276
Ойын тәсілдеріне жұмбақтарды жасыру және шешу, жарысу
элементтерін енгізу, ойын жағдайын қалыптастыру ( мысалы,
«Аюға біздің ойыншықтарды көрсетейік»; «Петрушкаға қол
жууды үйретеміз»; «Қоянға суреттерді ретімен тізуге
көмектесеміз»)
Сөздік әдістер
Сөздік әдістер мен тәсілдер аз
уақыт ішінде балаларға
ақпарат беруге, оларға оқу талабын қоюға, оны орындау
жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сөздік әдістер мен
тәсілдер
көрнекілік, ойындық, практикалық әдістермен үйлесе
отырып, оларды барынша нәтижелі етеді. Таза сөздік әдістер
мектепке дейінгі білім беруде шектелген. Мектепке дейінгі
жаста, қоршаған орта туралы алғашқы пікірлер қалыптасу
сатысында
тек қана оқып беру, айтып беру әрекеттері
жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда сезімдік тануды қамтамасыз
ету немесе заттардың нақты өзін және олардың суреттерін
көрсету қажеттілігі туады. Балалардың
тәжірибесі ұлғайған
сайын көрнекі материалдардың саны азаяды, өйткені
балалардың көбінесе сөздік формада берілетін оқу материалын
түсіну қабілеттері бара-бара дами бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: