткір болды. Бүгінде біз үшін, ең болмағанда жалпы тұрғыдан алғанда, бұл жылдардағы еңбек тәрбиесінің даму беталысын зерттеу маңызды, себебі олар қоғамдық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеуге шешуші әсер етті.


Сонымен, мектеп жасына дейінгі бала еңбек ете ала ма? Егер ол еңбек ете алса, онда оның еңбегінің ересек адамның еңбегінен айырмашылығы неде?


Алғашқы айырмашылық - баланың өз жұмысында


әлеуметтік маңызды материалдық құндылықтарды жасамайтындығы. Мәселе баланың еңбегінің ешқандай нәтиже бермейтіндігінде емес, оның жасаған істерінің ешкімге қажет

202

болмауында. Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің қоғамдық маңызы бар.
Ежелгі уақытта, балалық шақ қысқа болып, баланың ересектерге арналған әрекеттерге ерте қосылған кезінде, оның жұмысы да әлеуметтік маңызды болды. Дегенмен, қазіргі заманғы бала, әсіресе, мектеп жасына дейінгі бала, өндіріске қосыла алмайды және тиісінше материалдық құндылықтарды жасай алмайды. Балалардың жұмысы тәрбиелеу сипатына ие, ересектер оған солай қарайды. Еңбек баланың өзін-өзі танудағы, өз мүмкіндіктері туралы білудегі қажеттіліктерін қанағаттандырады, оны ересек адамдармен жақындастырады - бұл әрекетті осылайша баланың өзі қабылдайды (әрине, бұл түсінік ғылыми терминге кірмейді).

Бала еңбегінің айрықша ерекшелігі ойынға деген жақындығы болып табылады. Балалар еңбек міндеттерін орындай отырып, көбінесе ойын ойнап кетеді - суға түсіп жатып, сумен ойнайды, еңбек әрекетін ойынға айналдырады және т.б.


Кіші мектеп жасына дейінгі кезеңде жұмыс үдерісін ойынға айналдыру ниеті анық көрінеді, бірақ тіпті үлкен мектеп жасына дейінгі балалар да еңбек әрекеттерін немесе құралдарын меңгермейінше, олармен ойнап, оларды ойынға айналдырады. Және әрдайым еңбекпен байланысты ойын жағдайын қуана қабылдайды.


Еңбек үдерісінде балалар еңбек дағдылары мен шеберлігін үйренеді . Бірақ бұл кәсіби дағдылар емес (мысалы, металл жонушы немесе темір ұстасы сияқты), бұл - балаға ересектен тәуелсіз, өздігінше қалыптасуға көмектесетін дағдылар. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі тұрақты материалдық сыйақыға ие емес.


Баланың еңбегі ситуациялық, міндетті емес сипатқа ие, оның болмауынан баланың дамып келе жатқан адамгершілік бейнесі зардап шегеді, өйткені еңбек тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін дамытады.



203

Еңбек тәрбиесінің міндеттері

Ю.К.Бабанскийдің, В.И.Логинованың, В. Г. Нечаеваның жіктемесінің негізінде міндеттердің екі тобын бөліп қарауға болады: балаға еңбек қызметін игеруге көмек (қызмет құрылымдарын игеру, еңбек дағдыларын, іскерлігін меңгеруге); еңбек арқылы бала тұлғасын дамыту (тұлғаның қасиеттерін, сапасын дамыту, өзара қарым-қатынасты қалыптастыру және өзара әрекеттің әлеуметтік тәжірибе жинау) .


Бұл міндеттерді педагог-ппрактик шешеді.



Ю. К. Бабанский

В.И.Логинова

В. Г. Нечаева










Еңбекке қарым-

Еңбекке қарым-

Еңбек дағдылары

қатынасты

қатынасты

мен шеберлігін

тәрбиелеу;

қалыптастыру;

қалыптастыру;

еңбек

еңбек жасауға

еңбекке қарым-

адамдарына қарым-

қажеттілікті

қатынасты

қатынасты

тәрбиелеу;

тәрбиелеу,

тәрбиелеу;

Еңбектің негізгі

еңбексүйгіштіктің

еңбек жасауға

түрлерінде еңбек

негізін қалау;

қажеттілікті

білімін, дағдысын,

тұлғаның

қалыптастыру;

шеберлігін игеру

адамгершілік-ерік

мамандықты




қасиеттерін

таңдауға дайындық




тәрбиелеу;







еңбек қызметінің







дағдыларын игеру;







ересектер







еңбегіне қарым-







қатынасты

Бүгін де мұғалім-зерттеушінің алдында түрлі жастағы балаларға арналған еңбек мазмұнының тәжірибелік тексеру және әзірлеу, еңбекті ұйымдастыру құралдары, әдістері мен нысандарын әзірлеу, бала дамуына әсер етуші механизмді зерттеу сынды ауыр және жауапты міндеттер тұр. Осы мәселелермен ғылым әрқашан жұмыс істеді, және бүгінгі күні ол олардың көпшілігі жауап берді.


Мазмұны бойынша мектеп жасына дейінгібалалардың еңбегі
204
төрт түрге бөлінеді: өзін-өзі қамтамасыз ету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғатта еңбек жасау, қолөнер және көркемдік еңбек (В.Г.Нечаева, Г.Н.Година, Д.В.Сергеева, Р.С.Буре, Л.И.Захаревич және т.б.).


Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің мазмұны (түрлері)


Өзіне-өзі қызмет ету— баланың өзіне қызмет көрсетуге бағытталған еңбегі (киім кию-шешу, тамақтану, санитариялық-гигиеналық шаралар). Әрекет сапасы мен оны ұғыну әртүрлі балада әртүрлі, сондықтан өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру міндеті мектеп жасына дейінгі барлық кезеңдерде

өзекті болып табылады. Кіші топтарда тәрбиеші іс-әрекеттерді қалай жүргізу керектігін көрсетеді: шұлықтарды, көйлектерді киюге ыңғайлы болу үшін қалай ұстау керек екенін үйретеді. Көрсету біртіндеп, түсіндіре отырып, көрсетілуі керек. Балаға: «Міне, шұлықтар, оларды осылай ұстап, киіңдер», -деп жай айта салуға болмайды. Бала үшін барлығы қиын: резеңкені алып, оны созу да, аяқтарын бір шұлыққа емес, екі шұлыққа кіргізу де қиын. Алдымен ересек адам оған әр сатыда көмектеседі, уақыт өте келе ол өз көмегінің, қолдауының, кеңестерінің үлесін азайтады.


Кейде балаға қате жіберсе, содан кейін бірге отырып, қатенің
себебін талдауға болады. Ересек адам қайталанатын қателіктерге наразылық білдірмей, шыдамдылық танытуы керек, бұл өте маңызды. Демек, ол балаға дұрыс түсіндіре алмады, бала үшін не түсініксіз болуып қалғанын байқамады. Бала үшін оған еңбек дағдыларын игеру қиындыққа соғатын жолда оны кез келген, тіпті ең кішкентай сәттілікте мақтау өте маңызды. Еңбек бала үшін ересек адамның қалауын орындау және жүктелген міндет болмауы керек, еңбек бала үшін жетістікке жетелеу жолы болу керек. Әйтпесе, көп ұзамай бала белгілі бір әрекеттерден бас тартады. Нәтижесінде ересек адам кінәлі болып, шиелініс

205

туындайды.
Кейде, тіпті бала қандай да бір іс-әрекетті үйренсе, оны «еркелетуге» болады: «Кәнекей, бүгін мен саған көйлекті өзім кигізейін, сені кішкентай ханшайым деп ойлайық». Өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасып, табысты жүзеге асырылған жағдайларда, әдетте, балалардың көмектен бас тартатынын атап өткен жөн. Олар барлық нәрсені «үлкендер» сияқты жасағанды жақсы көреді, ал ересектердің көмегі оларды ренжітеді. Ұқсас ойын шарттарын «балалыққа қайта оралғысы келетін» ересектеу (4-5 жас) балалар қабылдауы мүмкін.

Өзіне -өзі қызмет көрсету еңбегін оқытқанда, тәрбиеші суреттер қарауды қолданады.Олар әрекеттер реті бойынша пікір қалыптастыру үшін пайдалы. Сондай-ақ, балаларға өздерінің түймелерін тағуды, аяқ-киімінің бауын тағуды үйретуге көмектесетін арнайы оқу құралын қолдануға кеңес беріледі (М.Монтессоридің материалдарына жүгініңіз). Балаға оң әдістерді көрсету, белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын жеңілдететін «кішкентай құпияларды» таныстыру (жейденің түймелерін үстінен бастап емес, төменнен бастап тағу керек, онда сіз қалай тағып жатқаныңызды байқайсыз, соңғы түймесін және соңғы ілмектерді көре аласыз) керек.


Балаларды тамашалайтын және оларды оқытатын қуыршақ театрының кейіпкерлері, ойыншықтар оқу үдерісін тартымды етеді, эмоциялық жағынан қанықтырады. Балаға поэтикалық сөздер де, әндер де, әзілдер де көмектеседі.


Өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша еңбектің мазмұны әртүрлі жас кезеңдерінде және балалардың еңбек дағдыларын игеру өлшеміне қарай өзгереді. Егер бала өз бетінше киіну әдісін игерген болса, онда оны ұқыпты, әдемі, тез арада жасауға, сыртқы көрінісін, шаш үлгісін қарауға үйрету керек. Балалардың бойында заттарға мұқият қарау, киімді кірлетпеу, жыртып алмау, оны дұрыстап жинау әдебін тәрбиелейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет