211
түрде жүзеге асырғымыз келсе, ақыл-ой еңбегі кез келген басқа
бала еңбегімен қоса жүреді (бірге болуы керек).
Балалардың
ақыл-ой еңбегіне деген қызығушылығын және құрметін
тәрбиелеу керек, адамдар үшін және белгілі бір бала үшін оның
маңыздылығын көрсету керек. Балалармен жұмыста ғалымдар,
өнертапқыштар туралы әңгімелер (осы мәселе «Әлеуметтік
шындықпен балаларды таныстыру әдісі» курсы шеңберінде
толығырақ талқыланады) көмектеседі. Баланың ақыл-ой еңбегі
еңбек қызметінің барлық құрылымдық компоненттеріне ие:
себептері, мақсаттары, үдерісі, нәтижесі. Ол
білім беру ісінде
де, күнделікті өмірде де жүзеге асырылады. Кез-келген басқа
жұмыс секілді, ұйымдастырудың өзіндік формалары да бар.
Достарыңызбен бөлісу: